Локатор және құпиялылық

Құрылғыларыңыз, «Локатор» желісіне қосылған керек‑жарақтар және «Локатор» қолданбасының (соның ішінде өтпелі шифрлау әдісі қолжетімді болмаған кезде, геолокацияңызды бөлісетін адамдар тізімі) қолданысы туралы ақпарат сервисті қамтамасыз ету және жетілдіру үшін пайдаланылады.
 

«Локатор» функциясы ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

Privacy Icon

  • iCloud сервисіне Apple ID аккаунтының көмегімен кірген кезде, қолдау көрсетілетін құрылғыларда кейбір «Локатор» функциялары (оның ішінде «Локатор» желісіне қатысу) қосылады.
  • Құрылғыңыздың немесе керек-жарақтың геолокациясы, сондай-ақ құрылғы немесе аккаунт туралы ақпарат «Локатор» функциясы қосылған құрылғылар мен қолдау көрсетілетін керек-жарақтарды табуға көмектесуі мүмкін.
  • «Локатор» желісі өтпелі шифрлау әдісімен қорғалған. Apple компаниясы офлайн режимдегі құрылғының немесе жоғалған құрылғының геолокациясы туралы хабарлайтын құрылғының геолокациясын көре алмайды.

Егер «Локатор» функциясы қосылған iPhone, iPad, Apple Watch, iPod touch немесе Mac құрылғысын жоғалтып алсаңыз, «Локатор» функциясының көмегімен құрылғыңызды картадан табуға болады. Оған қоса «Локатор» функциясы жоғалған құрылғыда дыбысты ойнатуға, қашықтан құлыптауға, экранында хабар көрсетуге немесе құрылғыдан бүкіл деректі қашықтан жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ «Локатор» функциясы қолдау көрсетілетін керек-жарақтарды таба алады және оларда дыбысты ойната алады.

Құрылғыңызда жүйеге кіріп, iCloud сервисін қосқан кезде, кейбір «Локатор» функциялары автоматты түрде қосылады. Бұл функцияларға «Локатор» желісіне (төменде сипатталғандай, жоғалған құрылғыларды немесе үйлесімді элементтерді табуға көмектесетін Apple құрылғыларынан құралған краудсорсингтік желі) қатысу, құрылғыда дыбысты ойнату, қашықтан құлыптау, экранында хабарды көрсету және деректерді қашықтан өшіру мүмкіндігі жатады. Сондай-ақ қолдау көрсетілетін құрылғылар мен элементтерден алыстап кетсеңіз, хабарландыру жіберіледі. iPhone, iPad, iPod touch, Apple Watch және кейбір Mac компьютерлері белсендіру құлпымен қорғалған. Ол деректерді құпиясөзсіз өшіруге және құрылғыларды қайта белсендіруге жол бермейді. Толығырақ ақпарат алу үшін мына сілтемені қараңыз: support.apple.com/kb/HT208987. iPhone құрылғысында «Локатор» функциясын қосқан кезде, бұл функция онымен жұптастырылған Apple Watch сағатында да қосылады. Сондай-ақ «Локатор» функциясын Apple Watch сағатында бөлек қосуға болады. Бұл жағдайда функция жұптастырылған iPhone құрылғысында да қосылады.

Сондай-ақ геолокация сервистері қосулы болған кезде, «Геолокациямды бөлісу» функциясының көмегімен құрылғыңыздың ағымдағы геолокациясын бөлісуді таңдауға да болады. Егер сіз және сіздің досыңыз iOS 17 жүйесінің қолданушылары болсаңыз, сіздердің геолокацияңыз Apple үшін қолжетімді болмайды. Егер сіз iOS 17 жүйесін пайдаланбайтын досыңызбен бұрын контент алмасқан болсаңыз, геолокацияңыз аталған досыңыз тікелей сұраған жағдайда Apple компаниясына қолжетімді болуы мүмкін. Геолокацияңыз туралы ақпарат қызмет көрсету мақсатында 24 сағатқа дейін сақталады, содан кейін жойылады.

«Локатор» картада геолокация сервистері қосулы құрылғыларыңызды табуға көмектесе алады. Егер «Соңғы геолокацияны жіберу» функциясын қоссаңыз, құрылғыңыздың заряды өте төмен деңгейге жеткен кезде, оның соңғы белгілі болған геолокациясы Apple компаниясына автоматты түрде жіберіледі.

«Локатор» қолданбасы тіпті интернетке қосылмаған құрылғыларды және тіпті өшірулі тұрған немесе деректері өшірілген қолдау көрсетілетін құрылғыларды табу үшін «Локатор» желісін пайдалануы мүмкін. «Локатор» желісіндегі құрылғылар жоғалған құрылғыларды немесе жақын жердегі үйлесімді элементтерді (оның ішінде AirTag құрылғыларын және Apple ID аккаунтыңызда тіркелген үшінші тараптық үйлесімді өнімдерді) анықтау үшін Bluetooth сымсыз технологиясын пайдаланады және олардың шамамен орналасқан геолокациясын иесіне хабарлайды. Егер құрылғы өшірулі тұрған болса немесе деректері өшірілген болса, құрылғы геолокациясы құрылғы иесінің геолокация жіберілетін «Отбасылық қол жеткізу» тобына да көрінетін болады. Жіберілетін деректер өтпелі шифрлау әдісімен қорғалады. Apple компаниясы офлайн режимдегі құрылғының немесе жоғалған құрылғының геолокациясы туралы хабарлайтын құрылғының геолокациясын көре алмайды. Егер құрылғыңыз «Локатор» желісіне қатысатын болса, желі оның геолокациясын анықтай алады және басқа жоғалған құрылғылардың геолокациясын анықтау үшін оны анонимді түрде пайдалана алады. iOS немесе iPadOS құрылғыңыздың «Локатор» желісіне қатысуынан бас тартуға болады. Ол үшін «Реттеулер» > [атыңыз] > «Локатор» > «[құрылғы] құрылғымды табу» тармағына өтіп, «Локатор желісі» параметрін өшіріңіз. Mac құрылғыңыздың «Локатор» желісіне қатысуынан бас тарту үшін «Жүйе реттеулері» > «[атыңыз]» > «iCloud» тармағына өтіп, «Mac құрылғымды табу» параметрінің жанындағы «Опциялар» түймесін басыңыз да, «Локатор желісі» параметрін өшіріңіз. AirTag құрылғылары мен үйлесімді үшінші тараптық өнімдер туралы толығырақ ақпаратты, оның ішінде бұл өнімдерді «Локатор» функциясына қосу және Apple ID аккаунтында тіркеу бойынша нұсқауларды алу үшін мына веб-сайтты қараңыз: support.apple.com/kb/HT211331.

«Локатор» және «Белсендіру құлпы» функциясын өшіруге болады. Ол үшін iOS немесе iPadOS құрылғысында «Реттеулер» > «[сіздің атыңыз]» > «Локатор» > «[құрылғы] құрылғымды табу» тармағына өтіп, «iPhone құрылғымды табу» немесе «iPad құрылғымды табу» параметрін өшіру үшін түртіңіз. Ал Mac компьютерінде «Жүйе реттеулері» > «[сіздің атыңыз]» > «iCloud» тармағына өтіп, «Mac құрылғымды табу» опциясынан құсбелгіні алып тастаңыз.

Егер қолдау көрсетілетін құрылғылар мен элементтерден алыстап кеткен кезде хабарландырулар алу опциясын таңдасаңыз, құрылғыңыз мұндай хабарландырулар келмейтін геолокацияларды (мысалы, үйде немесе жұмыста) ұсынады. Бұл геолокациялар туралы деректер Apple компаниясы оқи алмайтындай жолмен сақталады. Алыстап кеткен кезде хабарландырулар алу опциясын өшіруге болады. Ол үшін iOS немесе iPadOS құрылғыңыздағы «Локатор» қолданбасында «Құрылғылар» немесе «Элементтер» параметрін түртіп, құрылғыны немесе элементті таңдаңыз да, «Ұмытылған жағдайда хабарлау» параметрін түртіп, «Ұмытылған жағдайда хабарлау» опциясын өшіріңіз. Mac компьютеріндегі «Локатор» қолданбасында «Құрылғылар» немесе «Элементтер» параметрін, содан кейін құрылғыдағы немесе элементтегі «Ақпарат» түймесін басып, «Ұмытылған жағдайда хабарлау» опциясын өшіріңіз.

Жеке деректерді өңдеу үшін қолданылатын құқықтық негіз

«Локатор» қолданбасын пайдалансаңыз, жеке деректеріңізді қызмет көрсету және заңды міндеттемелерімізді орындау үшін қажет болған жағдайда өңдейміз. Келісім тиісті заңды негізге сүйенсе, біз оны қолданыстағы жергілікті заңға сәйкес іздейміз.

Қолданыстағы жергілікті заңда қарастырылған жағдайда, біз заңды мүдделеріміз немесе үшінші тараптың мүдделері үшін қажетті жеке деректерді келесі мақсатпен өңдейміз:

  • Сізге қызмет көрсету
  • Сізге және басқаларға сервисті жақсартуға және оңтайландыруға көмектесу
  • Алаяқтықтың және басқа зиянды әрекеттердің алдын алу

Пайдаланылған деректер мыналарды қамтиды:

  • Аккаунтыңыз туралы мәліметтер, соның ішінде Apple ID
  • Құрылғыларыңыз туралы ақпарат, соның ішінде құрылғы нұсқасы және геолокациясы
  • AirTag, AirPods және «Локатор» желісіне қосылған керек-жарақтар, соның ішінде сериялық нөмірі
  • Сіз бөліскен адамдар, құрылғыңыздың немесе жеке элементіңіздің (соның ішінде AirTag немесе AirPods және «Локатор» желісіне қосылған керек-жарақтар) геолокациясын жіберуді таңдасаңыз
  • Геолокацияңыз, құрылғыңыз немесе досыңыздың құрылғысы iOS 17 нұсқасына дейінгі операциялық жүйеде жұмыс істесе
  • «Локатор» қолданбасын пайдалану тәсілі, соның ішінде AirTag, AirPods және «Локатор» желісіне қосылған керек-жарақтарды құрылғыңызға қосқан кезде

Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy) сәйкес өңделеді

2023 жылғы 18 қыркүйек