ClassKit және құпиялылық

ClassKit бағдарламалық ортасы оқушының құпиялылығы сақталатындай етіп жасалған.

Мектебіңізде немесе институтыңызда («Оқу орны») «Оқушының үлгерімі» функциясына қолдау көрсетілсе, үлгерім туралы есеп беретін қолданбалар кітап тарауын оқу, бірнеше математикалық теңдеуді шешу немесе тестіден өту сияқты тағайындалған әрекеттердің орындалу барысы туралы деректер береді. Үлгерім туралы берілетін деректерге тағайындалған әрекеттерді бастау және аяқтау уақыты негізінде жұмсалған уақыт, әрекетті орындау пайызы, бинарлық мән (мысалы, «иә/жоқ», «дұрыс/қате» және «аяқталған/аяқталмаған»), сөздер саны және жиналған балдар сияқты сандық мән және нәтиже (мысалы, тестінің нәтижесі) кіруі мүмкін. Қалай болғанда да, үлгерім туралы есеп беру әрекетіне қолдау көрсетілетін әрбір әрекетке жұмсалған уақыт туралы деректер жіберіледі. Бұл деректерді үлгерім туралы есеп беретін қолданбалар Apple компаниясына жібереді және оқу орныңызбен бөліседі. Сол арқылы мұғалімдеріңіз тағайындалған әрекеттер бойынша оқу үлгеріміңізді тиісінше бағалай алады.

Оқу үлгерімі туралы деректер оқу орнының нұсқауларына сәйкес, үлгерім туралы есеп беретін қолданбаларда мұғалім тағайындайтын тапсырмалар бойынша және оқу орны жасаған және тағайындаған басқарылатын Apple ID аккаунтына кірген кезде ғана беріледі. iPad құрылғысында, оның ішінде ортақ iPad немесе үйдегі iPad құрылғысында басқарылатын Apple ID аккаунтына кіріп, оқу үлгерімі туралы есеп беретін қолданбаны бірінші рет ашқанда, экранда оқушы үлгерімі деректерін жіберу туралы хабарландыру пайда болады. Нәтижесінде үлгерім туралы есеп беретін қолданбаларда тағайындалған тапсырмаларды орындай бастағанда, оқушы үлгерімі туралы есеп жөніндегі экрандағы хабарландыру баннері уақытша өшіріледі.

«Тапсырмалар» қолданбасын жақсарту

Оқу орныңыз Apple компаниясына «Тапсырмалар» қолданбасын жақсарту мақсатында сол қолданбаның қолданысы туралы деректерді, оның ішінде үлгерім туралы деректерді машинамен оқыту сияқты әдістердің көмегімен өңдеуге рұқсат беруі мүмкін. Деректерді өңдеуге дейін, олар дифференциалды жекешелік сияқты құпиялылықты сақтау процедураларынан өтеді. Осылайша бұл деректерді сізбен байланыстыру мүмкін емес. Мысалы, Apple компаниясы «Тапсырмалар» қолданбасын пайдалану туралы жеке басыңызға қатысы жоқ немесе жиынтық деректерді қолданба қолданысындағы трендтерді түсіну, пайдаланушы тәжірибесін бейімдеу және «Тапсырмалар» қолданбасы үшін жаңа оқу функцияларын әзірлеу мақсатында өңдеуі мүмкін. Басқарылатын Apple ID аккаунтыңызға кіріп, «Тапсырмалар» қолданбасын бірінші рет ашқанда, экранда хабарландыру пайда болады (оқу орныңыз осы функцияны қосқаннан кейін). Оқу орныңыз белгілі бір студенттер мен оқытушыларға осы мүмкіндікті пайдалануға рұқсат бермеу мүмкіндігіне ие. Бас тарту үшін оқу орныңызға хабарласыңыз.

Айқындық және бақылау

«Реттеулер» > «Оқу үлгерімі» тармағы арқылы өтіп, үлгерім туралы есеп беретін қолданбалардың Apple компаниясы мен оқу орныңызға үлгерім туралы қандай деректерді жіберетінін көруге болады. Сондай-ақ «Тапсырмалар» қолданбасы құрылғыңызға орнатылған жағдайда, сол қолданбада оқу үлгерімі туралы барлық деректерді көруге болады.

Apple School Manager келісіміне сәйкес, оқу үлгерімі туралы деректеріңіз үшін жауапкершілік оқу орныңызға жүктелген. Оқу орны «Оқушының үлгерімі» функциясын қосып, өшіре алады және кейбір оқушылардың оқу үлгерімі туралы деректерді жіберу жөніндегі сұрауына жауап беруден бас тарту мүмкіндігіне ие. Оқу үлгеріміңізді оқу орныңызбен бөлісу әрекетін тоқтатқыңыз немесе үлгерім туралы деректерді жойғыңыз келсе, оқу орныңызға хабарласыңыз.

Үлгерім туралы деректер Apple компаниясында сақталғанда және тасымалданғанда шифрланады. Деректеріңіздің қалай сақталатыны туралы қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжай бойынша «iCloud қауіпсіздігіне шолу» бөлімін қараңыз: support.apple.com/kb/HT202303.

Ақпаратты сақтау

Apple компаниясы оқу үлгерімі туралы барлық деректерді оқу орнының нұсқауларына сәйкес сақтайды. Оқу орныңыздан деректеріңіз бен басқарылатын Apple ID аккаунтыңызды жоюын сұрасаңыз, ал оқу орныңыз бұл міндетті Apple компаниясына жүктесе, Apple компаниясы серверлерінде сақталған деректерді 30 күн ішінде жояды.

Оқу орныңыз сізді Apple School Manager порталындағы сыныптан шығарып тастаса, сол сыныптағы оқу үлгеріміңіз туралы деректер жойылады. Оқу орны Apple School Manager порталында сыныпты жойғанда, онымен байланысты барлық деректер де жойылады.

Әзірлеушілер

ClassKit бағдарламалық ортасын қолданатын барлық әзірлеушіге қосымша міндеттер арттық. App Store дүкенінде қолданба жариялауға қатысты стандартты талаптармен қатар, ClassKit бағдарламалық ортасын қолданатын әзірлеушілер ClassKit бағдарламалық ортасын білім саласында қызмет көрсету үшін пайдалануы тиіс. Сондай-ақ олар деректерді пайдалану жөнінде сәйкес келетін және жан-жақты қамтылған құпиялылық саясатын ұсынуы тиіс.

Apple School Manager келісіміне сәйкес басқарылатын Apple ID аккаунтын қажет ететін сервистерді ұсыну кезінде Apple компаниясы жинайтын ақпарат Apple компаниясының құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy) және Apple School Manager келісімінің 3-бөлімі мен А қосымшасына (school.apple.com) сәйкес өңделеді. Apple компаниясының құпиялылық саясаты және Apple School Manager келісімінің 3-бөлімі мен А қосымшасы арасында сәйкессіздік бар болса, Apple School Manager келісімінің 3-бөлімі мен А қосымшасы басымдыққа ие болады.

2022 жылғы 12 қыркүйек