FaceTime және құпиялылық

FaceTime арқылы қоңырау шалу үшін телефон нөміріңізді немесе Apple ID аккаунтыңызды тіркеуге болады. Apple компаниясы FaceTime қолданбасын пайдалану туралы шектеулі ақпаратты (мысалы, FaceTime арқылы қоңырау шалуға қашан әрекеттенгеніңіз) 30 күнге дейін сақтайды.
 

FaceTime қолданбасы жеке ақпаратыңызды қорғау және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беру мақсатында жасалған.

Privacy Icon

  • FaceTime функциясы өтпелі шифрлаумен қорғалған. Телефон нөміріңізді немесе эл. поштаңыздың мекенжайын сіз хабарласатын адамдар көре алады, сондай-ақ олармен атыңыз бен фотоңызды бөлісу не бөліспеу керек екенін таңдай аласыз.
  • Apple компаниясы FaceTime қолданбасын пайдалану туралы шектеулі ақпаратты (мысалы, FaceTime арқылы қоңырау шалуға қашан әрекеттенгеніңіз) 30 күнге дейін сақтайды.
  • FaceTime қолданбасы белгілі бір аймақтардағы веб-пайдаланушыларға FaceTime қоңырауларына интернет арқылы қосылуға мүмкіндік береді.

FaceTime — басқа iOS, iPadOS, visionOS құрылғысына немесе Mac компьютеріне видео немесе аудио қоңыраулар шалуға, сондай-ақ Apple Watch сағаты немесе интернет арқылы қоңырау шалуға мүмкіндік беретін Apple сервисі. Бұл қоңыраулар үшін тарифтік жоспарыңыз бойынша төлем алынбайды.

FaceTime функциясы өтпелі шифрлау әдісін пайдалану үшін әзірленді. FaceTime арқылы сөйлесу жазбаларын ешқашан сақтамаймыз.

FaceTime қолданбасына Apple ID аккаунтымен немесе тек телефон нөмірімен де кіруге болады. Құрылғыңызда жүйеге Apple ID аккаунтыңызбен кірсеңіз, FaceTime қолданбасына автоматты түрде кіресіз. Apple ID аккаунтыңызды немесе телефон нөмірлеріңізді сіз хабарласатын адамдар көре алады, сондай-ақ адамдар сізге Apple ID аккаунтыңыз және аккаунтыңызбен байланысты эл. пошта мекенжайлары немесе телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады. «FaceTime реттеулері» мәзірінде FaceTime арқылы қоңырау шалу және қабылдау үшін пайдалану қажет телефон нөмірлерін немесе эл. пошта мекенжайларын таңдауға болады. Қосымша байланыс ақпаратыңызды Apple ID аккаунтыңыздың appleid.apple.com веб-бетінде қосуға және растауға болады.

SharePlay функциясы Apple компаниясының немесе үшінші тарап қолданбаларын FaceTime қоңыраулары кезінде ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. SharePlay функциясы арқылы қолданбалар алмасатын контент өтпелі шифрлаумен қорғалған.

FaceTime сілтемелері арқылы қоңырау шалу уақытын кейінге белгілеуге және Windows немесе Android құрылғылары бар қатысушыларды онлайн түрде қосылуға шақыруға болады. Веб-пайдаланушыларға өздерін таныстыру және FaceTime қоңырауына қосылуға сұрау жіберу қажет болады. Веб-пайдаланушы қоңырауға қосылғаннан кейін, қоңырауға қол жеткізу құқығына ие кез келген пайдаланушы оны алғашқы 30 секунд ішінде жоя алады.

FaceTime аудио және телефон қоңырауларында контакт постеріңіз кіріс қоңырау экранында көрсетіледі. Контакт постеріңізді тек контактілеріңізбен автоматты түрде бөлісу опциясын немесе әрбір бөлісу әрекеті кезінде сұрау көрсету опциясын таңдауға болады, сонда бөліскен деректер олардың құрылғыларында сақталады. Егер контакт постеріңізді топтық FaceTime аудио немесе телефон қоңырауында бірнеше адаммен бөліссеңіз, контакт постеріңіз сол сұхбаттағы барлық адамға жіберіледі. Контакт постеріңізді кез келген уақытта жаңартуға болады. Егер автоматты түрде бөлісу опциясы таңдалған болса, келесі FaceTime аудио немесе телефон қоңырауын шалған кезде, жаңартулар жіберіледі. Егер контакт постерін бұрын бөлісіп, бірақ кейінірек бөлісу опциясын өшірген болсаңыз, бұрын жіберілген контакт постеріңіз алушылардың құрылғыларында сақталып қалған болуы мүмкін. Қоңыраулар үшін таңдалған контакт постеріңіз Apple компаниясына жіберіледі және Apple серверлерінде шифрланған күйде сақталады. Apple компаниясы бұл ақпаратты көре алмайды.

visionOS құрылғыңыздағы FaceTime қоңырауларында Персонаңыз қоңырау шалған барлық адамға қауіпсіз түрде жіберіледі, осылайша олар Персонаңызды көре алады. Қоңырау аяқталғаннан кейін, Персонаңыз басқа қоңырау қатысушыларының құрылғыларында ең көбі 30 күн ішінде шифрланған күйде сақталып тұруы мүмкін. Басқа қоңырау қатысушылары Персонаңызға сізбен сөйлескенде ғана қол жеткізе алады.

Apple компаниясы FaceTime функциясын пайдалану туралы кейбір ақпаратты Apple өнімдері мен сервистерін басқару және жақсарту мақсатында жазып алуы және сақтауы мүмкін:

  • FaceTime қолданбасын пайдаланған кезде, Apple компаниясы сервистерді пайдалану туралы ақпаратты сақтауы мүмкін. Бұл деректер негізінде жеке басыңызды анықтау мүмкін емес.
  • Apple FaceTime қоңыраулары (мысалы, қоңырауға шақырылған пайдаланушылар) және құрылғыңыздың желі конфигурациясы туралы ақпаратты жазып алып, 30 күнге дейін сақтауы мүмкін. Apple компаниясы қоңырауға жауап берілгені не берілмегені туралы деректерді сақтамайды және қоңырау кезінде айтылған әңгіменің мазмұнына қол жеткізе алмайды.
  • Сіз немесе басқа біреу спам немесе қажетсіз FaceTime қоңыраулары туралы хабарлағанда, Apple компаниясы Apple компаниясына жіберілген ақпаратты сақтауы мүмкін.
  • Құрылғыңыздағы кейбір қолданбалар (оның ішінде FaceTime) басқа адамдарға FaceTime арқылы хабарласуға болатыны не болмайтынын анықтау үшін Apple серверлеріне сұрау жіберуі мүмкін. Бұл жағдайда Apple компаниясы аккаунтыңызбен байланысты телефон нөмірлері мен эл. пошта мекенжайларын 30 күнге дейін сақтауы мүмкін.

Осы функцияларды пайдалану арқылы сіз Apple компаниясының және оның еншілес компаниялары мен агенттерінің осы ақпаратты жоғарыда сипатталғандай тасымалдауына, жинауына, сақтауына, өңдеуіне және пайдалануына келісесіз.

Барлық уақытта Apple компаниясы жинаған ақпарат Apple компаниясының құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді

2024 жылғы 5 наурызы