«Денсаулық жағдайы» функциясын жақсарту және құпиялылық

«Денсаулық жағдайы» функциясын және оған қатысты функцияларды қалай пайдаланатыныңыз туралы ақпараттың бір бөлігі осы функцияны жақсарту мақсатында Apple компаниясына автоматты түрде жіберіледі. Apple компанияны бұл ақпаратты «Денсаулық жағдайы» функциясын және оған қатысты функцияларды әзірлеу, жақсарту және талдау үшін пайдаланады. Деректеріңіз өзге мақсатта пайдаланылмайды.

«Денсаулық жағдайы» функциясын жақсарту мақсатында жиналатын ақпаратқа денсаулық жағдайы туралы жазбалардағы белгілі бір ақпарат (мысалы, аурулар, дәрі-дәрмектер, негізгі көрсеткіштер, екпелер, талдау нәтижелері, процедуралар, сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы тексерілетін деректермен қоса «Денсаулық» қолданбасының «Денсаулық жағдайы» бөлімінде импортталған және сақталған денсаулық жағдайы туралы басқа да деректер) және «Денсаулық жағдайы» функциясын қосқаныңыз және оны қалай пайдаланатыңыз туралы ақпарат (мысалы, денсаулық жағдайы туралы жазбаларды тасымалдауға қатысты және дереккөзді қамтуы мүмкін аналитикалық деректер) жатады. Apple компаниясына талдауға жіберілетін ақпарат алдымен өңдеуден өтеді. Атап айтқанда, одан жеке басыңызды анықтауы мүмкін деректер (мысалы, атыңыз немесе телефон нөміріңіз) жойылады. Өңдеу кезінде жеке басыңызды анықтауы мүмкін деректердің барлығы жойылуы қажет болғанымен, Apple компаниясына кейбір жеке ақпарат кетіп қалуы мүмкін. Жеке басыңызды анықтайтын қандай да бір деректер анықталған жағдайда дереу жойылады.

Apple компаниясына жіберілетін бүкіл ақпарат тасымалдау және сақтау кезінде шифрланады.

«Денсаулық жағдайы» функциясын қоса отырып, осы ақпаратты жоғарыда сипатталғандай Apple компаниясына, оның еншілес кәсіпорындары мен агенттеріне беруге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және пайдалануға келісім бересіз. Apple компаниясы бұл ақпаратты сенімді үшінші тараптық сервис провайдерлерінде сақтауы мүмкін. Денсаулық жағдайы туралы жазбаларды бөлісу әрекетін кез келген уақытта тоқтатуға болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Аналитика және жақсартулар» тармағына өтіп, «Денсаулық жағдайын жақсарту» параметрін өшіріңіз.

Apple компаниясы жинаған ақпарат әрқашан Apple компаниясының құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді

2023 жылғы 18 қыркүйек