SMS сүзгілері және құпиялылық

SMS сүзгілері белгісіз SMS және MMS хабарларын анықтауға және сүзгілеуге мүмкіндік береді.

Үшінші тараптың SMS сүзгілерін орнатуға және пайдалануға болады. Бұл жағдайда сүзгіні ұсынатын әзірлеуші белгісіз жіберушілерден алынған SMS пен MMS кіріс хабарлардың толық мәтініне және мазмұнына қол жеткізе алады. Бұл хабарлар банктер мен басқа мекемелердің тексеру кодтарын, сондай-ақ SMS пен MMS хабарларында болуы мүмкін басқа жеке және құпия ақпаратты қамтуы мүмкін. Үшінші тарап әзірлеушісі ұсынған SMS спам сүзгісін пайдаланған кезде, сізге осы сүзгі әзірлеушісінің шарттары, құпиялылық саясаты және тәжірибелері қолданылады. Осындай үшінші тараптардың шарттарымен, құпиялылық саясаттарымен және жұмыс істеу әдістерімен танысуға кеңес береміз. Үшінші тарап әзірлеушісі ұсынған SMS спам сүзгісін жою үшін «Реттеулер» > «Хабарлар» > «Белгісіз және спам» тармағына өтіп, сүзгіні тізімнен жойыңыз.

SMS немесе MMS хабарына үш рет жауап бергеннен кейін немесе жіберушіні контактілерге қосқаннан кейін, осы жіберушіден келген SMS және MMS хабарлары енді белгісіз жіберушіден алынғандай сүзгіден өтпейді.

Бразилия мен Үндістандағы «Хабарлар» пайдаланушыларына арналған ақпарат

Пайдаланушыларға хабарларын ұйымдастыруға көмектесу үшін SMS сүзгісі әдепкі бойынша қосылған. Құрылғыдағы машиналық оқыту құралын қолдана отырып, белгісіз жіберушілердің хабарларын екі ішкі санат бойынша сұрыптауға болады: Транзакциялар немесе жарнама. SMS сүзгісі Apple компаниясына «Хабарлар» қолданбасы ішіндегі қандай да бір мазмұнды немесе деректі жібермейді. SMS сүзгісін «Реттеулер» > «Хабарлар» > «Белгісіз және спам» тармағына өтіп, тізімнен «Жоқ» опциясын таңдау арқылы кез келген уақытта өшіруге болады.

2022 жылғы 12 қыркүйек