Fitness+ сервисін жақсарту және құпиялылық

«Fitness+ сервисін жақсарту» функциясы жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

Жаттығулар туралы қосымша ақпарат, оның ішінде жаттығу атаулары мен жаттықтырушылар туралы ақпарат Apple компаниясына Fitness+ сервисін жақсарту мақсатында жіберіледі. Бұл ақпарат Apple Fitness+ функциялары мен жаттығуларын әзірлеу, жақсарту және тиімділігін бағалау үшін пайдаланылады. Деректеріңіз өзге мақсатта пайдаланылмайды. Жаттығу атауы немесе жаттықтырушының аты сияқты жаттығу туралы мәліметтерде жаттығуыңыз жөніндегі құпия ақпарат (мысалы, аяғы ауырларға арналған жаттығу) болуы мүмкін. Бұл ақпарат денсаулық және белсенділік датчиктерінен алынған деректерді (мысалы, жүрек соғу жиілігі, калориялар немесе килоджоульдер саны) қамтымайды. Fitness+ сервисін жақсарту үшін пайдаланылатын деректер басқа Fitness+ деректерімен бірге сақталады. Бұл деректерге тек Apple Fitness+ сервисінде пайдаланылатын және Apple ID аккаунтымен байланыстырылмаған кездейсоқ идентификатор тағайындалады.

«Fitness+ сервисін жақсарту» функциясын кез келген уақытта өшіруге болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Аналитика және жақсартулар» тармағына өтіп, «Fitness+ сервисін жақсарту» параметрін өшіріңіз.

«Fitness+ сервисін жақсарту» функциясын қоса отырып, осы ақпаратты жоғарыда сипатталғандай Apple компаниясына, оның еншілес кәсіпорындары мен агенттеріне беруге, жинауға, сақтауға, өңдеуге, пайдалануға және жариялауға келісім бересіз. Apple компаниясы бұл ақпаратты сенімді сервис провайдерлерінде сақтауы мүмкін.

Apple компаниясы жинаған ақпарат әрқашан Apple компаниясының құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді

6 сәуір, 2023 жыл