Жылдам пәрмендерді бөлісу және құпиялылық

«Пәрмендер» қолданбасы жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

Галереядан тыс алынған жылдам пәрмендерді тексеруіңіз қажет

Интернеттен жүктеп алынған немесе сізге басқа адамдар жіберген жылдам пәрмендерді Apple компаниясы тексермеуі мүмкін. Apple компаниясы мұндай жылдам пәрмендердің мазмұнын немесе функционалдығын бақыламайды және олар үшін жауап бермейді. Интернеттен жүктеп алынған немесе басқа адамдардан алынған барлық жылдам пәрменнің күтілгендей жұмыс істейтіндігіне көз жеткізу үшін оларды мұқият тексеру керек.

Жылдам пәрмендердің геолокация (нақты немесе шамамен берілген), контактілер, медициналық деректер, төлем туралы ақпарат немесе құжаттарыңыздың мазмұны сияқты жеке деректеріңізге қол жеткізу мүмкіндігін басқаруға болады. Жылдам пәрмен қол жеткізе алатын деректерді осы жылдам пәрмен туралы мәліметтер бөлімінде тексеруге және өңдеуге болады.

Сіз бөлісетін жылдам пәрмендер Apple компаниясына жіберіледі

Егер сіз жылдам пәрменді жасап, оны бөлісетін болсаңыз, онда мұндай жылдам пәрмен және оған енгізілген кез келген контент сіздің тарапыңыздан бөлісу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін Apple компаниясына жіберіледі. Ортақ қолданыстағы жылдам пәрмендер Apple өнімдері мен сервистерін сіздің жеке басыңызды анықтауға мүмкіндік бермейтін әдіспен жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін. Жылдам пәрмен және оның мазмұны ортақ веб‑сілтемеге қол жеткізе алатын кез келген адамға қолжетімді болады. Содан кейін бұл адам сіздің ортақ қолданыстағы жылдам пәрменіңіздің көшірмесін және оған енгізілген барлық мазмұнды көшіре, сақтай, өзгерте және тарата алады. Қажетті құқықтарыңыз жоқ мазмұнды қамтитын немесе басқалардың құқықтарын немесе заңды бұзатын жылдам пәрмендерді жасамаған және бөліспеген жөн. Apple компаниясы сіз бөлісетін жылдам пәрмендерді тексеруге міндетті емес, бірақ Apple компаниясы сіз бөліскен кез келген жылдам пәрменді көре, өшіре немесе жоя алады.

«Пәрмендер» қолданбасының реттеулерінде жылдам пәрмендерді бөлісу функциясын қосуға болады.

Жылдам пәрмендер iCloud көмегімен құрылғыларыңыз арасында синхрондалады. Егер жылдам пәрмендерді синхрондағыңыз келмесе, бұл функцияны өшіруге болады. Ол үшін iOS немесе iPadOS құрылғысында «Реттеулер» > «[атыңыз]» > «iCloud» тармағына өтіп, «Пәрмендер» параметрін өшіру үшін басыңыз немесе «Реттеулер» > «Пәрмендер» тармағына өтіп, «iCloud сервисімен синхрондау» параметрін өшіріңіз. Mac компьютерінде «Жүйе реттеулері» > «[сіздің атыңыз]» > «iCloud» тармағына өтіп, «Пәрмендер» параметрінен құсбелгіні алып тастаңыз немесе «Пәрмендер» қолданбасында «Реттеулер» бөліміне өтіп, «iCloud сервисімен синхрондау» параметрінен құсбелгіні алып тастаңыз.

Apple жеке деректерді жинау мақсаттарын орындау үшін қажет болғанша және Apple құпиялылық саясатына сәйкес немесе заң талап еткендей ғана сақтайды. Сақтау мерзімдерін бағалау кезінде алдымен жиналған жеке деректерді сақтау қажеттігін мұқият тексереміз және сақтау қажет болса, жеке деректерді заңмен рұқсат етілген ең қысқа мерзім ішінде сақтау үшін жұмыс істейміз.

Apple компаниясы жинаған ақпарат әрқашан Apple компаниясының құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді

2023 жылғы 18 мамыр