Теледидар провайдері және құпиялылық

«Теледидар провайдері» функциясы жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

«Теледидар провайдері» функциясы теледидар провайдеріңізге және үшінші тарап қолданбаларына теледидар жазылымдарының аккаунты туралы ақпарат алуға және сол ақпаратты бөлісуге мүмкіндік береді. Сонда теледидар провайдерінің аккаунтына бір рет кіргеннен кейін, әр кез жүйеге кірмей-ақ, үшінші тарап қолданбаларындағы теледидар провайдерінің жазылымына қосылған телешоуларға, фильмдерге және басқа материалдарға автоматты түрде қол жеткізуге болады.

Теледидар провайдерінің аккаунтына кірген кезде, теледидар провайдерінің аккаунты қолдайтын қолданбалар аккаунтыңызды пайдалану үшін бір уақытта қосылады. Теледидар провайдерінің аккаунтына кіргеннен кейін, басқа қолданбалар сіз қолданатын теледидар провайдерінің аккаунтына кіруді сұрауы мүмкін.

Теледидар провайдерінің аккаунтына кірген кезде, құрылғыңыз теледидар жазылымының аккаунты туралы кейбір ақпаратты (мысалы, теледидар провайдерінің атауы және көрсетілетін пайдаланушы аты) құрылғыда сақтайды. Бұл ақпарат осы функцияны қосу және теледидар провайдеріңіз бен үшінші тарап қолданбалары арасында жазылым туралы ақпарат алмасу үшін пайдаланылады. Теледидар провайдеріңіз жазылым аккаунты туралы ақпаратты сіз қосқан кез келген қолданбамен бөлісе алады, сонда оның кейбір жазылымдарына немесе контент ұсыныстарына қол жеткізу мүмкіндігіңізді тексеруге болады. Бұл ақпарат жазылым үшін пайдаланылатын пайдаланушы идентификаторын, үй шаруашылығының идентификаторын және аккаунттың пошта индексін, сондай-ақ жазылым пакетінің мәліметтерін қамтуы мүмкін.

Теледидар провайдерінің аккаунтына кіргеннен кейін, біз жазылымыңыз арқылы қолжетімді контенті бар және Apple TV қолданбасына қосыла алатын үшінші тарап қолданбаларын іздеу үшін жазылымыңыз туралы ақпаратты қолданамыз.

«Теледидар провайдері» мүмкіндігін кез келген уақытта өшіруге болады. Ол үшін iOS құрылғысында «Реттеулер» > «Теледидар провайдері» > «Теледидар провайдерін жою» тармағына өтіңіз. Ол үшін tvOS құрылғысында «Реттеулер» > «Пайдаланушылар және аккаунттар» > «Теледидар провайдері» > «Теледидар провайдерін жою» тармағына өтіңіз. Бұл әрекеттен кейін теледидар провайдерінің аккаунтынан шығасыз. Сондай-ақ әр қолданбаны бөлек өшіруге болады.

«Теледидар провайдері» функциясын қосу арқылы сіз теледидар провайдеріңізге және өзіңіз қосқан кез келген үшінші тарап қолданбаларына теледидар жазылымының аккаунты туралы ақпарат алмасуға және оны пайдалануға рұқсат бересіз. Осы ақпаратты бөлісу және пайдалану әрекеттері тиісті пайдалану шарттарына, құпиялылық саясатына және тәжірибелерге сәйкес орындалуы керек. Қандай да бір ақпаратты бөлісуден бұрын, теледидар провайдеріңіздің және кез келген ұқсас үшінші тарап қолданбаларының пайдалану шарттары, құпиялылық саясаты және тәжірибелерімен танысып, олардың теледидар жазылымының аккаунты және оған қатысты мәліметтер туралы ақпаратты қалай пайдаланатынын және бөлісетінін түсініп алуыңыз керек.

Apple компаниясы жинаған ақпарат Apple компаниясының құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді

2022 жылғы 12 қыркүйек