Apple Music сервисіндегі достар мен құпиялылық

Профильдегі кейбір ақпарат әрқашан жалпыға қолжетімді, бірақ әрекеттеріңізді бақылау кімге рұқсат берілгенін өзіңіз анықтайсыз. Apple Music сервисі сізге достар ұсынған кезде, контактілеріңіз туралы деректерді сақтамайды.
 

«Apple Music ішіндегі достар» сервисі жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

Privacy Icon

  • Профиль жасаған кезде, ондағы кейбір ақпарат жалпыға қолжетімді болады, бірақ әрекеттеріңізді бақылау кімге рұқсат берілгенін өзіңіз анықтайсыз.
  • Apple Music құрылғыңыздағы контактілерді мезгіл-мезгіл тексеру арқылы жаңа достар ұсына алады. Бұл Apple Music контактілеріңізді білмейтіндей етіп жасалады.
  • Адамдар контактілерінде бар Apple ID аккаунтыңыздың негізінде сізді басқа адамдарға дос ретінде ұсынуға болатын-болмайтынын анықтайсыз.

Жеке деректердің құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету Apple компаниясының барлық қызметкері үшін басымдық болып табылады. Біз ұсынатын сервистерді жақсарту үшін тек қажетті деректерді жинауға бар күшімізді саламыз. Саналы шешім қабылдауыңыз үшін, деректерді жинаған кезде, оларды жинау туралы, сондай-ақ жинау себебі туралы хабардар етеміз. Apple Music сервисі басқа да Apple өнімдері мен сервистері сияқты осы қағидаларға негізделіп жасалған.

Басқа Apple Music пайдаланушыларымен байланысу немесе контентті бөлісу үшін пайдаланушы идентификаторы (мысалы, @johnappleseed) мен көрсетілетін атын, сондай-ақ, қажет болса, профиль фотосы мен басқа ақпаратты енгізіп, жеке профиль жасауға болады. Apple компаниясы, бұл ақпаратқа кез келген құрылғыңыздан қол жеткізе алуыңыз үшін, оны аккаунтыңызда сақтайды. Пайдаланушы идентификаторы, көрсетілетін аты мен профильдегі фотосы жариялайтын контентпен және Apple Music сервисіндегі белсенділігіңізбен бірге көрсетілуі мүмкін. Балаларға арналған Apple ID аккаунтарында контентті бөлісу және жариялау әрекеті ағымдағы уақытта қолжетімді емес және ондай мүмкіндік қарастырылмайды.

Сондай-ақ басқа адамдар сіз ұсынған ақпарат бойынша Apple Music профиліңізді таба алады.

Тек таңдаулы адамдарға профиліңізге, тыңдау белсенділігіңіз бен плейлисттеріңізге қол жеткізуге рұқсат беруге болады. Алайда пайдаланушы идентификаторы, көрсетілетін аты, фотосы, жазылушылар мен жазылымдары сияқты профиль ақпараты бәріне көрінеді.

Apple Music сервисінде профиль жасаған кезде, дос ретінде араласу қызық болуы мүмкін басқа Apple Music жазылушылары туралы ақпарат беріледі. Apple компаниясы ұсынатын достарды іздеген кезде контактілеріңіз туралы ақпаратты алмайды немесе сақтамайды. Apple компаниясына контактілеріңіздегі телефон нөмірлері мен эл. пошта мекенжайларының тек қысқартылған және шифрланған хэштері жіберіледі, содан кейін ұсынылатын сәйкес Apple Music жазылушылары құрылғыңызда жергілікті түрде анықталады. Apple Music жаңа достар ұсыну үшін контактілеріңізді мезгіл-мезгіл тексеріп тұруы мүмкін; Бұл функцияны Apple Music сервисінің «Аккаунт реттеулері» бөлімінен өшіруге болады. Басқалар сізді Apple ID аккаунтыңызда көрсеткен және олардың контактілеріндегі байланыс ақпараты бойынша тапқанын қаламасаңыз, аккаунт реттеулеріндегі « Apple ID арқылы табуға рұқсат беру» опциясын өшіруге болады.

Профильде көрсетілген ақпаратты кез келген уақытта жаңартуға немесе жоюға болады. Қандай да бір нәрсені интернетке жариялау алдында, қайсысын жалпыға қолжетімді ету немесе етпеу жөнінде мұқият ойланған жөн. Басқа веб-сайттарда немесе әлеуметтік желілерде Apple Music материалдарын бөліскен кезде, олар басқа сервистердің құпиялылық саясатына сәйкес өңделеді.

Жеке деректерді өңдеу үшін қолданылатын құқықтық негіз

Біз Apple Music сервисіндегі достар үшін жеке деректеріңізді әдетте Apple компаниясымен келісімшартты орындау, қызмет көрсету үшін қажет болған жағдайда және заңды міндеттемелерімізді орындау үшін өңдейміз. Келісім тиісті заңды негізге сүйенсе, біз оны қолданыстағы жергілікті заңға сәйкес іздейміз.

Қолданыстағы жергілікті заңда қарастырылған жағдайда, біз заңды мүдделеріміз немесе үшінші тараптың мүдделері үшін, соның ішінде «Apple Music сервисіндегі достар» функциясын қамтамасыз ету және байланысқыңыз келетін басқа да Apple Music жазылушыларын ұсыну үшін қажетті жеке деректерді өңдейміз.

Пайдаланылған деректер мыналарды қамтиды:

  • Apple Music сервисіндегі достарыңыздың профилі туралы ақпарат және Apple ID аккаунтыңыздың байланыс ақпараты
  • Сіз жариялайтын және бөлісетін контент, сіздің жазылымдарыңыз және жазылушыларыңыз
  • Контактілеріңіз туралы ақпарат
  • Байланысқыңыз келуі мүмкін Apple Music жазылушылары

Apple компаниясы жинаған ақпарат әрқашан Apple компаниясының құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді

6 сәуір, 2023 жыл