iCloud аналитикасы және құпиялылық

«Аналитика» функциясы жеке ақпаратыңызды қорғау және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беру мақсатында жасалған.

Apple компаниясына iCloud аккаунтыңыздың қолданыс аналитикасы мен деректеріне рұқсат бере отырып, өнімдері мен сервистерін, оның ішінде Siri мен басқа интеллектуалды мүмкіндіктерін жетілдіруге көмектесіңіз. iCloud аккаунтындағы кез келген деректердің, соның ішінде эл. пошта хабарларының үзінділері мен басқа ұқсас деректердің талдауы дифференциалды құпиялылық сияқты құпиялылықты сақтау технологияларын пайдалана отырып, осы деректерді өңдегеннен кейін ғана орындалады. Аналитикалық деректер сізбен немесе аккаунтыңызбен байланысты болмайды.

iCloud аналитикасын кез келген уақытта өшіруге болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Аналитика және жақсартулар» тармағына өтіп, «iCloud аналитикасын бөлісу» параметрін өшіріңіз.

Apple компаниясы жинаған ақпарат әрқашан Apple компаниясының құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді

2022 жылғы 12 қыркүйек