«Денсаулық» және «Белсенділік» қолданбаларын жақсарту және құпиялылық

«Денсаулық» және «Белсенділік» қолданбаларын жақсарту функциясы жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

iPhone, iPad және Apple Watch құрылғыңыздағы белсенділік, жаттығулар және денсаулыққа қатысты ақпарат «Денсаулық» және «Белсенділік» қолданбаларын жақсарту мақсатында Apple компаниясына жіберіледі. Бұл ақпарат денсаулық, белсенділік және фитнес функцияларын әзірлеу, жақсарту және тиімділігін бағалау үшін пайдаланылады. Бұл ақпарат денсаулық және белсенділік датчиктерінен алынған өңделмеген және талданған деректерді қамтуы мүмкін. Деректеріңіз өзге мақсатта пайдаланылмайды және жеке деректерді қамтымайды.

«Денс. және Белсенділік» аясында жиналатын ақпарат iPhone мен iPad құрылғыларындағы «Денсаулық» және «Фитнес» қолданбаларында, сондай-ақ Apple Watch құрылғысындағы денсаулық пен фитнеске қатысты қолданбаларда көрсетілетін деректерді, оның ішінде сіз енгізген белгілі бір деректерді (мысалы, жас, жыныс, бойы, салмақ және мүгедектер арбасы режимінің күйі); жүрек ырғағына, оның ішінде тұрақсыз ырғақ туралы хабарландыруларға қатысты ақпаратты (мысалы, хабарландырулар түрі мен жиілігі, жүрек ырғағы бойынша өлшем түрлері, жүрекше фибрилляциясының белгілі бір мәндерінің пайызы, әртүрлі деректермен өзара әрекеттесу және тиісті өмір сүру факторлары және сенімді емес өлшемдердің болжалды себептері); «ЭКГ» қолданбасындағы ақпаратты (мысалы, алынған ЭКГ жазбаларының саны, олардың нәтижелері және қатысты симптомдар); «Қандағы оттегі» функциясы арқылы алынған ақпаратты (мысалы, сәтті жүргізілген өлшемдердің нәтижелері, жүргізілген өлшемдердің нақты саны және өлшемдердің сапасы туралы белгілі бір деректер); «Психикалық денсаулық» функциясынан ақпарат (функциямен өзара әрекеттесуіңіз, клиникалық бағалауды аяқтағаныңыз бен қашан аяқтағаныңыз, көңіл‑күйіңізді тіркеу жиілігі және қосылған хабарландырулардың жиілігі мен түрі және хабарландырулармен өзара әрекеттесуіңіз сияқты); медициналық деректерді отбасыңызбен немесе достарыңызбен бөлісуге мүмкіндік беретін «Медициналық деректерді бөлісу» функциясы арқылы алынған ақпаратты (мысалы, бөлісетін пайдаланушылар саны, денсаулыққа қатысты бөлісетін тақырыптар саны және мұндай тақырыптарға енгізілген өзгерістер, жасалған және ортақ денсаулық трендтеріне қатысты ақпарат, «Медициналық деректерді бөлісу» хабарландыруларымен орындалған әрекеттер); медициналық деректерді медициналық қызмет жеткізушісімен бөлісуге мүмкіндік беретін «Медициналық деректерді бөлісу» функциясы арқылы алынған белгілі бір ақпаратты (мысалы, пайдалану жиілігі, денсаулыққа қатысты бөліскен тақырыптардың минималды, максималды және орташа саны, сондай-ақ медициналық деректеріңіз жіберілетін медициналық қызмет жеткізушілерінің сандық ауқымы) және медициналық картадағы ақпаратты (мысалы, толтырылған өрістер және функцияны қалай пайдаланатыныңыз туралы ақпарат), «Денсаулық» қолданбасының деректеріне қол жеткізу үшін Siri көмекшісін пайдалануға қатысты ақпарат (мысалы, денсаулық деректерінің түрлерін «Денсаулық» қолданбасына жазу немесе «Денсаулық» қолданбасында қолжетімді ақпаратты оқу үшін Siri көмекшісімен қашан және қалай әрекеттесетініңіз, «Денсаулық» қолданбасы деректерінің сұралған түрі және сіз жасаған сұрау түрі, оның ішінде «Денсаулық» қолданбасында ақпаратты жазуға немесе одан ақпаратты сұрауға сұрау жасадыңыз ба); және сіздің «Дәрі-дәрмектер» функциясын қолдануыңызға байланысты ақпаратты (мысалы, дәрі-дәрмектерді тіркеу күйі және әдісі, дәрі-дәрмектерді қабылдау кестесін құру және осы кестеге қатысты әрекеттер, сондай-ақ «Дәрі-дәрмектер» реттеулері мен хабарландыруларын пайдалану) қамтиды. Сондай-ақ Apple компаниясына жіберілетін деректер белсенділік және қозғалыс деректерін (мысалы, тұруға кеткен сағаттар, жаттығу минуттары, жүріп өткен баспалдақ аралықтары, бағындырған биіктік пен тереңдік, пайыз шамасындағы қозғалыс сақинасының толу мәні, физикалық белсенділік деңгейі, жаттығу деректері (түрі, режимі, дереккөзі, ұзақтығы және сіз бөлісетін жаттығуларға қатысты ақпарат), мобильділікке қатысты ақпарат, акселерометр, гироскоп, қай бағытта қарайтыныңыз туралы жалпы ақпарат және қысым деректері), «Зерделілік» қолданбасындағы ақпаратты (мысалы, зерделілік сеансының түрі және жүрек соғу жиілігінің өлшенгені не өлшенбегені туралы ақпарат), білек күйі мен бағдарын және денсаулық жағдайы туралы белгілі бір тексерілетін деректерді «Денсаулық» қолданбасына қашан және қалай импорттайтыныңыз туралы ақпаратты, сонымен бірге «Денсаулық» қолданбасында көрсетілетін қатысты деректерді (мысалы, VO₂ макс. мәні), құлап қалу жағдайларының санын, сондай-ақ құлап қалу және оның салдары туралы басқа да ақпаратты; ұйқыға қатысты ақпаратты (мысалы, ұйықтау кезіндегі тыныс алу жиілігінің мәндері, ұйқы кестелері және олардың жазылған ұйықтау уақытынан айырмашылығы, ұйықтау уақытын анықтау үшін пайдаланылатын қозғалыс деректері және ұйқы кезеңдері туралы ақпарат);ұйқы кезіндегі тыныс алу жиілігінің мәндерін; менструациялық циклге, жүктілікке және контрацептивтерді пайдалануды қоса алғанда, циклге қатысты факторларға (мысалы, ұзақ менструациялық циклдерді, тұрақсыз немесе сирек менструациялық циклдерді анықтау, тұрақты жағынды бөліністер, овуляция бойынша болжамдар, менструациялық циклдер және жүкті болудың қолайлы уақыты бойынша болжаулар туралы деректер және үйде орындалатын овуляция сынағының нәтижелері) қатысты және солар бойынша алынған нәтижелерді; білек температурасын өлшеуге байланысты және оның негізінде алынған ақпаратты (мысалы, температураны өлшеу бойынша жиналған нәтижелер және температураға негізделген басқа ақпарат); құлаққап дыбысының және айналадағы дыбыстардың әсер ету деңгейі және шуды басу көрсеткіштері, офтальмологиялық рецепт және қатысты өрістер; жүрекке қатысты өлшемдер мен графиктер; жарық кездегі уақыт мүмкіндігіне қатысты ақпарат (мысалы, жарық кезде сыртта өткізетін болжалды уақыт және айналадағы жарық мәндерінің жиынтық статистикасы); сондай-ақ Apple Fitness+ мүмкіндіктері мен жаттығуларын пайдалануға қатысты белгілі бір ақпаратты қамтуы мүмкін. Оған қоса Apple компаниясы фитнеске арналған басқа үшінші тараптық қолданбалардың немесе құрылғылардың қалай орнатылғаны, пайдаланылғаны немесе қосылғаны туралы ақпаратты, болжалды геолокацияңызды, «Денсаулық» қолданбасында орындаған әрекеттеріңіз, Apple Watch сағатын қанша уақыт пайдаланғаныңыз туралы ақпаратты, сондай-ақ белсенділікке және денсаулыққа қатысты қолданбалар, хабарландырулар, реттеулер мен функцияларды қалай қосатыныңыз және пайдаланатыныңыз туралы ақпаратты алуы мүмкін. Жоғарыда аталған деректің барлығы жеке басыңызды анықтауға мүмкіндік бермейтіндей жолмен біріктіріледі және Apple компаниясына жіберілмес бұрын, iPhone, iPad және Apple Watch құрылғыңызда талдаудан өтеді. Сондай-ақ Apple компаниясы бұл деректерді белсенділік пен денсаулыққа қатысты белгілі бір функциялар бойынша трендтерді анықтау және көрсеткіштерді бағалау мақсатында пайдалануы мүмкін.

Жекелеген жағдайларда Apple компаниясы кейбір біріктірілген деректерді нормативтік құжаттарға сәйкес тиісті денсаулық сақтау және медицина саласындағы реттеуші органдармен бөлісуі мүмкін. Мұндай деректер жеке деректерді немесе жеке басыңызды анықтауы мүмкін деректерді қамтымайды.

«Денсаулық» және «Белсенділік» қолданбасын жақсарту функциясын қоса отырып, осы ақпаратты жоғарыда сипатталғандай Apple компаниясына, оның еншілес кәсіпорындары мен агенттеріне беруге, жинауға, сақтауға, өңдеуге, пайдалануға және жариялауға келісім бересіз. Apple компаниясы бұл ақпаратты сенімді үшінші тараптық сервис провайдерлерінде сақтауы мүмкін.

Apple компаниясы жинаған ақпарат әрқашан Apple компаниясының құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді

2023 жылғы 18 қыркүйек