Face ID және құпиялылық

Face ID функциясы ақпаратыңызды қорғау мақсатында жасалған.

Face ID сізді TrueDepth камерасының көмегімен анықтайды

Face ID функциясын iPhone немесе iPad құрылғысының құлпын ашу үшін пайдалануға болады. TrueDepth камерасының көмегімен Face ID функциясы iPhone немесе iPad құрылғысының камерасына қарап тұрған адамның тіркелген пайдаланушы екенін анықтайды. Сондай-ақ Face ID функциясы Apple Pay сервисі арқылы төлемдер жасау, App Store дүкенінде сатып алу және қолданбаларда аутентификациядан өту мақсатында пайдаланылады.

Face ID деректері, оның ішінде бетіңіздің математикалық модельдері шифрланған және Secure Enclave қосалқы жүйесіне ғана қолжетімді кілтпен қорғалған. Функцияны пайдаланудағы тәжірибеңізді жақсарту, оның ішінде аутентификациядан сәтті өту үшін Face ID функциясын пайдаланғанда, бұл деректер нақтыланады және жаңартылады. Face ID бұл деректерді нақты сәйкестік анықталып, құрылғының құлпын ашу үшін құпиякод енгізілген кезде де жаңартады.

Face ID деректері құрылғыңыздан жіберілмейді және iCloud сервисіне немесе басқа жерге сақтық көшірмелері ешқашан жасалмаған.

Face ID функциясын сіз басқарасыз

Face ID қолданбасында тіркелген жағдайда, оның пайдаланылуын басқаруға немесе кез келген уақытта өшіруге болады. Мысалы, iPhone немесе iPad құрылғыңыздың құлпын ашу үшін Face ID функциясын пайдаланғыңыз келмесе, «Реттеулер» > «Face ID және құпиякод» тармағы арқылы өтіп, құпиякодыңызды енгізіңіз, содан кейін «iPhone құрылғысының құлпын ашу» немесе «iPad құрылғысының құлпын ашу» функциясын өшіріңіз. Face ID функциясын өшіру үшін «Реттеулер» > «Face ID және құпиякод» тармағы арқылы өтіп, құпиякодыңызды енгізіңіз, содан кейін «Face ID бастапқы күйге қайтару» опциясын түртіңіз. Бұл әрекет нәтижесінде құрылғыңыздан Face ID деректері, оның ішінде бетіңіздің математикалық модельдері өшіріледі. «Локатор» функциясының көмегімен немесе барлық контент пен реттеуді өшіру арқылы құрылғыдағы деректерді өшірген немесе құрылғыны бастапқы күйге қайтарған жағдайда, барлық Face ID деректері жойылады.

Face ID және қолданбалар

Қолдау көрсетілетін қолданбаларда Face ID функциясын аутентификация үшін қосуға болады. Қолданбаларға аутентификацияның сәтті не сәтсіз аяқталғаны туралы ғана хабарландыру жіберіледі. Қолданбалар тіркелген бетпен байланысты Face ID деректеріне қол жеткізе алмайды.

TrueDepth камерасын пайдаланудың басқа жолдары

Face ID функциясын пайдалану үшін тіркелмеген болсаңыз да, TrueDepth камерасы сіз iPhone не iPad құрылғысына қарап тұрмағанда, дисплейді қараңғылату немесе құрылғыға қарап тұрғанда, ескертулердің дыбыс деңгейін төмендету сияқты назарды тану функцияларына қолдау көрсету үшін оларды интеллектуалды түрде іске қосады. Мысалы, Safari браузерін пайдаланғанда, құрылғыңыз сіздің оған қарап тұрғаныңызды және қарап тұрмаған жағдайда, экранның өшірулі екенін анықтауға тырысады.

Осы функцияларды пайдаланғыңыз келмесе, «Реттеулер» > «Face ID және құпиякод» тармағы арқылы өтіп, құпиякодты енгізуге және «Назарды тану» функцияларын өшіруге болады.

2022 жылғы 12 қыркүйек