Apple Podcasts және құпиялылық

Apple Podcasts сервисінде сатып алынған подкасттар жазылымдары Apple ID аккаунтыңызбен байланысты. Алаяқтықтың алдын алу үшін құрылғының сенімділік индексі пайдаланылады. Подкасттарды қалай тыңдайтыныңыз және олармен қандай әрекеттерді орындайтыныңыз туралы деректер сервисті жетілдіру және дербестендіру мақсатында жиналады және Apple ID аккаунтыңызбен байланысты болмайды.
 

Apple Podcasts сервисі жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

Privacy Icon

  • Apple Podcasts сервисінде сатып алынған подкасттар жазылымдары Apple ID аккаунтыңызбен байланысты.
  • Подкасттарды қалай тыңдайтыныңыз туралы деректер Apple ID аккаунтыңызда сақталмайтын кездейсоқ құрылғы идентификаторымен байланыстырылған.
  • Подкасттарды қалай тыңдайтыныңыз туралы деректер подкасттарды тыңдау белсенділігін түсіну және подкаст провайдерлеріне ол туралы жиынтық ақпаратты ұсыну үшін пайдаланылады.
  • Сондай-ақ біз Apple Podcasts сервисін қалай пайдаланатыныңыз (мысалы, қандай интерфейс элементтерін түртетініңіз) туралы деректерді жинаймыз.
  • Қандай да бір өнімді сатып алған кезде, алаяқтықты анықтау және алдын алу мақсатында құрылғыны қалай пайдаланатыныңыз туралы ақпарат, соның ішінде кіріс және шығыс телефон қоңыраулары мен эл. хабарлардың болжалды саны құрылғының сенімділік индексін есептеу үшін пайдаланылады. Индексті жіберген кезде, Apple компаниясына осы индексті есептеуге негіз болған нақты мәндер берілмейді. Сенімділік индекстері серверлерімізде белгілі бір уақыт ішінде сақталады.

Жеке деректердің құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету Apple компаниясының барлық қызметкері үшін басымдық болып табылады. Біз ұсынатын сервистерді жақсарту үшін тек қажетті деректерді жинауға бар күшімізді саламыз. Саналы шешім қабылдауыңыз үшін, деректерді жинаған кезде оларды жинау туралы, сондай-ақ жинау себебі туралы хабардар етеміз. Apple Podcasts сервисі басқа да Apple өнімдері мен сервистері сияқты осы қағидаларға негізделіп жасалған.

Apple Podcasts сервисін ұсыну және жақсарту

Поскасттарды тыңдау тәсіліңіз бен әрекеттестіктеріңіз туралы деректер подкастты тыңдаушы аудиторияға қызмет ұсыну мен қызметті жақсарту және аудиторияны түсіну, сондай-ақ есептер жинау үшін пайдаланылады. Бұл деректерге сіз тыңдайтын подкасттар туралы ақпарат, мысалы, қанша подкастты тыңдайтыныңыз, қашан тыңдайтыныңыз және подкасттарды қай кезде трансляциялайтыныңыз, жүктеп алатыныңыз немесе оларға жазылатыныңыз туралы ақпарат кіреді. Сервисті жетілдіру және дербестендіру үшін Apple Podcasts сервисімен қандай әрекеттерді орындайтыныңыз (мысалы, қандай сілтемелерді түртетініңіз) туралы ақпарат жинаймыз. Apple Podcasts сервисі бұл деректер басқа Apple сервистерімен байланысты болмайтындай етіп жасалған. Бұл ақпарат тек Apple Podcasts сервисінде пайдаланылатын және Apple ID аккаунтыңызда сақталмаған кездейсоқ бірегей идентификатормен байланыстырылады. Бұл идентификаторды iCloud кілттер жинағы қосылған барлық құрылғыңыздың арасында синхрондау үшін iCloud кілттер жинағын пайдаланамыз. iOS немесе iPadOS құрылғыңызда Apple компаниясына жіберілетін ойнату деректеріне кіретін идентификаторды нөлдеу үшін «Реттеулер» > «Подкасттар» > «Идентификаторды нөлдеу» тармағына өтіңіз. visionOS құрылғысында «Реттеулер» > «Қолданбалар» > «Подкасттар» > «Идентификаторды нөлдеу» тармағына өтіңіз. Бұл жағдайда барлық жұптастырылған watchOS құрылғысындағы идентификатор да бастапқы күйге қайтарылады.

Ыңғайлы болу үшін Apple Podcasts сервисі сіз тыңдап жатқан подкасттардың эпизодтарын, сондай-ақ медиатекаңыздың контентін, соның ішінде сіз жазылған шоуларды, сіз сақтаған эпизодтарды және станцияларыңызды қай жерге дейін тыңдағаныңыз туралы деректерді синхрондайды, осылайша тура сол Apple Podcasts подкасттарын барлық құрылғыңызда тыңдауға болады. Бұл ақпарат Apple ID аккаунтыңызбен байланысты болып сақталады. Медиатекаңызды синхрондау функциясын «Реттеулер» бөлімінде өшіруге болады.

Сізге ең қолайлы контентті ұсыну үшін сервисті жекелендіреміз. Ол үшін арналар мен подкасттарға жазылымдарыңыз, жақында ойнатылған подкасттар мен соңғы ұсыныстар туралы ақпаратты пайдаланамыз. Apple Podcasts сервисінде, сонымен қатар App Store, iTunes Store, Apple TV, Apple Books, «Подкасттар» сервисінде және Apple жазылымдары үшін жекелендіру мүмкіндіктерін өшіруге болады. Ол үшін Apple ID аккаунтыңыздың «Жекелендірілген ұсыныстар» опциясын өшіріңіз. iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғыңызда «Реттеулер» > «[атыңыз]» > «Медиа және сатып алулар» > «Аккаунтты көру» тармағы арқылы өтіп, «Жекелендірілген ұсыныстар» опциясын өшіріңіз.

Деректер подкаст провайдерлеріне тек жинақталған түрде жіберіледі. Үшінші тараптарға жеке деректеріңіз жіберілмейді. Алайда кейбір подкаст провайдерлерінің подкаст эпизодтарын ойнатқанда немесе жүктеп алғанда, сондай-ақ аудио шолуды тыңдау үшін Siri көмекшісін пайдаланғанда, бұл провайдерлер олардың подкасттарын қалай пайдаланатыныңыз туралы ақпаратты жинауы мүмкін. Бұл жағдайда деректерді жинау олардың құпиялылық саясаттарымен және құпиялылықты қамтамасыз ету процедураларымен реттеледі. Мысалы, телешоуды URL мекенжайы бойынша қоссаңыз немесе үшінші тараптық хостинг платформасына орналастырылған подкастты тыңдасаңыз, құрылғы сұралған контентті ұсыну үшін тікелей үшінші тараптық хостинг платформасына қосылады. Қосылғаннан кейін құрылғыңыздың IP мекенжайы үшінші тараптық хостинг-платформасына көрінеді. Үшінші тараптық хостинг‑платформа арқылы алынған IP мекенжайыңыздың қолданысы осы үшінші тараптық хостинг‑платформаның құпиялылық саясатымен реттеледі.

Apple Podcasts сервисімен біріктіру опциясы бар басқа қолданбалар мен құрылғылар Apple Podcasts сервисіне және подкасттар медиатекасына қол жеткізу рұқсатын сұрауы мүмкін. Егер қолданбаға немесе құрылғыға біріктіру рұқсатын берсеңіз, ол медиатека, подкасттарды ойнату белсенділігі және сіздің ұсыныстарыңыз сияқты ақпаратқа қол жеткізе алатын болады. Сондай-ақ рұқсаты бар қолданба немесе құрылғы аккаунтыңызбен байланысты деректерді (мысалы, медиатекаңызда қандай подкасттар бар екені туралы деректер) өзгерте алады. Қолданбаға қол жеткізу мүмкіндігін iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғыңыздағы «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Медиа және Apple Music» тармағынан өшіруге болады. Басқа қолданбалар немесе құрылғылар үшін қол жеткізу мүмкіндігін Apple Music аккаунтының реттеулерінде өшіруге болады.

Кері байланыс

Apple компаниясы сізге ұнауы мүмкін Apple Podcasts сервисі және басқа да Apple өнімдері, сервистері мен ұсыныстары жөнінде ақпарат жіберу үшін Apple компаниясы сіз сатып алған Apple өнімдері және жазылған Apple сервистері сияқты аккаунтыңыз туралы ақпаратты пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ Apple компаниясы Apple Podcasts сервисінде қолжетімді жаңа функциялар, контент пен ұсыныстар жөнінде эл. пошта хабарлары мен push хабарландыруларын жіберу үшін Apple Podcasts сервисіндегі белсенділігіңіз туралы ақпаратты пайдалануы мүмкін. Эл. пошта параметрлерін өзгерту және осы эл. хабарларды алудан бас тарту үшін мына сайтқа өтіңіз: appleid.apple.com. iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғысында хабарландыру параметрлерін жаңарту үшін «Реттеулер» > «Хабарландырулар» > «Подкасттар» тармағына өтіңіз. Apple компаниясы сервистерімізді жақсарту үшін байланыстарымызбен, соның ішінде хабарландырулармен өзара әрекеттесуіңіз туралы ақпаратты пайдаланады.

Apple Podcasts жазылымдары

Егер Apple Podcasts сервисінен подкасттарды сатып алсаңыз, сатып алу транзакцияларын өңдеу үшін қажет жеке деректерді (мысалы, «Реттеулер» бөлімінде қол жеткізуге және өзгертуге болатын аккаунт және төлем туралы ақпарат), сондай-ақ сатып алу тарихын пайдаланамыз. Apple Podcasts сервисінің тегін сынақ нұсқасын немесе арнайы ұсынысын алу мүмкіндігіңіздің бар-жоғын тексеру үшін жеке деректеріңізді де пайдалануымыз мүмкін.

Apple Podcasts сервисінде сіз жазылған қосымша контентке қол жеткізу құқығыңыз бар-жоғын тексеру үшін Apple сервистеріне және App Store арқылы сатып алынған үшінші тараптарға белсенді жазылымдарыңыз туралы ақпаратты пайдаланамыз. Жазылымды бұрын қолжетімді контенті бар үшінші тараптан тікелей сатып алсаңыз, жазылымды үшінші тараппен растауға және мұндай контентке қол жеткізуге болады.

Алаяқтықтың және басқа зиянды әрекеттердің алдын алу

Төлем картасын пайдаланғанда, Apple компаниясы картаңыздың нөмірін және төлеуші туралы ақпаратты болашақтағы сатып алулар, қайталама транзакциялар немесе рұқсат етілген басқа да әрекеттер үшін сақтап, автоматты түрде жаңартуы мүмкін. Apple компаниясы бұл ақпаратты қаржы мекемесінен немесе төлем жүйесінен алып, оны алаяқтықтың алдын алу және деректерді тексеру мақсатында пайдалануы мүмкін.

Сондай-ақ құрылғыны қалай пайдаланатыныңыз туралы ақпаратты, соның ішінде кіріс және шығыс телефон қоңырауларының немесе эл. хабарлардың болжалды санын пайдалана отырып сатып алған кезде, құрылғыңыздағы құрылғының сенімділік индексін есептейміз. Индексті жіберген кезде, Apple компаниясына осы индексті есептеуге негіз болған мәндер берілмейді. Көрсеткіш серверлерімізде белгілі бір уақыт ішінде сақталады.

Apple компаниясы Apple Podcasts сервисін қалай пайдаланатыныңыз туралы ақпаратты iOS, iPadOS немесе visionOS бағдарламалық жасақтамасының лицензиялық келісімін немесе қолданыстағы заңнаманы бұзатын немесе бұзуға әкелуі мүмкін әрекеттердің алдын алу немесе оларға қарсы шара қабылдау мақсатында пайдалануы мүмкін.

Жеке деректерді өңдеу үшін қолданылатын құқықтық негіз

Біз Apple Podcasts қолданбасында жеке деректеріңізді әдетте Apple компаниясымен келісімшартты орындау, қызмет көрсету үшін қажет болған жағдайда және заңды міндеттемелерімізді орындау үшін өңдейміз. Келісім тиісті заңды негізге сүйенсе, біз оны қолданыстағы жергілікті заңға сәйкес іздейміз.

Қолданыстағы жергілікті заңда қарастырылған жағдайда, біз заңды мүдделеріміз немесе үшінші тараптың мүдделері үшін қажетті жеке деректерді келесі мақсатпен өңдейміз:

  • Сізге қолжетімді контентті көрсету
  • Ойнату орнын және медиатеканы құрылғылар арасында синхрондау
  • Сізге және басқаларға арналған сервисті оңтайландыру және жақсарту, сондай-ақ Apple Podcasts және сізге қызықты болуы мүмкін басқа да қатысты Apple өнімдері, сервистері мен ұсыныстары туралы хабарламалар жіберу
  • Алаяқтықтың және басқа зиянды әрекеттердің алдын алу

Пайдаланылған деректер мыналарды қамтиды:

  • Apple Podcasts сервисін пайдалану тәсіліңіз, соның ішінде ойнату позициясы және медиатекаңыздағы контент
  • Сіз Apple Podcasts сервисінде сатып алған подкасттар жазылымдары
  • Аккаунтыңыз, мысалы, сіздің иелігіңіздегі Apple өнімдері және Apple сервистеріне жазылымдар
  • IP мекенжайыңыз

Деректерді сақтау

Apple Podcasts жазылымдарында сатып алынған подкасттармен байланысты жеке деректерді аймаққа байланысты әртүрлі болатын қаржылық есептілікке қатысты қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзім ішінде сақтаймыз. Тұтынушылардың көбісі үшін деректерді сақтау мерзімі кем дегенде 10 жыл құрауы қажет, ал Қытай сияқты аймақтарда бұл мерзім 30 жыл құрауы мүмкін. Сондай-ақ сатып алу туралы жазбалар аккаунтыңыз жойылмайынша сақталып тұра береді. Бұл сізге осы контентке қолданыстағы шарттарға сәйкес қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сақталған мәліметтерден басқа кейбір ақпарат аккаунтты жойғаннан кейін де немесе Apple Podcasts сервисін пайдаланбай кетсеңіз де бухгалтерлік жазбаларда сақталуы мүмкін.

Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy) сәйкес өңделеді

2024 жылғы 21 мамыры