«Қол жуу» функциясын жақсарту және құпиялылық

«Қол жуу» функциясын жақсарту үшін пайдаланылатын деректер құпиялылықты қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

Apple Watch сағаты «Қол жуу» функциясының жұмысы барысында ақпаратты жинайды. Бұл ақпараттың бір бөлігі «Қол жуу» функциясын жақсарту мақсатында жіберіледі. Жиналған ақпарат қозғалыс туралы шектеулі деректерді, пікірлеріңізді және белгілі бір өңделген аудио деректерді қамтиды. Егер бұл ақпаратты бөлісуді таңдасаңыз, оны тек Apple қызметкерлері зерттейді және тек «Қол жуу» функциясының әзірлеу, жақсарту және тиімділігін бағалау үшін пайдаланады. Бұл ақпарат өзге мақсатта пайдаланылмайды. Бұл ақпарат Apple ID аккаунтыңызбен немесе Apple компаниясына басқа Apple сервистерін пайдалану нәтижесінде берілетін басқа да деректермен байланысты емес.

«Қол жуу» функциясын жақсарту үшін жиналған ақпарат қозғалыс туралы белгілі бір бастапқы деректерді (мысалы, акселерометр деректерін), функцияны қалай пайдаланатыныңыз (мысалы, қол жуу туралы хабарландыруларға қалай жауап беретініңіз) туралы деректерді, сондай-ақ Apple Watch сағатының көмегімен жазып алынған және сөздері анық естілетін бөліктерін алып тастау үшін құрылғыда өңделген белгілі бір аудио деректерді (осы функция қосулы болғанда ғана) қамтиды.

Аудиофайлдар Apple Watch сағаты қол жуу әрекетін анықтаған сәттен бастап ең көбі 60 секунд бойы жазылады. Apple компаниясы анық естілетін сөздері бар аудиожазбаларды анықтаған жағдайда оларды дереу жояды.

«Қол жуу» функциясын жақсарту үшін берілген ақпараттың барлығы тасымалдау кезінде және құрылғыда шифрланады.

«Қол жуу» функциясын қоса отырып, осы ақпаратты жоғарыда сипатталғандай Apple компаниясына, оның еншілес кәсіпорындары мен агенттеріне беруге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және пайдалануға келісім бересіз. Apple компаниясы бұл ақпаратты сенімді үшінші тараптық сервис провайдерлерінде сақтауы мүмкін. Деректерді Apple компаниясымен бөлісу әрекетін кез келген уақытта тоқтатуға болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Аналитика және жақсартулар» тармағына өтіп, «Қол жуу функциясын жақсарту» параметрін өшіріңіз.

Apple компаниясы жинаған ақпарат әрқашан Apple компаниясының құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді

2022 жылғы 12 қыркүйек