«Siri және мәтінді дауыспен енгізу» функциясын жақсарту және құпиялылық

Siri және «Мәтінді дауыспен енгізу» функциясын жақсарту үшін Apple компаниясы пайдаланушылардың Siri көмекшісімен әрекеттескен аудиожазба үлгілерін сақтайды, ал Apple қызметкерлері оларды іріктеп талдайды. Бұл Apple компаниясына Siri, «Мәтінді дауыспен енгізу» және «Аудару» немесе «Дауыспен басқару» сияқты басқа да тілді өңдеу функцияларын әзірлеуге және жақсартуға көмектеседі.
 

«Siri және мәтінді дауыспен енгізу» функциясын жақсарту үшін Apple компаниясы пайдаланушылардың Siri көмекшісімен, «Мәтінді дауыспен енгізу» және «Аудару» қолданбасымен әрекеттескен аудиожазба үлгілерін сақтайды, ал Apple қызметкерлері оларды іріктеп талдайды. Бұл Apple компаниясына Siri, «Мәтінді дауыспен енгізу» және «Аудару» немесе «Дауыспен басқару» сияқты басқа да тілді өңдеу функцияларын әзірлеуге және жақсартуға көмектеседі.

Siri және мәтінді дауыспен енгізу

Егер «Siri және мәтінді дауыспен енгізу» функциясын жақсарту параметрін қоссаңыз, «Siri және мәтінді дауыспен енгізу» функциясымен әрекеттестіктің аудиожазбалары Siri серверлерінде сақталуы мүмкін, ал Apple қызметкерлері оларды іріктеп талдайды. Бұл Siri, «Мәтінді дауыспен енгізу» және Apple өнімдері мен сервистеріндегі табиғи тілді өңдеуге қатысты функцияларды әзірлеуге және жақсартуға мүмкіндік береді. Құрылғыда «Мәтінді дауыспен енгізу» функциясын (мысалы, іздеу өрісіне мәтінді дауыспен енгізу емес, хабарлар мен ескертпелер жазу) әдеттегідей пайдалану кезінде транскрипциялар мен аудиожазбалар әдепкі бойынша Apple компаниясына жіберілмейді. Олар «Siri және мәтінді дауыспен енгізу» функциясын жақсарту параметрі қосылған болса ғана жіберіледі. Оған қоса Siri көмекшісін жақсарту үшін басқа да Siri деректері (мысалы, сұраулардың, контактілер аттарының, құрылғыларыңызда орнатылған қолданбалардың және геолокация деректерінің компьютер арқылы жасалған транскрипциялары) пайдаланылады.

Сұраулар тарихы құрылғы жасаған кездейсоқ идентификатормен алты ай бойы байланысты болады. Сұраулар тарихына транскрипциялар, аудиожазбалар (пайдаланушы «Siri және мәтінді дауыспен енгізу» функциясын жақсартуға үлес қосқан жағдайда), құрылғы сипаттамалары, өнімділік туралы статистикалық деректер сияқты байланысты деректер және сұрау жіберілген уақыттағы құрылғының болжалды геолокациясы кіруі мүмкін. Алты айдан кейін сұраулар тарихы кездейсоқ идентификатордан ажыратылып, Apple компаниясына Siri, «Мәтінді дауыспен енгізу» функциясын және «Дауыспен басқару» функциясы сияқты тілді өңдеуге арналған басқа да функцияларды әзірлеуге және жақсартуға көмектесу мақсатында екі жылға дейін сақталуы мүмкін. Талданған сұраулардың шағын ішкі жиынтығы Siri көмекшісінің функцияларын жақсарту үшін екі жылдан көп уақыт сақталуы мүмкін. Бұл жағдайда ол кездейсоқ идентификатормен байланысты болмайды.

Егер Siri немесе «Мәтінді дауыспен енгізу» функциясымен әрекеттестіктердің бірі талдау үшін таңдалса, сұрау және оған Siri ұсынған жауап талданады. Бұл сұрауларды өңдеу дәлдігін анықтауға, сондай-ақ Siri, «Мәтінді дауыспен енгізу» және Apple өнімдері мен сервистеріндегі табиғи тілді өңдеуге қатысты функцияларды жақсартуға мүмкіндік береді. Сұрау контекстіне байланысты Apple қызметкерлері Siri жауаптарының тиімділігін бағалау үшін сұрауға тікелей қатысты Siri деректерін талдай алады. Пайдаланушылардың «Siri және мәтінді дауыспен енгізу» функциясымен әрекеттестіктерінің аудиожазбаларына тек құпиялылықты сақтау бойынша міндеттемелер жүктелген Apple қызметкерлері қол жеткізе алады. «Siri және мәтінді дауыспен енгізу» функциясын жақсарту реттеуін кез келген уақытта өзгертуге болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Аналитика және жақсартулар» тармағына өтіп, «Siri және дауыспен енгізу» параметрін өшіріңіз.

Кездейсоқ идентификатормен байланысты және алты ай немесе одан аз уақыт сақталған әрекеттестіктерді жоюға болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Siri және іздеу» > «Siri және мәтінді дауыспен енгізу тарихы» тармағы арқылы өтіп, «Siri және дауыспен енгізу тарихын жою» түймесін түртіңіз.

«Siri және мәтінді дауыспен енгізу» функциясын өшіру үшін «Реттеулер» > «Жалпы» > «Пернетақта» тармағына өтіп, «Мәтінді дауыспен енгізу функциясын қосу» параметрін өшіріңіз. Содан кейін «Реттеулер» > «Siri және іздеу» > «Тыңдау» тармағына өтіп, «Өшірулі» түймесін түртіңіз және «Реттеулер» > «Siri және іздеу» тармағына өтіп, «Siri көмекшісін «Басты бет» түймесімен ашу» немесе «Siri көмекшісін бүйірлік түймемен ашу» функциясын өшіріңіз. Егер «Siri және мәтінді дауыспен енгізу» функциясын өшірсеңіз, кездейсоқ идентификатормен байланысты Siri aдеректері жойылады.

Аудару

Егер «Siri және мәтінді дауыспен енгізу» функциясын жақсарту параметрін қоссаңыз, аударма сұрауларының құрылғы жасаған кездейсоқ әрі үнемі өзгеріп тұратын идентификатормен байланысты дауыстық енгізілімдері бен компьютер жасаған транскрипциялары Apple компаниясында сақталуы мүмкін, ал Apple қызметкерлері оларды іріктеп таңдайды. Бұл «Siri және мәтінді дауыспен енгізу», «Аудару» және Apple өнімдері мен сервистеріндегі табиғи тілді өңдеуге қатысты функцияларды әзірлеуге және жақсартуға мүмкіндік береді.

Аударма сұраулары екі жылға дейін сақталуы мүмкін. Бұл Apple компаниясына «Siri және мәтінді дауыспен енгізу» функциясын, сондай-ақ «Аудару» және «Дауыспен басқару» сияқты басқа да тілді өңдеу функцияларын әзірлеуге және жақсартуға мүмкіндік береді. Егер «Аудару» қолданбасымен әрекеттестіктердің бірі талдау үшін таңдалса, аудару сұрауы мен оған берілген жауап талданады. Бұл сұрауларды өңдеу дәлдігін анықтауға, сондай-ақ Siri, «Мәтінді дауыспен енгізу» және Apple өнімдері мен сервистеріндегі табиғи тілді өңдеуге қатысты функцияларды жақсартуға мүмкіндік береді. Пайдаланушылардың «Аудару» қолданбасымен әрекеттестіктерінің аудиожазбаларына тек құпиялылықты сақтау бойынша міндеттемелер жүктелген Apple қызметкерлері қол жеткізе алады. Талданған аудару сұрауларының шағын ішкі жиынтығы Siri көмекшісінің, «Мәтінді дауыспен енгізу» және «Аудару» қолданбасының мүмкіндіктерін жақсарту үшін екі жылдан көп уақыт сақталуы мүмкін.

Жалпы

Егер бұл параметрді iPhone немесе iPad құрылғысын баптаған кезде қоссаңыз, ол iPhone немесе iPad көмегімен бапталған жаңа Apple Watch, Apple TV, HomePod құрылғысында немесе қолдау көрсетілетін HomeKit керек-жарақтарында да қосылады. Бұл параметрді кейінірек әрбір құрылғының реттеулерінде өзгертуге болады.

«Siri және дауыспен енгізу» параметрін қосу арқылы сіз Apple компаниясының және оның еншілес компаниялары мен агенттерінің осы ақпаратты Siri көмекшісінің және «Мәтінді дауыспен енгізу» функциясының, сондай-ақ «Аудару» немесе «Дауыспен басқару» сияқты басқа да тілді өңдеу функцияларының жұмысын қамтамасыз ету және жақсарту мақсатында тасымалдауына, жинауына, сақтауына, өңдеуіне және пайдалануына келісесіз. Apple компаниясы бұл ақпаратты сенімді үшінші тараптық сервис провайдерлерінде өңдеп, сақтауы мүмкін. Apple компаниясының сіз Siri көмекшісін, «Мәтінді дауыспен енгізу» немесе «Аудару» қолданбасын пайдаланған кезде жинаған ақпараты әрқашан Apple компаниясының құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді

2023 жылғы 18 қыркүйек