Электрмобиль бағдарларын жақсарту және құпиялылық

«Электрмобиль бағдарларын жақсарту» функциясы жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

«Электрмобиль бағдарларын жақсарту» функциясын қоссаңыз, Apple компаниясы келесі ақпаратты жинауы мүмкін:

  • Бағдарға аккумуляторды зарядтауға арналған аялдаманың қосылғаны не қосылмағаны
    • Бағдардың бір бөлігінде аккумулятор зарядының таусылғаны не таусылмағаны
    • Аккумулятордың қалған зарядының пайызы
    • Көлік аккумуляторының ағымдағы сыйымдылығы және аккумулятордың максималды сыйымдылығы
    • Бағдарда аккумуляторды зарядтау үшін тоқтаған кезде толық зарядтау үшін кететін болжалды уақыт
    • Көлік қалған зарядпен және максималды зарядпен жүріп өтетін қашықтық
    • Көліктің энергия тұтынуы туралы деректер
    • Бағдар туралы ақпарат, оның ішінде тағайындалған жерге дейін болжалды жету уақыты

Бұл деректер Apple компаниясына аккумулятор зарядына қатысты болжамдардың дәлдігін анықтауға мүмкіндік береді. Apple компаниясы бұл деректерді «Электрмобиль бағдарлары» функциясын және геолокацияны пайдаланатын басқа да Apple өнімдері мен сервистерін жақсарту мақсатында тек анонимді түрде сақтайды. «Электрмобиль бағдарларын жақсарту» функциясын кез келген уақытта өшіруге болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Карталар» > «Электрмобиль бағдарларын жақсарту» тармағына өтіңіз.

2022 жылғы 12 қыркүйек