Таңдаулы спорт түрлері және құпиялылық

Сіз жазылған спорт түрлері, лигалар, командалар және спортшылар барлық қолдау көрсетілетін Apple қолданбасында синхрондалуы үшін, олар Apple ID аккаунтыңызбен байланыстырылады, сондай-ақ сіз көретін контентті дербестендіру және хабарландырулар жіберу үшін пайдаланылады. Синхрондау әрекетін кез келген уақытта тоқтатуға болады.
 

«Таңдаулы спорт түрлері» қолданбасы жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

Privacy Icon

  • Apple компаниясы сіз жазылған спорт түрлері, лигалар, командалар және спортшылар туралы ақпаратты жинап, сол ақпаратты барлық қолдау көрсетілетін Apple қолданбасында синхрондайды. Спорттық қызығушылықтарыңыз Apple ID аккаунтыңызбен байланысты.
  • Сіз жазылған спорттық қызығушылықтарыңыз туралы ақпаратты Apple қолданбаларының, оның ішінде Apple Sports, Apple TV және Apple News сервистерінің шеңберіндегі тәжірибеңізді жекелендіру және хабарландырулар жіберу үшін пайдаланамыз.
  • Спорттық қызығушылықтарыңызды барлық Apple қолданбасында синхрондауды кез келген уақытта тоқтатуға болады. Таңдаулы спорт түрлерін синхрондау опциясын өшірсеңіз, қолдау көрсетілетін қолданбаларда спорт функцияларын пайдалану мүмкіндігі шектелуі мүмкін.

Таңдаулы спорт түрлері барлық Apple қолданбасы мен құрылғысында бір спорт контентіне ие болуға мүмкіндік береді. Сіз жазылған командалар және басқа спорттық қызығушылықтар бір Apple ID аккаунтына кіретін барлық қолдау көрсетілетін Apple қолданбасы мен құрылғысында синхрондалады.

Таңдаулы спорт түрлерін ұсыну және жақсарту

Таңдаулы спорт түрлерін синхрондау опциясын қоссаңыз, қолдау көрсетілетін қолданбаларда, оның ішінде Apple Sports, Apple TV және Apple News сервистерінде жазылған командаларға және басқа спорттық қызығушылықтарға басқа қолдау көрсетілетін қолданбаларда автоматты түрде жазыласыз. Apple компаниясы таңдаулы спорт түрлерінің қолданысы, оның ішінде сіз жазылған спорт түрлері, лигалар, командалар мен спортшылар және сізге келетін хабарландырулар туралы ақпаратты жинап, Apple ID аккаунтыңызбен байланысты ақпаратты сақтайды. Apple компаниясы бұл ақпаратты спорттық қызығушылықтарыңызды барлық қолдау көрсетілетін Apple қолданбасында, оның ішінде Apple TV және Apple News сервистерінде синхрондау, сондай-ақ осы қолданбалардағы және эл. пошта арқылы келетін Apple News жаңалықтар жинағымен байланысты сервистердегі тәжірибеңізді жекелендіру үшін пайдаланады. Сондай-ақ Apple компаниясы бұл ақпаратты және қателер мен ақаулар туралы ақпаратты таңдаулы спорт түрлерін және қолдау көрсетілетін Apple қолданбалары мен сервистерін жақсарту үшін пайдаланады.

Таңдаулы спорт түрлерін синхрондаған жағдайда, сізде қолдау көрсетілетін Apple қолданбалары мен байланысты сервистерде, оның ішінде Apple Sports, Apple TV және Apple News сервистерінде пайда болатын мақалалар мен оқиғалар сияқты спорттық қызығушылықтарыңыз туралы контенті бар бір спорт контентіне ие болу мүмкіндігі пайда болады. Спорттық қызығушылықтарды қолдау көрсетілетін қолданбалардың реттеулерінде кез келген уақытта синхрондау үшін таңдаулы спорт түрлерін пайдалануды тоқтатуға болады. Таңдаулы спорт түрлерін синхрондау опциясын өшірсеңіз, кейбір қолданбаларда қолжетімді спорт функциялары шектелуі мүмкін.

Кері байланыс

Apple компаниясы «Таңдаулы спорт түрлері» мен спорттық қызығушылықтарыңыз және сізге ұнауы мүмкін басқа Apple өнімдері, сервистері мен ұсыныстары, сондай-ақ Apple One жөнінде ақпарат жіберу үшін Apple өнімдеріңіз бен сіз жазылған Apple сервистері сияқты аккаунтыңыз туралы ақпаратты пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ Apple компаниясы сіз жазылған спорт түрлері, лигалар, командалар мен спортшылар туралы ақпаратты сізге таңдаулы спорт түрлеріне қолдау көрсететін қолданбалардан, оның ішінде Apple TV және Apple News сервистерінен жаңа функциялар, контент және осы қолданбаларда қолжетімді ұсыныстар туралы эл. хабарлар мен push хабарландыруларын жіберу үшін пайдалануы мүмкін. Эл. пошта параметрлерін өзгерту және осы эл. хабарларды алудан бас тарту үшін мына сайтқа өтіңіз: appleid.apple.com. iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғыңызда таңдаулы спорт түрлеріне қолдау көрсететін қолданбалардың хабарландыру параметрлерін жаңарту қажет болса, Apple TV хабарландырулары үшін «Реттеулер» > «Хабарландырулар» > «TV» тармағына, ал Apple News хабарландырулары үшін «Реттеулер» > «Хабарландырулар» > «News» тармағына өтіңіз. Mac компьютерінде System Settings (Жүйе реттеулері) > Notifications (Хабарландырулар) тармағына өтіп, сол жақтағы TV немесе News параметрін таңдаңыз.

Жарнама

«Жеке жарнамалар» реттеуі қосулы болса, Apple компаниясының жарнама платформасы сіз туралы ақпаратты сізге сәйкес келетін жарнамалар көрсету үшін пайдалануы мүмкін. Apple жарнама платформасы спорттық қызығушылықтарыңыз туралы ақпаратты Apple News және «Акциялар» қолданбасында тиісті жарнамаларды көрсету үшін пайдалануы мүмкін.

Apple жарнама платформасынан қызығушылықтарыңызға негізделген жарнамалар алғыңыз келмесе, «Жеке жарнамалар» параметрін өшіруге болады. «Жеке жарнамалар» параметрін өшірсеңіз, Apple компаниясы ақпаратыңызды таргеттелген жарнама үшін пайдалана алмайды. Бұдан көрсетілетін жарнамалар саны азаймайды, бірақ сізге қатыссыз жарнамалар көрсетілуі мүмкін.

«Жеке жарнамалар» функциясын өшіру үшін iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғыңызда «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Apple жарнамасы» тармағына өтіп, «Жеке жарнамалар» параметрін өшіріңіз. Mac компьютерінде System Settings (Жүйе реттеулері) > Privacy & Security (Құпиялылық және қауіпсіздік) тармағына өтіп, Apple Advertising (Apple жарнамасы) бөлімін таңдаңыз, содан кейін Personalized Ads (Жеке жарнамалар) опциясын таңдаудан алыңыз.

Apple жарнамасы мен құпиялылығы туралы толығырақ ақпарат алу үшін мына мекенжай бойынша өтіңіз: www.apple.com/legal/privacy/data/kz/apple-advertising.

Apple News және «Акциялар» қолданбасындағы жеке жарнамалардан бас тарту туралы ақпарат алу үшін support.apple.com/kb/HT202074 мекенжайы бойынша өтіңіз.

Үшінші тараптармен бөлісу

Apple компаниясына тұтынушыларға маркетингтік қызметті жүргізуге және Apple атынан Apple News және «Акциялар» қолданбасында көрсетілетін жарнамаларды сатуға көмектесу үшін спорт түрлері, лигалар, командалар мен спортшылар туралы жеке басыңызға қатысы жоқ кейбір деректерді Apple компаниясымен жұмыс істейтін стратегиялық серіктестермен таңдаулы спорт түрлерін пайдаланып жіберуіміз мүмкін. Мысалы, Apple компаниясы Apple News баспагерлеріне және басқа контент провайдерлеріне контентінің өнімділігін түсінуге көмектесу үшін олармен жиынтық есептерді бөлісуі мүмкін.

Жеке деректерді өңдеу үшін қолданылатын құқықтық негіз

«Таңдаулы спорт түрлері» функциясын пайдалансаңыз, жеке деректеріңізді қызмет көрсету және заңды міндеттемелерімізді орындау үшін қажет болған жағдайда өңдейміз. Келісім тиісті заңды негізге сүйенсе, біз оны қолданыстағы жергілікті заңға сәйкес іздейміз.

Қолданыстағы жергілікті заңда қарастырылған жағдайда, біз заңды мүдделеріміз немесе үшінші тараптың мүдделері үшін қажетті жеке деректердің келесі санаттарын мына мақсатпен өңдейміз:

  • Сізге «Таңдаулы спорт түрлері» және спорттық қызығушылықтарыңыз, сондай-ақ сізді қызықтыруы мүмкін басқа да Apple өнімдері, сервистері мен ұсыныстары туралы хабарламалар жіберу
  • Сізге және басқаларға арналған «Таңдаулы спорт түрлері» және қолдау көрсетілетін Apple қолданбалары мен сервистерін жақсарту

Пайдаланылған деректер мыналарды қамтиды:

  • Сіз бақылайтын спорт түрлері, лигалар, командалар және спортшылар, сіз өзара әрекеттесетін хабарландырулар және қателер мен ақаулар туралы ақпарат
  • Аккаунтыңыз туралы мәліметтер

Деректерді сақтау

Сервис жұмысын қамтамасыз ету үшін спорттық қызығушылықтарыңыз және Apple ID аккаунтыңызбен байланысты таңдаулы спорт түрлерінің қолданысы туралы ақпаратты қажетінше ұзақ уақыт сақтаймыз және таңдаулы спорт түрлерін пайдалануды тоқтатқаннан кейін, екі жылға дейін сақтаймыз. Қолдау көрсетілетін қолданбалар ақпаратыңызды деректерінде және құпиялылық туралы ақпаратында сипатталғандай өңдейді. Apple TV қолданбасы және құпиялылық туралы толығырақ ақпаратты www.apple.com/legal/privacy/data/kz/apple-tv-app веб-бетінде, ал Apple News және құпиялылық туралы толығырақ ақпаратты www.apple.com/legal/privacy/data/kz/apple-news веб-бетінде алыңыз.

Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy) сәйкес өңделеді

2024 жылғы 21 мамыры