«Денсаулық жағдайы» функциясы және құпиялылық

«Денсаулық жағдайы» функциясы жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

«Денсаулық жағдайы» функциясы денсаулық жағдайы туралы жазбаларды iPhone немесе iPad құрылғыңызға медициналық қызмет жеткізушісімен тікелей қосылым арқылы автоматты түрде жүктеп алуға мүмкіндік береді. Осы функция шеңберінде алынған денсаулық жағдайы туралы кез келген жазбалар құрылғыңызда шифрланған және құпиясөзбен қорғалған күйде сақталады.

«Денсаулық жағдайы» функциясына пайдаланатын медициналық қызмет жеткізушілерін табуға көмектесу үшін Apple компаниясы оларды атауы бойынша іздей алады. Географиялық тұрғыдан қатысты нәтижелерді ұсыну үшін сіздің келісіміңізбен құрылғыңыздың геолокациясы да пайдаланылады. Өзіңізге қажетті медициналық қызмет жеткізушісін тапқан соң, сізге емделушіге арналған кіру ақпаратының көмегімен аутентификациядан өту ұсынылады. Денсаулық жағдайы туралы жазбалар iPhone немесе iPad құрылғыңызға автоматты түрде жүктеледі. Құрылғыңыз бұл жазбаларды алу үшін қауіпсіз токенді пайдаланады. «Денсаулық» қолданбасы емделушінің жүйеге кіру деректері туралы ақпаратты сақтамайды.

«Денсаулық» қолданбасындағы деректеріңіз, оның ішінде денсаулық жағдайы туралы жазбалар iCloud сервисінің арқасында барлық құрылғыңызда автоматты түрде жаңартылып отырады. Бұл функцияны өшіру үшін «Реттеулер» > [атыңыз] > «iCloud» тармағына өтіп, «Денсаулық» параметрін өшіріңіз.

Денсаулық жағдайы туралы жазбаларды алу әрекетін аккаунтты жою арқылы кез келген уақытта тоқтатуға болады. Ол үшін «Денсаулық» қолданбасын ашып, «Шолу» қойындысын, «Профиль» бөлімін және «Денсаулық жағдайы» параметрін түртіңіз де, жойғыңыз келетін аккаунтты таңдаңыз, содан кейін «Аккаунтты жою» пәрменін түртіңіз. Аккаунтты жойсаңыз, құрылғыларыңыздан сол аккаунтқа қатысты жазбалар да жойылады.

Емделушіге арналған кіру ақпаратына немесе денсаулық жағдайы туралы жазбалардың мазмұнына қатысты мәселелер туындаса, медициналық қызмет жеткізушісіне хабарласыңыз.

iPhone немесе iPad құрылғыңызға жүктеп алынатын денсаулық жағдайы туралы жазбалар сіздің толық медициналық анамнезіңізді ашып көрсете алмайды және денсаулық жағдайы туралы ресми жазбаларды немесе дәрігердің кәсіби пікірін алмастыра алмайды. Денсаулығыңызға қатысты қандай да бір шешім қабылдамас бұрын, медициналық қызмет жеткізушісімен ақылдасқан жөн.

Apple компаниясы жинаған ақпарат әрқашан Apple компаниясының құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді

2023 жылғы 18 қыркүйек