Орынсыз контент ескертуін жақсарту және құпиялылық

«Орынсыз контент ескертуін жақсарту» функциясы жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

Егер сіз «Орынсыз контент ескертуі» функциясын жақсартуға атсалысқыңыз келсе, Apple компаниясы осы функцияның тиімділігін жақсарту және түсіну үшін оның қалай қолданылатыны туралы деректерді жинайды. Бұл ақпарат біріктірілген және дифференциалды құпиялылық сияқты құпиялылықты қорғау технологияларына бағынады және Apple ID аккаунтымен немесе басқа Apple сервистерін пайдалану нәтижесінде Apple компаниясына берілетін басқа да деректермен байланысты емес.

Жиналатын жиынтық деректердің мысалдары:

  • Әдепсіз деп танылып алынған кескіндердің немесе видеолардың жалпы саны
  • «Көмек алу жолдары» функциясын түрту немесе басу әрекеттерінің саны
  • «Орынсыз контент ескертуі» опцияларын түрту немесе басу әрекеттерінің пайызы

«Орынсыз контент ескертуін жақсарту» функциясын кез келген уақытта өшіруге болады. Ол үшін iOS немесе iPadOS құрылғысында «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Орынсыз контент ескертуі» тармағына өтіңіз. Ал Mac компьютерінде «Жүйе реттеулері» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Орынсыз контент ескертуі» тармағына өтіңіз.

Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді

2023 жылғы 18 қыркүйек