Пошта құпиялылығын қорғау және құпиялылық

«Пошта құпиялылығын қорғау» функциясы эл. хатты жіберушілерге «Пошта» қолданбасындағы әрекеттеріңіз туралы ақпаратты білуге жол бермеу арқылы құпиялылықты қорғауға көмектеседі.

Алынған эл. хаттарда жіберушілерге сіз туралы ақпаратты білуге мүмкіндік беретін қашықтағы контент бар болуы мүмкін. Эл. хатты ашқаннан кейін, жіберуші «Пошта» қолданбасындағы әрекеттеріңіз туралы ақпаратты білдірмей жинай алады. Бұл жағдайда қандай ақпарат берілетінін басқару мүмкін емес. Эл. хатты жіберушілер IP мекенжайыңызды, эл. хаттарды қашан және неше рет ашқаныңызды, оларды басқа біреуге жібергеніңізді, сондай-ақ мінез-құлқыңыздың профилін құру және геолокацияңызды анықтау үшін пайдалануға болатын басқа да деректерді біле алады.

«Поштадағы әрекеттерді қорғау» функциясы эл. хаттарды жіберушілерге, соның ішінде Apple компаниясына «Пошта» қолданбасындағы әрекеттерді бақылауға жол бермеу арқылы деректеріңізді қорғауға көмектеседі. «Пошта» қолданбасында немесе iCloud.com веб-сайтындағы поштада эл. хат алған кезде, «Поштадағы әрекеттерді қорғау» функциясы хатты ашқанда тек қашықтағы контентті жүктеп алудың орнына, контентті (эл. хатқа жасаған әрекеттеріңізге қарамастан) әдепкі бойынша фондық режимде жүктеп алады. Apple компаниясы «Пошта» контенті туралы ешқандай ақпарат алмайды.

Сонымен қатар «Поштадағы әрекеттерді қорғау» функциясы әртүрлі ұйымдар басқаратын екі тәуелсіз торап арқылы пошта жүктеп алатын барлық қашықтағы контентті бағыттайды. Бірінші торап поштада алынатын үшінші тарап контенті туралы емес, IP мекенжайыңыз туралы ақпаратты біледі. Екінші торапқа поштада алынатын қашықтағы контент түрі белгілі, бірақ одан IP мекенжайыңыз жасырылған. Оның орнына торап жіберушіге пайдаланушының жеке басы туралы жалпылама ақпаратты береді. Осылайша ешбір ұйым жеке басыңыз бен поштаға келетін үшінші тарап контентін сәйкестендіруге болатын ақпаратқа ие болмайды. Жіберушілер профиліңізді жасау мақсатында IP мекенжайыңызды әртүрлі веб-сайттардағы немесе қолданбалардағы әрекеттеріңізді байланыстыру үшін бірегей идентификатор ретінде пайдалана алмайды.

«Поштадағы әрекеттерді қорғау» функциясын кез келген уақытта өшіруге болады. Ол үшін iOS немесе iPadOS құрылғыңызда «Реттеулер» > «Пошта» > «Құпиялылықты қорғау» тармағына өтіп, «Поштадағы әрекеттерді қорғау» параметрін өшіріңіз. Mac компьютерінде «Пошта» > «Параметрлер» > «Құпиялылық» тармағына өтіп, «Поштадағы әрекеттерді қорғау» опциясынан құсбелгіні алып тастаңыз. «Поштадағы әрекеттерді қорғау» функциясының iCloud.com веб-сайтындағы поштаға арналған өз реттеулері бар. iCloud.com веб-сайтында «Реттеулер» > «Құпиялылық» тармағына өтіп, «Поштадағы әрекеттерді қорғау» опциясынан құсбелгіні алып тастаңыз.

«Поштадағы әрекеттерді қорғау» функциясын өшіргіңіз келсе, «IP мекенжайын жасыру» функциясы сол екі тәуелсіз интернет торабы жүйесі арқылы IP мекенжайыңызды бүркемелей береді. «IP мекенжайын жасыру» функциясын кез келген уақытта өшіруге болады. Ол үшін iOS немесе iPadOS құрылғыңызда «Реттеулер» > «Пошта» > «Құпиялылықты қорғау» тармағына өтіңіз, содан кейін «IP мекенжайын жасыру» параметрін өшіріңіз. Mac компьютерінде «Пошта» > «Параметрлер» > «Құпиялылық» тармағына өтіп, «IP мекенжайын жасыру» опциясынан құсбелгіні алып тастаңыз.

Осы функцияларды пайдалану арқылы сіз Apple компаниясының және оның еншілес компаниялары мен агенттерінің осы ақпаратты жоғарыда сипатталғандай тасымалдауына, жинауына, сақтауына, өңдеуіне және пайдалануына келісесіз.

Apple компаниясы жинаған ақпарат әрқашан Apple компаниясының құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді

2023 жылғы 24 қазаны