GymKit және құпиялылық

GymKit сервисі жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

Apple Watch сағатында жаттығуларды бастау және аяқтау үшін қосылған спорт жабдығын пайдалануға, сонымен қатар жүріп өткен жол мен жүректің соғу жиілігі сияқты жаттығу деректерімен алмасуға болады. Жаттығу аяқталғаннан кейін, деректер Apple Watch сағатында сақталады, бірақ спорт жабдығының жадынан жойылады. Дегенмен жабдық өндірушілері жаттығу залындағы жабдыққа аккаунтыңызбен кірген кезде, спорт жабдығындағы Apple Watch сағатымен синхрондалатын жаттығу деректерін жинап, сақтай алады.

2022 жылғы 12 қыркүйек