VPN және құпиялылық

Белгілі бір желілік трафиктің бағытталуын бақылау үшін VPN желілерін баптауға болады.

Виртуалды жеке желі (VPN) — IP мекенжайыңызды сіз кіретін және өзара әрекеттесетін веб-сайттар мен сервистерден жасыратын жолмен құрылғыңыздан белгілі бір желі трафигін шифрлай және бағыттай алатын қызмет. VPN белсенді болса да, құрылғы дұрыс жұмыс істеуі үшін, маңызды жүйелік сервистер үшін қажетті кейбір трафик VPN желісінен тыс орын алады.

Қалаған VPN конфигурациясын App Store дүкенінен жүктеп алып, оны құрылғыңызға орнатуға болады. Жұмыс беруші немесе мектеп сияқты мекемелер, сондай-ақ өздері басқаратын құрылғыларда (Apple Watch немесе Apple TV) VPN конфигурацияларын баптай алады. Сондай-ақ iOS немесе iPadOS құрылғыларында VPN желісін қолмен қосуға болады, ол үшін «Реттеулер» > «Жалпы» «VPN және құрылғыны басқару» > «VPN» тармағына өтіп, содан кейін «VPN конфигурациясын қосу» опциясын түртіңіз және тиісті ақпаратты енгізіңіз. Mac компьютерінде «Жүйе реттеулері» > «Желі» тармағына өтіп, «Қосымша» түймесін басыңыз, содан кейін «VPN конфигурациясын қосу» опциясын таңдап, тиісті ақпаратты енгізіңіз.

Тек сенім артатын VPN сервисін пайдалану маңызды. VPN конфигурациясы орнатылған және белсенді болғанда, VPN провайдері сіздің желідегі әрекетіңізді көруі, ұстап қалуы және өзгертуі мүмкін. VPN провайдерінің сервисі және деректеріңізді өңдеу жолы туралы толығырақ білу үшін оның құпиялылық тәжірибелерін қарап шығуыңыз керек. Үшінші тарап қолданбасын пайдаланғанда немесе Apple басқармайтын веб-сайттарға кіргенде, Apple компаниясы құрылғыңызда VPN сервисін пайдалануыңыз туралы ақпаратты сізді анықтау үшін жинамайды.

VPN провайдерлері VPN конфигурациясының жұмыс істеу жолын, соның ішінде трафик құрылғыдан шыққан кезде қалай бағытталатынын, оның шифрланған-шифрланбағанын және сіз қосылған веб-сайттарда қандай деректер қолжетімді екенін бақылайды.

«iCloud жеке торабы» қосылған кезде VPN конфигурациясы орнатылған және белсенді болса, VPN конфигурациясы басқа жағдайда «Жеке торап» арқылы қорғалатын интернет қосылымдарының бағытын анықтайды.

Құрылғыңыздың барлық желі трафигі белсенді VPN арқылы бағытталмайды. Қолданба әзірлеушісі тек қолданбасы үшін ұялы байланыс сияқты қажетті қосылым түрін көрсетсе, белсенді VPN конфигурацияларында сол қолданбадан келетін желі трафигі алынып тасталады. Дегенмен iOS және iPadOS құрылғыларыңызда VPN провайдеріңіз бұл таңдауды қайта анықтауды таңдай алады және көптеген қолданбалардың, сервистер мен жүйе функцияларының желі трафигін белсенді VPN конфигурациясынан тыс бағыттауын болдырмайды.

Маңызды жүйелік сервистер үшін қажетті кейбір трафик белсенді VPN конфигурациясы арқылы бағытталмайды, мысалы, жергілікті желінің маршрутизаторларымен тікелей қосылымдар (желі қосылымын орнату және қолдау үшін қажет) және тек ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін кейбір ұялы байланыс сервистері (қолжетімді болса, көрнекі дауыстық поштаны қамтуы мүмкін).

2023 жылғы 18 қыркүйек