Қауіпсіздік функцияларын жақсарту және құпиялылық

«Қауіпсіздік функцияларын жақсарту» функциясы құпиялылықты қорғауға арналған және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік береді.

«Қауіпсіздік функцияларын жақсарту» функциясы iOS және Apple Watch құрылғыңыздан қауіпсіздікке байланысты функциялар арқылы жиналатын ақпаратты Apple компаниясына жібереді. Бұл ақпарат қауіпсіздік функцияларын оның ішінде қолдау көрсету алгоритмдерін әзірлеу, жақсарту және тиімділігін бағалау үшін пайдаланылады. Мұндай ақпарат датчиктердің өңделмеген деректерін, қауіпсіздікке қатысты датчиктерден алынған ақпаратты және осы функцияларды пайдалану туралы ақпаратты қамтуы мүмкін. Деректеріңіз өзге мақсатта пайдаланылмайды және жеке басыңызды анықтайтын ақпаратты қамтымайды.

«Қауіпсіздік функцияларын жақсарту» аясында жиналған ақпарат қауіпсіздікке қатысты функциялар мен датчиктерден алынған белгілі бір деректерді, соның ішінде геолокацияңыз туралы ақпаратты, дабылдар және осы функциялармен өзара әрекеттесу туралы ақпаратты қамтиды. Мысалы, «Апатты анықтау» функциясы үшін бұл қозғалыс (мысалы, акселерометр, гироскоп, барометрлік қысым және магнит өлшеуіш датчигінің деректері), көлік жүргізу туралы ақпарат және оның белсенділігі (мысалы, жалпы қозғалыс бағыты, көлік жүргізу уақыты, жылдамдыққа қатысты деректер), сондай-ақ жол апатынан туындайтын басқа да ақпарат (мысалы, апаттың шамамен алынған орны мен уақыты, күн сәулесінің түсу бұрышы және қоршаған ортаның дыбыстық әсер ету деңгейі) сияқты ауыр жол апатының болғанын анықтау үшін пайдаланылатын деректер болуы мүмкін.

Apple компаниясы сіз енгізген кейбір деректерді, соның ішінде демографиялық ақпаратты (мысалы, пайдаланушының жынысы мен жасы) және оқиға орын алған кездегі құрылғының жағдайы туралы деректерді, сондай-ақ Wi-Fi немесе ұялы сигнал, құрылғы нұсқасы, бағдарламалық жасақтама нұсқасы және құрылғыңыздың сағат сияқты басқа құрылғымен жұпталуы туралы деректерді жинай алады.

Сондай-ақ Apple компанияcы сіздің ортаңыз, құрылғылардың өзара әрекеттесуі, функцияны пайдалану ұзақтығы, сіздің (соның ішінде үшінші тараптың) қауіпсіздікке қатысты хабарландыруларды, қолданбаларды, реттеулерді және функцияларды қалай пайдаланғаныңыз туралы ақпаратты, сонымен қатар белгілі бір қауіпсіздік функциясын пайдалану нәтижесінде төтенше қызметтерге қоңырау шалу жағдайы туралы ақпаратты ала алады. Жоғарыда аталған деректің барлығы біріктірілуі және Apple компаниясына жіберілмес бұрын, iOS және Apple Watch құрылғыңызда талдаудан өтуі мүмкін.

«Қауіпсіздік функцияларын жақсарту» функциясын қоса отырып, осы ақпаратты жоғарыда сипатталғандай Apple компаниясына, оның еншілес кәсіпорындары мен агенттеріне беруге, жинауға, сақтауға, өңдеуге, пайдалануға және жариялауға келісім бересіз. Apple компаниясы бұл ақпаратты сенімді үшінші тараптық сервис провайдерлерінде өңдеп, сақтауы мүмкін.

«Қауіпсіздік функцияларын жақсарту» функциясын кез келген уақытта өшіруге болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Аналитика және жақсартулар» тармағына өтіп, «Қауіпсіздікті жақсарту» параметрін өшіріңіз.

Apple компаниясы жинаған ақпарат әрқашан Apple компаниясының құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді

2024 жылғы 21 мамыры