Қауіпсіздік функциялары және құпиялылық

Құрылғыңыз төтенше жағдай қызметтеріне қоңырау шалғанда немесе өзіңіз мәтіндік хабар жіберсеңіз, қауіпсіздік функциялары геолокацияңызды бөлісуі мүмкін. Содан кейін төтенше контактілермен де байланысуға және геолокацияңыз туралы хабарлауға болады.
 

Қауіпсіздік функциялары жеке ақпаратыңызды қорғау және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беру мақсатында жасалған.

Privacy Icon

  • Төтенше жағдай қызметтеріне қоңырау шалу үшін қауіпсіздік функцияларын пайдалану кезінде, қоңырау шалынса немесе мәтіндік хабар жіберілсе, ол жауап беруге жәрдем беру үшін құрылғыңыздың геолокациясын (геолокация сервистерінің қосулы не өшірулі екеніне қарамастан) қамтуы мүмкін.
  • Қоңырау аяқталғанда, құрылғыңыз төтенше контактілеріңізге төтенше SOS қоңырауының шалынғанын хабарлап, геолокацияңызды қамтитын хабарды жібереді.
  • Кейбір қауіпсіздік функциялары автоматты түрде қосылуы мүмкін.

Төтенше қоңырау — SOS

Төтенше жағдай қызметтеріне қоңырау шалатын «Төтенше қоңырау — SOS» функциясын пайдаланған кезде, геолокация сервистерінің қосулы болу-болмауына қарамастан, диспетчердің сізге көмектесуіне мүмкіндік беру үшін қоңырау шалғанда геолокацияңыз және медициналық картаңыз (бар болса) көрсетілуі мүмкін. Геолокацияңыз туралы деректер және медициналық картаңыз туралы шифрланған ақпарат Apple компаниясына жіберіледі. Бұл мәлімет сіз орналасқан аймақта төтенше жағдай бойынша қосымша деректер сервисіне қолдау көрсетілетінін тексеру және деректерді төтенше жағдай қызметтеріне ұсыну үшін пайдаланылады. Егер сіз тұратын аймақта қызмет көрсетілсе, серіктес компаниялар жеке ақпаратыңызды Apple компаниясынан алып, оны төтенше жағдай қызметтеріне ұсына алады. Apple компаниясы медициналық картаңыздағы ақпаратты оқи алмайды. Қоңырау аяқталғаннан кейін, хабар жіберу әрекетінен бас тартпасаңыз, төтенше жағдайда қажет контактілерге және «Байланысқа шығу» контактісіне («Байланысқа шығу» сеансы қосулы болса) төтенше жағдай қызметтеріне қоңырау шалынғаны туралы хабар автоматты түрде жіберіледі. Бұл хабар ағымдағы геолокацияңызды да қамтиды және геолокацияңыз өзгерген сайын, құрылғыңыз шектеулі уақыт ішінде төтенше контактілеріңізге және белсенді «Байланысқа шығу» контактісіне жаңартулар жібереді. Геолокацияңызды төтенше контактілерге немесе белсенді «Байланысқа шығу» контактісіне жібергіңіз келмесе, iPhone құрылғыңызда «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Геолокация сервистері» > «Жүйелік сервистер» тармағы арқылы өтіп, «Төтенше қоңыраулар және SOS» функциясын өшіріңіз.

Төтенше қоңырау — SOS және құпиялылық туралы қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжай бойынша өтіңіз: www.apple.com/legal/privacy/data/kz/emergency-sos.

Медициналық карта туралы толығырақ ақпарат алу үшін «Реттеулер» > «Денсаулық» > «Медициналық карта» > «Төтенше жағдайда қол жеткізу» тармағына өтіп, «Толығырақ ақпарат алу» түймесін түртіңіз.

Геолокация сервистері туралы толығырақ ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: www.apple.com/legal/privacy/data/kz/location-services.

Жерсерік арқылы төтенше қоңырау — SOS

«Жерсерік арқылы төтенше қоңырау — SOS» функциясы көмекке шақырудың басқа тәсілдері болмаған ерекше жағдайларда төтенше жағдай қызметтерімен байланысуға көмектесе алады. Бұл сервис түрі аймаққа немесе жағдайға байланысты қолжетімді болмауы мүмкін.

Төтенше жағдай қызметтерімен хабар алмасу үшін аспан анық көрінетіндей ашық болуы және құрылғыңыз бен жерсерік дәл туралануы керек. Жерсеріктік қосылым дәстүрлі желілерге қарағанда мүлдем басқаша жұмыс істейді. Нәтижесінде дәстүрлі мәтіндік хабарлармен салыстырғанда, хабарларды жіберу және қабылдау процесі ұзағырақ болуы мүмкін және қолжетімділікте ағаттықтар болуы мүмкін.

Кей жерлерде төтенше жағдай қызметтерінің орталығымен тікелей хабар алмасуға болады. Егер геолокацияңыз бойынша сізге қызмет көрсететін төтенше жағдай қызметтерінің орталығы мәтіндік хабарлар ала алмаса, үшінші тараптың релелік байланыс жеткізушісі сізге мәтіндік хабар жібереді және сіздің атыңыздан төтенше жағдай қызметтеріне қоңырау шалады. Америка Құрама Штаттарында төтенше жағдай қызметтеріне тікелей жіберілген мәтіндік хабарлар тек латын әліпбиіне қолдау көрсетеді.

Ұялы байланыс немесе Wi-Fi арқылы дауыстық байланыс қолжетімді болған кезде, төтенше жағдай қызметтеріне телефон арқылы хабарласу керек. Алайда бұл жағдайда жерсеріктік қосылым сеансын өңдейтін бірдей төтенше қызмет провайдерімен байланысудың қажеті жоқ.

«Жерсерік арқылы төтенше қоңырау — SOS» функциясы жерсеріктің қолжетімді болуына байланысты және осы мүмкіндікті пайдалануды жалғастыру үшін бағдарламалық жасақтаманы жаңарту қажет болуы мүмкін.

«Жерсерік арқылы төтенше қоңырау — SOS» функциясын пайдаланып хабар мәтінін терген кезде, хабарларыңыз шифрланған түрде жіберіледі, ал Apple компаниясы оларды тиісті төтенше қызмет провайдеріне немесе үшінші тараптың релелік байланыс жеткізушісіне ұсына алатындай етіп шифрын шешіп жібереді. Төтенше жағдай қызметінің орталықтары мен релелік байланыс жеткізушілері сізге қызмет көрсету сапасын жақсарту және қолданыстағы заңдарды сақтау мақсатында сіз жіберген хабарларды өз дерекқорында сақтауы мүмкін.

«Жерсерік арқылы төтенше қоңырау — SOS» функциясын қолданған кезде, мәтіндік хабарларыңызды жергілікті төтенше жағдай қызметтеріне бағыттау және олардың сізбен байланысуына жәрдемдесу үшін сіздің геолокацияңыз Apple компаниясына, төтенше жағдай қызметтеріне мәтіндік хабарлар бағыттайтын провайдерлерге және үшінші тараптың релелік байланыс жеткізушілеріне хабарланады. «Локатор» желісіндегі жерсерік арқылы жіберілген геолокация деректері өтпелі шифрлаумен қорғалған және оларды Apple компаниясы оқи алмайды.

Төтенше жағдай қызметіне хабарласқан кезде, сол байланыс сеансы туралы мәтіндік жазбаны, төтенше жағдайдың сипаты мен геолокацияңыз туралы ақпаратты алдын ала таңдалған төтенше жағдайда хабарласу қажет контактілермен бөлісуге болады. Экранның жоғарғы жағындағы «Бөлісуді тоқтату» түймесін басу арқылы сеанстың мәтіндік жазбаларын бөлісуді кез келген уақытта тоқтатуға болады.

Құлауды анықтау

Apple Watch SE немесе Apple Watch Series 4 немесе одан кейін шыққан нұсқалары қатты құлауды анықтаса, құлауды анықтау туралы ескерту, қажет болса, сізді төтенше жағдай қызметтерімен байланыстыруға көмектесе алады. Төтенше жағдай қызметтеріне хабарласуға немесе ескертуді жабуға болады. Apple Watch сағатыңыз қозғалып жатқаныңызды анықтаса, ескертуге жауап беруіңізді күтіп, төтенше жағдай қызметтеріне автоматты түрде қоңырау шалмайды. Apple Watch сағатыңыз шамамен бір минут бойы қозғалмай жатқаныңызды анықтаса, ол автоматты түрде қоңырау шалады.

Автоматты түрде терілген қоңырау қабылданған кезде, Apple Watch сағатыңыз төтенше жағдай қызметтеріне қатты құлау жағдайын анықтағаны туралы хабарлайтын аудио хабар ойнатады, содан кейін ағымдағы геолокацияңызды ендік пен бойлық координаттары ретінде жібереді. Геолокация сервистерінің қосулы болу-болмауына қарамастан, қоңырау кезінде геолокацияңыз жіберіледі. Төтенше қоңырау кезінде медициналық картаны бөлісу мүмкіндігін бұрын қосқан болсаңыз, медициналық картаңыз төтенше жағдай қызметтеріне (тек АҚШ және Канадада) автоматты түрде жіберіледі. Қоңырау аяқталғаннан кейін, Apple Watch сағатыңыз төтенше контактілеріңізге және «Байланысқа шығу» контактісіне («Байланысқа шығу» сеансы қосулы болса) сағатыңыздың қатты құлауды анықтағанын және төтенше жағдай қызметтерінің нөмірін тергенін хабарлап, геолокацияңызды қамтитын хабарды жіберуге дейін 10 секундтық кері санақты бастайды. 10 секундтық кері санақтан кейін жіберілетін хабарды төтенше контактілерге және белсенді «Байланысқа шығу» контактісіне жіберуден бас тартуға болады. Apple Watch сағатыңыз төтенше контактілеріңізді медициналық картаңыздан алады.

Құлау анықталғанда, автоматты түрде терілетін қоңырау төтенше қызметтерге қосыла алмаса және сіз қозғалмай қалсаңыз, iPhone төтенше қызметтерге шектеулі мәтіндік ақпаратты (мысалы, геолокацияңыз, аккумулятордың қызмет ету мерзімі және төтенше жағдайдың сипаты) автоматты түрде жіберу үшін жерсеріктік қосылым арқылы «Төтенше қоңырау — SOS» қолданбасын пайдалануға әрекет жасай алады. Шектеулі ақпарат (мысалы, геолокацияңыз, төтенше жағдайдың сипаты) сіздің атыңыздан төтенше контактілерге және белсенді «Байланысқа шығу» контактісіне де жіберіледі.

Apple Watch сағатыңыз сұрағанда, құламағаныңызды айтқанша, құлау жағдайлары автоматты түрде «Денсаулық» қолданбасына жазылады. Құлау жағдайларының тарихын көру үшін iPhone құрылғыңызда «Денсаулық» қолданбасын ашып, «Іздеу» > «Басқа деректер» > «Құлау саны» тармағына өтіңіз.

Құлауды анықтау опциясын iPhone құрылғыңыздағы Apple Watch қолданбасынан қосуға немесе өшіруге болады, ол үшін «Менің сағатым» > «Төтенше қоңырау — SOS» тармағына өтіп, «Құлауды анықтау» опциясын қосу немесе өшіру үшін оны түртіңіз. «Құлауды анықтау» функциясы қосылған жағдайда, «Әрдайым қосулы» немесе «Тек жаттығулар кезінде қосулы» опциясын түртуіңізге болады. Жасыңызды Apple Watch сағатын баптаған кезде немесе «Денсаулық» қолданбасына енгізген болсаңыз және 55 жастан асқан болсаңыз, «Құлауды анықтау» функциясы автоматты түрде қосылады. Жасыңыз 18 - 55 жас аралығында болса, «Құлауды анықтау» функциясы тек жаттығулар кезінде автоматты түрде қосылады. Төтенше жағдай қызметтеріне автоматты түрде қоңырау шалу үшін сағатыңызда «Білекті анықтау» функциясы қосылып тұруы керек. Мұны Apple Watch сағатында істеу үшін «Реттеулер» > «Құпиякод» тармағына өтіп, «Білекті анықтау» параметрін қосу үшін түртіңіз. «Құлауды анықтау» функциясы тек 18 жасқа толған адамдар үшін қолжетімді. Apple Watch сағаты кейбір құлау жағдайларын анықтай алмайды.

Апатты анықтау

iPhone 14, iPhone 14 Pro, Apple Watch Ultra, Apple Watch Series 8 немесе Apple Watch SE (2-буын) құрылғысы автомобиль апатын анықтаған жағдайда, төтенше жағдай қызметтеріне қоңырау шалу мақсатында ескерту іске қосылады. Төтенше жағдай қызметтеріне хабарласуға немесе ескертуді жабуға болады. Ескертуге 10 секунд ішінде жауап бермесеңіз, құрылғы автоматты түрде қоңырау шалады.

Автоматты түрде терілген қоңырау қабылданған кезде, құрылғыңыз төтенше жағдай қызметтеріне құрылғыңыздың автомобиль апатын анықтағаны туралы хабарлайтын аудио хабар ойнатады, содан кейін ағымдағы геолокацияңызды ендік пен бойлық координаттары ретінде жібереді. Геолокация сервистерінің қосулы болу-болмауына қарамастан, қоңырау кезінде геолокацияңыз жіберіледі. Төтенше қоңырау кезінде медициналық картаны бөлісу мүмкіндігін бұрын қосқан болсаңыз, медициналық картаңыз төтенше жағдай қызметтеріне (тек АҚШ және Канадада) автоматты түрде жіберіледі. Қоңырау аяқталғаннан кейін, құрылғыңыз төтенше контактілеріңізге және «Байланысқа шығу» контактісіне («Байланысқа шығу» сеансы қосулы болса) өзінің автомобиль апатын анықтағанын және төтенше жағдай қызметтерінің нөмірін тергенін хабарлап, геолокацияңызды қамтитын хабарды жіберуге дейін 10 секундтық кері санақты бастайды. 10 секундтық кері санақтан кейін жіберілетін хабарды төтенше контактілерге және белсенді «Байланысқа шығу» контактісіне жіберуден бас тартуға болады. Құрылғыңыз төтенше контактілеріңізді медициналық картаңыздан алады. Төтенше контактілерге және белсенді «Байланысқа шығу» контактісіне хабарлағаннан кейін, құрылғы экранында төтенше жағдай қызметтеріне хабарласу, медициналық карта туралы ақпаратты ашу немесе ескертуді өшіру опциялары көрсетіледі. iPhone және Apple Watch құрылғылары кейбір автомобиль апаттарын анықтай алмайды. Геолокация туралы ақпарат апаттың орын алған-алмағанын анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Ауыр автомобиль апаты анықталғанда, автоматты түрде терілетін қоңырау төтенше қызметтерге қосыла алмаса және ес-түссіз күйде болсаңыз, iPhone төтенше қызметтерге шектеулі мәтіндік ақпаратты (мысалы, геолокацияңыз, аккумулятордың қызмет ету мерзімі және төтенше жағдайдың сипаты) автоматты түрде жіберу үшін жерсеріктік қосылым арқылы «Төтенше қоңырау — SOS» қолданбасын пайдалануға әрекет жасай алады. Шектеулі ақпарат (мысалы, геолокацияңыз, төтенше жағдайдың сипаты) сіздің атыңыздан төтенше контактілерге және белсенді «Байланысқа шығу» контактісіне де жіберіледі.

«Апатты анықтау» функциясын өшіруге немесе қайта қосуға болады, ол үшін «Реттеулер» > «Төтенше қоңырау — SOS» тармағына өтіп, «Ауыр апатқа түскеннен кейін қоңырау шалу» опциясын қосу немесе өшіру үшін түртіңіз немесе iPhone құрылғыңыздағы Apple Watch қолданбасынан «Менің сағатым» > «Төтенше қоңырау — SOS» тармағына өтіп, «Ауыр апатқа түскеннен кейін қоңырау шалу» опциясын қосу немесе өшіру үшін түртіңіз.

Сондай-ақ «Апатты анықтау» функциясының деректерін iPhone құрылғысына орнатылған үшінші тараптық қолданбамен бөлісуді таңдауға болады. Егер сіз деректерге қол жеткізуге рұқсат берсеңіз, автомобиль апаты орын алған жағдайда, үшінші тарап геолокация деректерін қамтуы мүмкін автомобиль апаты туралы хабарламаны автоматты түрде алады.

iPhone құрылғыңыз автомобиль апатына ұшырағаныңызды анықтағаннан кейін, оған төтенше жағдай қызметтерін шақыруға рұқсат берсеңіз, құрылғыңыз үшінші тарапқа жол апаты туралы хабарламас бұрын төтенше жағдай қызметтеріне қоңырау шалады. iPhone құрылғыңыз автомобиль апатына ұшырағаныңызды анықтағаннан кейін, оған төтенше жағдай қызметтерін шақыруға рұқсат бермесеңіз және автомобиль апаты анықталып, үшінші тараптармен бөлісу функциясы қосулы болса, құрылғыңыз сізге апаттың анықталғаны және бұл жайында деректердің үшінші тараптарға жіберілгені туралы ескерту жібереді. Мүмкін болса, үшінші тараптық қолданбаны пайдалануыңыз керек.

«Апатты анықтау» функциясы арқылы алынған деректерді үшінші тараппен бөлісу қажеттігін таңдауға болады. Ол үшін iPhone құрылғысында «Реттеулер» > «Төтенше қоңырау — SOS» тармағына өтіп, «Қолданбамен апат туралы бөлісу» параметрін қосу үшін түртіңіз.

Компастың бағдар жолдары

Ағымдағы геолокацияңызды бағдар жолы ретінде қосу үшін «Компас» қолданбасын пайдалануға болады, ол сіз жасаған әрбір компастың бағдар жолына дейінгі қашықтықты және бағытты көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Компас» қолданбасы автоматты түрде екі бағдар жолын жасай алады: Ұялы байланыс сигналы соңғы рет қабылданған орын — қосылу мүмкіндігін беретін ұялы желімен қамтылатын соңғы болжалды орын. Ал соңғы төтенше қоңырау шалу нүктесі — iPhone құрылғыңыз немесе Apple Watch сағатыңыз төтенше қоңырау шалу үшін ұялы байланыс операторының қолжетімді желісіне соңғы рет қосылған маршруттағы болжалды орын. Ұялы байланыс сигналы соңғы рет қабылданған орынды немесе соңғы төтенше қоңырау шалу нүктесін жасау үшін құрылғыда «Маңызды геолокациялар» функциясы, ал «Компас» қолданбасында «Нақты геолокация» функциясы қосулы болуы керек. «Компас» қолданбасында сіз жасаған компастың бағдар жолдарын жоюға болады. Ол үшін қолданбада бағдар жолын таңдап, экранның төменгі жағына өтіп, «Бағдар жолын жою» пәрменін таңдаңыз.

Кері жол

Сізге бағдарды бақылауда көмек қажет болуы мүмкін кейбір аймақтарда Apple Watch сағатында қолжетімді «Компас» қолданбасы және кейбір үшінші тарап қолданбалары сіздің соңғы геолокацияларыңызға қауіпсіздік мақсатында бір рет қол жеткізуге рұқсат сұрауы мүмкін. Егер сіз өзіңіздің үйіңіз сияқты таныс жерге жақын немесе қалалық аймақта болсаңыз, бұл геолокациялар кейде қолжетімді болмауы мүмкін. Бұл мүмкіндіктерді пайдалану үшін құрылғыда «Маңызды геолокациялар» функциясы, ал қолданбада «Нақты геолокация» функциясы қосулы болуы керек.

Басқа ақпарат

Кейбір қауіпсіздік функциялары кейбір құрылғыларда, аймақтарда немесе тілдерде қолжетімді болмауы мүмкін. Кейбір аймақтар мен елдерде төтенше жағдай қызметінің бірнеше нөмірі бар. Осы аймақтарда Apple Watch сағаты құлауды анықтау туралы ескерту үшін жедел жәрдем қызметтерімен байланысты нөмірге қоңырау шалады.

Жеке деректерді өңдеу үшін қолданылатын құқықтық негіз

Біз «Төтенше қоңырау — SOS» және «Жерсерік арқылы төтенше қоңырау — SOS» қолданбаларындағы жеке деректеріңізді қызмет көрсету үшін қажет болған жағдайда және заңды міндеттемелерімізді орындау үшін өңдейміз. Келісім тиісті заңды негізге сүйенсе, біз оны қолданыстағы жергілікті заңға сәйкес іздейміз. Қолданыстағы жергілікті заңда қарастырылған жағдайда, біз төтенше жағдай қызметтерінің көрсетілуін жеңілдету, алаяқтықтың немесе қылмыстық әрекеттің алдын алу, сервистерді жақсарту және «Төтенше қоңырау — SOS» және «Жерсерік арқылы төтенше қоңырау — SOS» жүйелері мен архитектураларына қолдау көрсету мақсатында заңды мүдделеріміз үшін қажетті жеке деректердің келесі санаттарын өңдейміз:

  • Геолокацияңыз
  • Сеанстарыңыз туралы ақпарат, мысалы, төтенше жағдай қызметтеріне хабарласу ұзақтығы мен мазмұны
  • Таңдаған төтенше контактілеріңіз

Деректерді сақтау

Apple жеке деректерді тек жинау мақсаттарын орындау үшін қажет болғанша, соның ішінде Apple құпиялылық саясатында немесе қызметке тән құпиялылық туралы хабарламаларымызда сипатталғандай немесе заң талап еткендей сақтайды. Сақтау мерзімдерін бағалау кезінде алдымен жиналған жеке деректерді сақтау қажеттігін мұқият тексереміз және сақтау қажет болса, жеке деректерді заңмен рұқсат етілген ең қысқа мерзім ішінде сақтау үшін жұмыс істейміз.

Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy) сәйкес өңделеді

2023 жылғы 18 қыркүйек