Отбасылық баптау және құпиялылық

«Отбасылық баптау» функциясы отбасы мүшесінің Apple Watch сағатын iPhone құрылғыңызбен жұптастыруға мүмкіндік береді. Кейбір функциялардың көмегімен отбасы мүшесінің Apple Watch сағатынан белгілі бір деректерді сұрау мүмкіндігіне ие боласыз.
 

«Отбасылық баптау» функциясы жеке ақпаратыңызды қорғау және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беру мақсатында жасалған.

Privacy Icon

  • «Отбасылық баптау» функциясы отбасы мүшесінің Apple Watch сағатын iPhone құрылғыңызбен жұптастыруға мүмкіндік береді.
  • «Отбасылық баптау» функциясымен қолжетімді болатын watchOS функциялары жұмыс істеуі үшін, жеке деректерді пайдалану қажет болуы мүмкін.
  • Кейбір функциялардың көмегімен отбасы мүшесінің Apple Watch сағатынан белгілі бір деректерді сұрау немесе сәйкес әрекеттердің журналдарын көру мүмкіндігіне ие боласыз. Бұл отбасы мүшесінің медициналық деректері, құрылғының құлпын «Оқу уақыты» режимінде ашу, геолокация және контактілер туралы деректер сияқты деректерді қамтиды. Медициналық деректер және құрылғының құлпын «Оқу уақыты» режимінде ашу туралы ақпарат сәйкес ақпарат пен журналдарды беру мақсатында ғана Apple компаниясына өтпелі шифрлаумен қорғалған күйде жіберіледі.

«Отбасылық баптау» функциясы отбасы мүшесінің Apple Watch сағатын iPhone құрылғыңызбен жұптастыруға мүмкіндік береді. «Отбасылық баптау» функциясы үшін сіз және отбасыңыздың мүшесі екеуіңіз бір «Отбасылық қол жеткізу» тобында болуыңыз және сіз отбасы тобында отбасылық қол жеткізу әрекетін ұйымдастырушы немесе ата-ананың біреуі/қамқоршы болуыңыз қажет. «Отбасылық қол жеткізу» функциясы болмаса, оны орнату қажет болады, ал отбасыңыздың мүшесінде Apple ID аккаунты болмаған жағдайда, сізге оны жасау қажет болады.

«Отбасылық баптау» функциясын пайдаланған жағдайда, отбасы мүшесінің Apple Watch сағаты iPhone құрылғыңызға жақын жерде болмаса да, watchOS операциялық жүйесінің белгілі бір функциялары қолжетімді болады. «Отбасылық баптау» функциясын пайдаланғанда, watchOS функцияларының кейбірі қолжетімді болмауы мүмкін. Apple Watch сағатында ұялы тарифтік жоспар болмаған жағдайда немесе отбасы мүшесіне жасына байланысты белгілі бір шектеулер (мысалы, қоңырау шалу шектеуі) қойылса, кейбір қосымша watchOS функциялары қолжетімді болмауы мүмкін. Apple Watch сағатын ұялы деректерге қолдау көрсететін «Отбасылық баптау» тізіміне қосқан кезде, Apple Watch сағатының сериялық нөмірі және ұялы байланысқа арналған аппараттық жасақтама идентификаторлары ұялы тарифтік жоспарды конфигурациялау үшін Apple компаниясына жіберіледі.

Кейбір функциялардың көмегімен отбасы мүшесінің Apple Watch сағатынан белгілі бір деректерді сұрау мүмкіндігіне ие боласыз. Бұл отбасы мүшесінің денсаулығы, геолокация және контактілер туралы деректер сияқты ақпаратты қамтиды. Отбасыңыздың мүшесі бұл деректерді сізбен бөлісу немесе бөлісу әрекетін тоқтату мүмкіндігіне ие болуы мүмкін. Отбасы мүшесінің медициналық деректеріне қол жеткізу құқығын сұраған жағдайда, бұл сұрау отбасы мүшесінің сағатына келеді. Отбасыңыздың мүшесі медициналық деректерін сізбен бөлісуді шешсе, бұл ақпарат өтпелі шифрлаумен қорғалып, Apple компаниясына жіберіледі. Бұл деректер Apple компаниясына осы ақпаратты бөлісуге мүмкіндік беру мақсатында ғана Apple ID аккаунтыңызбен байланысты болады.

«Оқу уақыты» функциясының көмегімен Apple Watch сағатының белгілі бір функцияларының пайдаланылуы шектелетін уақытты орнатуға болады. Отбасыңыздың мүшесі сағатының құлпын «Оқу уақыты» режимі кезінде ашса, құлыптан ашу туралы деректерді iPhone құрылғыңыздағы Apple Watch қолданбасында көре аласыз. Бұл ақпарат өтпелі шифрлаумен қорғалып, Apple компаниясына жіберіледі, бірақ Apple компаниясына құлыптан ашу туралы ақпаратты беруге мүмкіндік беру мақсатында ғана Apple ID аккаунтыңызбен байланысты болады.

«Отбасылық баптау» функциясының көмегімен отбасы мүшесінің Apple Watch сағатынан iPhone құрылғыңызда журналдар мен скриншоттарды көруге де болады.

«Отбасылық баптау» функциясын iPhone құрылғысындағы Aplle Watch қолданбасы арқылы кез келген уақытта өшіруге болады, ал отбасыңыздың мүшесі «Отбасылық баптау» функциясын Apple Watch сағатындағы «Реттеулер» мәзірі арқылы өшіре алады. Отбасыңыздың мүшесі де параметрлерін, оның ішінде деректерді сізбен бөлісу опциясын Apple Watch сағатындағы «Реттеулер» мәзірінде кез келген уақытта өзгерте алады.

Apple жеке деректерді тек жинау мақсаттарын орындау үшін қажет болғанша, соның ішінде осы хабарламада сипатталғандай және Apple құпиялылық саясатына сәйкес немесе заң талап еткендей сақтайды. Сақтау мерзімдерін бағалау кезінде алдымен жиналған жеке деректерді сақтау қажет пе, жоқ па, соны мұқият тексереміз және сақтау қажет болса, жеке деректерді заңмен рұқсат етілген ең қысқа мерзім ішінде сақтау үшін жұмыс істейміз.

Барлық уақытта «Отбасылық баптау» функциясын немесе оның көмегімен қосуға болатын кез келген басқа функцияларды пайдалану туралы Apple компаниясы жинаған ақпарат Apple компаниясының құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy веб-бетін қараңыз) сәйкес өңделеді

2022 жылғы 12 желтоқсан