Ауа райы және құпиялылық

Сіздің жеке басыңызға байланысты емес геолокацияңыз тиісті ауа райы болжамын ұсыну үшін Apple компаниясына жіберіледі. Қолайсыз ауа райы туралы хабарландыруларды қоссаңыз, Apple осы хабарландырулардың елін немесе аймағын Apple ID аккаунтыңызбен байланыстыра алады.
 

«Ауа райы» қолданбасы жеке ақпаратыңызды қорғау мақсатында жасалған.

Privacy Icon

  • Егер «Ауа райы» қолданбасына геолокация деректеріңізге қол жеткізуге рұқсат етсеңіз, геолокацияңыз тиісті ауа райы болжамын ұсыну үшін Apple компаниясына жіберіледі. Геолокацияңыз сіздің жеке басыңызға байланысты емес.
  • Өзіңізге қажетті аймақтың ауа райы болжамы бойынша сұрау жіберсеңіз, бұл ақпарат Apple компаниясына сол аймақтың болжамын ұсыну үшін жіберіледі. Бұл ақпарат жеке сізге қатысты емес.
  • Қолайсыз ауа райы туралы хабарландыруларды қоссаңыз, Apple осы хабарландырулардың аймағын Apple ID аккаунтыңызбен байланыстыра алады.

Жеке деректердің құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету барлық Apple қызметкері үшін басымдық болып табылады. Біз ұсынатын сервистерді жақсарту үшін тек қажетті деректерді жинауға бар күшімізді саламыз. Саналы шешім қабылдауыңыз үшін, деректерді жинаған кезде оларды жинау туралы, сондай-ақ жинау себебі туралы хабардар етеміз. «Ауа райы» қолданбасы басқа да Apple өнімдері мен сервистері сияқты осы қағидаларға негізделіп жасалған.

«Ауа райы» қолданбасын түсіну және жақсарту үшін Apple қолданбаны бір күндегі алғаш рет іске қосқан кезіңіз туралы шектеулі ақпаратты жинайды. Бұл ақпараттың жеке басыңызға қатысы жоқ.

Егер «Ауа райы» қолданбасына геолокация деректеріңізге қол жеткізуге рұқсат етсеңіз, геолокацияңыз тиісті ауа райы болжамын ұсыну үшін Apple компаниясына жіберіледі. Өзіңізге қажетті аймақтың ауа райы болжамы бойынша сұрау жіберсеңіз, бұл ақпарат Apple компаниясына сол аймақтың болжамын ұсыну үшін жіберіледі. Болжамдарды ұсыну үшін Apple тарапынан жиналатын ақпарат сіздің жеке басыңызға байланысты емес.

Қолайсыз ауа райы туралы хабарландыруларды қоссаңыз, «Ауа райы» қолданбасы осындай хабарландырулар қосылған әр геолокацияны белгілі бір аймақпен салыстырады. Аймақ ретінде ел болуы мүмкін немесе кейбір елдер үшін (мысалы, АҚШ және Канада) аймақ кем дегенде 500 000 халқы бар аумақ болуы мүмкін. Осындай хабарландырулар алу функциясы қосылған аймақтардың тізімі Apple компаниясына жіберіледі және оны Apple ID-мен байланыстыруға болады. Apple компаниясы осы мүмкіндікті қосу және құрылғыға хабарландыруларды жеткізу үшін аймақтар тізімін пайдаланады. «Ауа райы» қолданбасы құрылғыңыздағы аймақтық хабарландыруларды қолайсыз ауа райы туралы хабарландырулар қосылған белгілі бір орындар негізінде сүзгілейді, сонда тиісті хабарландырулар алатын боласыз.

Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді

2024 жылғы 22 қаңтары