Байланысқа шығу және құпиялылық

«Байланысқа шығу» функциясы тағайындалған жерге баруыңыз туралы ақпаратты досыңызбен бөлісуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ оны белгілі бір уақыт кезеңіне орнатуға болады.
 

«Байланысқа шығу» функциясы жеке ақпаратыңызды қорғайтындай, бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей және қажет болған жағдайда ғана бөлісуге болатындай етіп жасалған.

Privacy Icon

  • Күтпеген оқиғалар орын алған жағдайда, құрылғыңыздың аккумулятор деңгейі, ұялы желі қосылымының күйі және соңғы белгілі геолокация сияқты құрылғыңыз туралы ақпарат досыңызға жіберілуі мүмкін.
  • Досыңызбен бөлісілген «Байланысқа шығу» сеансындағы кез келген ақпараттың мазмұны өтпелі шифрлаумен қорғалған.
  • Apple компаниясы «Байланысқа шығу» сеансын пайдалануыңызға қатысты жеке деректердің (мысалы, «Байланысқа шығу» сеансын белсендірген болсаңыз) шектеулі көлемін «Байланысқа шығу» сеансы барысында және сеанс аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде сақтайды.
  • Тағайындылған жер сеансын бастаған кезде, тағайындалған жер мен болжалды жету уақыты досыңызға жіберіледі.

Досыңызбен әрекеттесу және саяхатыңызды бөлісу үшін «Байланысқа шығу» функциясын пайдалануға болады. «Байланысқа шығу» сеансын iOS 17 немесе одан кейінгі нұсқадағы iPhone құрылғыңызбен бастауға болады. Сізде және «Байланысқа шығу» сеансын қолданатын досыңызда iMessage қолданбасы және екі факторлы аутентификация қосулы болуы керек, ал жүйеге Apple ID аккаунтыңызбен кіруіңіз қажет.

Тағайындылған жер сеансын бастаған кезде, тағайындалған жер мен болжалды жету уақыты досыңызға жіберіледі. Құрылғыңыз тағайындалған жерге жеткенде немесе сіздің уақытыңыз біткен кезде досыңызға автоматты түрде хабарландыру жіберіледі және барлығы дұрыс екенін растауыңыз керек болады. Сондай-ақ «Байланысқа шығу» сеансын аяқтау немесе «Бөлісуді тоқтату» түймесін түрту арқылы «Байланысқа шығу» сеансынан кез келген уақытта бас тартуға болады. «Байланысқа шығу» сеансы аяқталғанда, досыңыз автоматты түрде хабарландыру алады және «Байланысқа шығу» сеансы туралы ақпарат жойылады.

«Байланысқа шығу» сеансында құрылғыларыңыз туралы ақпарат уақытша сақталады. «Байланысқа шығу» сеансы iMessage қолданбасын пайдаланатындықтан, бұл ақпарат өтпелі шифрлаумен қорғалған. Күтпеген оқиға (мысалы, құрылғыңыз межелі жерге жете алмаса немесе қосылымды жоғалтса) немесе төтенше жағдай (мысалы, апат немесе құлау анықталса немесе сіз кез келген «Төтенше қоңырау — SOS» функциясын қолдансаңыз және құрылғыңыздағы сұрауларға жауап бермесеңіз) орын алса, досыңызға бұл жайлы iMessage арқылы автоматты түрде хабар жіберіледі. Сондай-ақ оларға құрылғыңыз туралы, соның ішінде соңғы белгілі аккумулятор деңгейі, ұялы байланыс күйі және геолокация туралы «Байланысқа шығу» сеансының ақпаратын жүктеп алу опциясы жіберіледі. Сондай-ақ құрылғыңызға бастапқы нүктеден құрылғының соңғы белгілі геолокациясына дейін жүріп өткен бағытын бөлісуді таңдауға болады. Құрылғыларыңыз сіздің қозғалыстарыңызды бақылауды жалғастырады және оқиғадан кейін 24 сағат ішінде досыңызға олардың күйі туралы хабарлап отырады. Құрылғыңыз және достарыңыздың құрылғылары жергілікті түрде жүктеп алынған «Байланысқа шығу» сеансының ақпаратын жеті күнге дейін сақтайды. Досыңыз қателікпен хабарландыру алған жағдайда, «Байланысқа шығу сеансын аяқтау» түймесін пайдаланып сеансты аяқтап, оған басқа жолмен (мысалы, «Хабарлар» немесе «Телефон» қолданбасы арқылы) хабарласуға болады.

Жеке деректерді өңдеу үшін қолданылатын құқықтық негіз

«Байланысқа шығу» функциясын пайдаланғанда, Apple жеке деректеріңізді қызмет көрсету және заңды міндеттемелерімізді орындау үшін қажет болған жағдайда өңдейді. Келісім тиісті заңды негізге сүйенсе, біз оны қолданыстағы жергілікті заңға сәйкес іздейміз.

Қолданыстағы жергілікті заңда рұқсат етілген жағдайда, біз заңды мүдделеріміз немесе үшінші тараптың мүдделері үшін қажетті жеке деректердің төмендегі санаттарын, соның ішінде қазіргі уақытта басқа адаммен «Байланысқа шығу» сеансында екендігіңіз, сол адам кім болғаны және ағымдағы сеанс кезінде кэштің босатылуы туралы ақпаратты өңдейміз.

Бұл заңды мүдделерге мыналар жатады:

  • Ақауларды жою, алаяқтық немесе қылмыстық әрекеттерге жол бермеу
  • «Байланысқа шығу» архитектурасын сақтауға (сеанс ақпаратының дұрыс контактіге жіберілуін қамтамасыз ету арқылы) көмектесу

Деректерді сақтау

Apple жеке деректерді тек жинау мақсаттарын орындау үшін қажет болғанша, соның ішінде Apple құпиялылық саясатында немесе қызметке тән құпиялылық туралы хабарламаларымызда сипатталғандай немесе заң талап еткендей сақтайды. Сақтау мерзімдерін бағалау кезінде алдымен жиналған жеке деректерді сақтау қажет пе, жоқ па, соны мұқият тексереміз және сақтау қажет болса, жеке деректерді заңмен рұқсат етілген ең қысқа мерзім ішінде сақтау үшін жұмыс істейміз. Apple компаниясы «Байланысқа шығу» сеансын пайдалануыңызға қатысты жеке деректердің (мысалы, «Байланысқа шығу» сеансында белсенді және кіммен болсаңыз) шектеулі көлемін «Байланысқа шығу» сеансы барысында және сеанс аяқталғаннан кейін 24 сағатқа дейін сақтайды.

Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді

2023 жылғы 18 қыркүйек