Apple Books және құпиялылық

Apple компаниясы Apple Books қолданбасын жақсарту және дербестендіру үшін Apple ID аккаунтыңызбен байланысты емес оқырман белсенділігі туралы деректерді жинайды. Іздеу әрекеттері, интернеттегі белсенділік, сатып алулар мен құрылғының сенімділік индексі тәжірибеңізді дербестендіру, хабарландырулар жіберу (соның ішінде Apple жарнамасы), дүкенді жақсарту және алаяқтықтың алдын алу мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
 

Apple Books жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

Privacy Icon

  • Сізді App Store дүкені және басқа Apple интернет дүкендерінде сатып алатын, жүктеп алатын немесе жаңарту қажет контентпен қамтамасыз ету үшін жеке деректеріңізді жинаймыз.
  • Сондай-ақ аккаунтыңыз, дүкендерде сатып алынған және жүктеп алынған заттар туралы ақпаратты App Store, Apple News және «Акциялар» қолданбасында (бар болса) сізге сәйкес келетін жарнамалар ұсыну мақсатында пайдаланамыз. Төменде сипатталғандай, бұл жарнаманың реттеулерін басқаруға болады.
  • Біз дүкендердегі сатып алулар мен жүктеп алулар және Apple Books сервисіндегі басқа да әрекеттер туралы ақпаратты функциялар мен ұсыныстарды дербестендіру және Apple жарнамасы үшін хабарландырулар жіберу мақсатында пайдаланамыз. Бұл деректерді осындай мақсатпен пайдаланудан төменде сипатталғандай бас тартуға болады. Пайдаланушыларымыз үшін Apple Books сервисін жақсарту мақсатында оқырмандардың белсенділігі туралы жеке басты анықтамайтын деректерді жинаймыз.
  • Қандай да бір өнімді сатып алған кезде, алаяқтықты анықтау және алдын алу мақсатында құрылғыны қалай пайдаланатыныңыз туралы ақпарат, соның ішінде кіріс және шығыс телефон қоңыраулары мен эл. хабарлардың болжалды саны құрылғының сенімділік индексін есептеу үшін пайдаланылады. Индексті жіберген кезде, Apple компаниясына осы индексті есептеуге негіз болған нақты мәндер берілмейді. Сенімділік индекстері серверлерімізде белгілі бір уақыт ішінде сақталады.
  • Дүкендерді жақсартудың жаңа жолдарын табу мақсатында біз интернеттегі белсенділік, сатып алулар, іздеу әрекеттері және жүктеп алулар туралы ақпаратты пайдаланамыз. App Store дүкеніне немесе басқа Apple интернет дүкендеріне кіргенде, бұл жазбалар IP мекенжайымен, кездейсоқ бірегей идентификатормен (қажет болғанда) және Apple ID аккаунтымен бірге сақталады.

Жеке деректердің құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету Apple компаниясының барлық қызметкері үшін басымдық болып табылады. Біз ұсынатын сервистерді жақсарту үшін тек қажетті деректерді жинауға бар күшімізді саламыз. Саналы шешім қабылдауыңыз үшін, деректерді жинаған кезде оларды жинау туралы, сондай-ақ жинау себебі туралы хабардар етеміз. Apple Books сервисі басқа да Apple өнімдері мен сервистері сияқты осы қағидаларға негізделіп жасалған.

Дүкендерді ұсыну

App Store дүкеніндегі және басқа да Apple интернет дүкендеріндегі (соның ішінде iTunes Store және Apple Books) сервистер мен функцияларды қамтамасыз ету үшін жеке деректеріңізді пайдаланамыз. Бұл ақпарат, мысалы, «Реттеулер» мәзірінде қол жеткізуге және өзгертуге болатын аккаунт пен төлем туралы ақпаратты және сатып алу мен жүктеп алу тарихын қамтиды.

Контентті Apple Books қолданбасынан жүктеп алғанда, Apple компаниясы құрылғыңыздың аппараттық идентификаторы және IP мекенжайы сияқты идентификаторларды Apple ID аккаунтыңызбен бірге журналға енгізеді.

Сізге ыңғайлы болу үшін Apple Books бетбелгілерді, ескертпелерді және жинақтарды жүйеге кірген құрылғыларыңыз бен компьютерлеріңізде синхрондайды. Бұл ақпаратты сақтаймыз және ол Apple ID аккаунтыңызбен байланысты.

Дүкендерді жақсарту

App Store дүкенін және басқа да Apple интернет дүкендерін жақсарту үшін Apple Books қолданысы туралы ақпаратты, оның ішінде дүкенді қашан ашатыныңыз не жабатыныңыз, қандай контентті іздейтініңіз, қандай контентті көріп, жүктеп алатыныңыз және хабарландырулар бойынша орындалған әрекеттеріңіз туралы ақпаратты жинаймыз. Сондай-ақ құрылғыңыз туралы құрылғы түрі, операциялық жүйе нұсқасы және бос орын көлемі сияқты ақпаратты жинаймыз. Бұл ақпаратты сұралған контентті жүктеп алу мүмкіндігінің бар-жоғын бағалау, құрылғының сақтау орнын пайдаланудағы жалпы трендтерді түсіну және құрылғыңыздың Wi-Fi желісіне немесе ұялы байланыс желісіне қосылған-қосылмағанын білу мақсатында пайдалануымыз мүмкін. Іздеу әрекеттеріңіз туралы деректер ең танымал іздеу нәтижелерін ұсынуға да мүмкіндік береді. Іздеу мен ұсыныстарды жақсарту үшін қолданбаны пайдалану және оқу әрекеті туралы жиынтық ақпаратты пайдаланамыз.

Пайдаланушылардың қызығушылықтарын, функцияларға басымдық беру және жиынтықтық оқырман белсенділігін талдау үшін кітаптарды қалай таңдайтыны мен оқитыны туралы деректер жинаймыз. Бұл ақпарат Apple компаниясы белгілі бір пайдаланушының оқу белсенділігін бақыламау үшін әрбір пайдаланушы және әрбір кітап үшін кездейсоқ бірегей идентификаторлармен байланыстырылған. Apple Books қолданбасынан жүктелген кітаптар үшін пайдаланушылар оқитын кітаптардың әдеби жанры және басқа да сипаттамалары туралы жалпылама деректер жиналады. Apple Books қолданбасынан жүктелмеген кітаптар немесе басқа құжаттар үшін кітап мазмұны туралы ақпаратты емес, файл форматын жинаймыз.

Оқырман белсенділігі туралы деректерді өтпелі шифрлау көмегімен iCloud сервисіне кірген барлық құрылғыңыздағы идентификаторларды синхрондау үшін iCloud сервисін пайдаланамыз. Осы идентификаторларды iOS немесе iPadOS құрылғыңызда бастапқы күйге қайтару үшін «Реттеулер» > «Кітаптар» тармағына өтіп, «Идентификаторды нөлдеу» параметрін қосу үшін түртіңіз. visionOS құрылғыңызда «Реттеулер» > «Қолданбалар» > «Акциялар» тармағына өтіп, «Идендификаторды нөлдеу» функциясын қосу үшін түртіңіз.

Дүкендерді дербестендіру

Apple Books қолданбасында орындаған әрекеттеріңіз туралы деректерді сізге ең жарамды контентті табуға көмектесу мақсатында пайдаланамыз. Мысалы, қандай контентті қарайтыныңызды немесе жүктеп алатыныңызды білетін болсақ, сізге дербестендірілген функцияларды (мысалы, сізге ұнауы мүмкін кітаптар) ұсына аламыз. Бұрын ізделген, қаралған, жүктеп алынған, жаңартылған, тексерілген немесе «Оқығым келеді» тізіміне қосылған кітаптар негізінде сізге ұнауы мүмкін контентті ұсынамыз. Сондай-ақ оқу белсенділігіңізді, мысалы, кітап оқу прогресіңізді көбірек сәйкес ұсыныстар жасау үшін пайдаланамыз. Бұл оқу белсенділігі Apple ID аккаунтыңызбен байланысты емес. Сатып алулар тарихы мен төлем әдістеріңізді және Apple ID аккаунтыңыздан алынған аккаунт туралы ақпаратты пайдаланамыз. App Store, iTunes Store, Apple TV, Apple Books және «Подкасттар» сервисінде және Apple жазылымдары үшін дербестендіру мүмкіндіктерін өшіруге болады. Ол үшін Apple ID аккаунтыңыздың «Дербестендірілген ұсыныстар» опциясын өшіріңіз. iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғыңызда «Реттеулер» > «[атыңыз]» > «Медиа және сатып алулар» тармағына өтіп, «Аккаунтты көру» функциясын түртіңіз, содан кейін «Жекелендірілген ұсыныстар» опциясын өшіріңіз.

Siri көмекшісі сіз пайдаланатын қолданбалардан алынып, құрылғыда өңделген ақпаратқа сүйене отырып, сізге ұнауы мүмкін контентті ұсынады. Бұл ақпарат Apple компаниясына жіберілмейді. Бұл функцияны кез келген уақытта өшіруге болады. Ол үшін iOS немесе iPadOS құрылғысында «Реттеулер» > «Кітаптар» > «Siri және іздеу» тармағына өтіп, «Қолданбада көрсету» параметрін өшіру үшін түртіңіз. visionOS құрылғыңызда «Реттеулер» > «Қолданбалар» > «Кітаптар» > «Siri және іздеу» тармағына өтіп, «Қолданбада көрсету» параметрін өшіру үшін түртіңіз.

Кері байланыс

Apple компаниясы сізге ұнауы мүмкін Apple Books қолданбасы және басқа да Apple өнімдері, сервистері мен ұсыныстары жөнінде ақпарат жіберу үшін Apple компаниясы сіз сатып алған Apple өнімдері және жазылған Apple сервистері сияқты аккаунтыңыз туралы ақпаратты пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ Apple компаниясы Apple Books қолданбасындағы әрекеттеріңіз туралы ақпаратты сізге Apple Books қолданбасында қолжетімді жаңа функциялар, контент және ұсыныстар туралы ақпарат жіберу үшін пайдалануы мүмкін.

Эл. пошта арқылы хабарлар алуға келіссеңіз, бұл ақпаратты эл. пошта арқылы алуыңыз мүмкін. Эл. пошта параметрлерін өзгертуге және осы эл. хаттарды алудан бас тартуға болады. Ол үшін appleid.apple.com сайтына өту немесе iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғыңызда «Реттеулер» > [атыңыз] > «Жеке ақпарат» > «Байланыс параметрлері» тармағына өту керек. Сондай-ақ бұл ақпаратты push хабарландыруы түрінде алуыңыз мүмкін. iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғыңызда хабарландыру параметрлерін жаңарту немесе хабарландырулардан бас тарту үшін «Реттеулер» > «Хабарландырулар» > «Кітаптар» тармағына өтіңіз.

Жарнама

Apple компаниясы жіберетін жарнамалар пайдаланушыларға App Store, Apple News және «Акциялар» сервисіндегі қолданбалар, өнімдер мен сервистер туралы білуге көмектеседі. Құрылғыңыз, аккаунтыңыз, сатып алған өнімдер, жазылымдар және жүктеп алынған қолданбалар туралы ақпаратты жарнамалардың сәйкес болуын қамтамасыз ету мақсатында пайдаланамыз. App Store дүкенінде іздегенде, біз іздеу сұрауларын да пайдаланамыз. Сипаттамалары ұқсас адамдарды сегменттер деп аталатын топтарға біріктіріп, бұл топтарды таргеттелген жарнамалар көрсету үшін пайдаланамыз. Сіз туралы ақпарат қай сегментке жататыныңызды және сол арқылы қандай жарнамаларды алатыныңызды анықтау үшін пайдаланылады. Құпиялылықты қамтамасыз ету үшін таргеттелген жарнамалар мақсатты критерийлерге сәйкес келетін адамдар саны 5 000-нан асса ғана көрсетіледі. Сізге сәйкес келетін жарнамаларды анықтау үшін пайдаланылатын ақпарат Apple ID аккаунтыңызбен емес, кездейсоқ идентификатормен байланысты.

«Дербес жарнамалар» реттеуі қосулы болса, Apple компаниясының жарнама платформасы сіз туралы ақпаратты сізге сәйкес келетін жарнамалар көрсету үшін пайдалануы мүмкін. Apple жарнама платформасынан қызығушылықтарыңызға негізделген жарнамалар алғыңыз келмесе, «Дербес жарнамалар» параметрін өшіруге болады. «Дербес жарнамалар» параметрін өшірсеңіз, Apple компаниясы ақпаратыңызды таргеттелген жарнама үшін пайдалана алмайды. Бұдан көрсетілетін жарнамалар саны азаймайды, бірақ сізге қатыссыз жарнамалар көрсетілуі мүмкін.

Apple жарнамасы мен құпиялылығы туралы толығырақ ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: www.apple.com/legal/privacy/data/kz/apple-advertising.

App Store, Apple News және «Акциялар» қолданбаларындағы дербес жарнамалардан бас тарту туралы ақпарат алу үшін support.apple.com/kb/HT202074 мекенжайы бойынша өтіңіз.

Үшінші тараптармен бөлісу

Өнімдеріміз бен сервистерімізді әзірлеу үшін Apple компаниясымен бірге жұмыс істейтін, сондай-ақ маркетингтік қызметті жүргізуге және Apple атынан App Store дүкенінде, Apple News қолданбасында және «Акциялар» қолданбасында көрсетілетін жарнамаларды сатуға көмектесетін стратегиялық серіктестерімізге контентті сатып алу туралы жеке басыңызға қатысы жоқ кейбір деректі беруге міндеттіміз. Мысалы, жеке басыңызға қатысы жоқ деректерді контент иелерімен бөлісуіміз мүмкін. Бұл ақпарат негізінде олар шығармашылық жұмыстарының өнімділігін бағалау, қаламақы төлеу және бухгалтерлік есеп бойынша талаптарды орындау, сондай-ақ өнімдері мен сервистерін жақсарту мүмкіндігіне ие болады.

Жеке деректерді өңдеу үшін қолданылатын құқықтық негіз

Біз «Кітаптар» қолданбасындағы жеке деректеріңізді әдетте Apple компаниясымен келісімшартты орындау, қызмет көрсету үшін қажет болған жағдайда және заңды міндеттемелерімізді орындау үшін өңдейміз. Келісім тиісті заңды негізге сүйенсе, біз оны қолданыстағы жергілікті заңға сәйкес іздейміз.

Қолданыстағы жергілікті заңда қарастырылған жағдайда, біз заңды мүдделеріміз немесе үшінші тараптың мүдделері үшін қажетті жеке деректердің келесі санаттарын өңдейміз, соның ішінде:

  • «Кітаптар» қолданбасын пайдалану тәсіліңіз, соның ішінде сіз пайдаланатын мүмкіндіктер (мысалы, «Оқығым келеді» тізіміне қосатын кітаптар), сіз іздейтін және көретін контент, сіз көз жүгіртіп шыққандар және хабарландырулармен әрекеттесуіңіз
  • Аккаунтыңыз, мысалы, сіздің иелігіңіздегі Apple өнімдері, Apple сервистеріне жазылымдар, сатып алулар мен жүктеп алулар
  • Құрылғыңыздың аппараттық идентификаторы және IP мекенжайы

Бұл заңды мүдделерге мыналар жатады:

  • Сізге және басқаларға арналған сервисті оңтайландыру және жақсарту
  • Талғамыңызға сәйкес контентті табуға көмектесу
  • Сізге Apple Books және сізді қызықтыруы мүмкін басқа да қатысты Apple өнімдері, сервистері мен ұсыныстары туралы хабарламалар жіберу
  • Контент иелеріне есеп беру
  • Алаяқтықтың және басқа зиянды әрекеттердің алдын алу

Деректерді сақтау

Сатып алынған және жүктеп алынған қолданбалармен байланысты жеке деректерді аймаққа байланысты әртүрлі болатын қаржылық есептілікке қатысты қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзім ішінде сақтаймыз. Тұтынушылардың көбісі үшін деректерді сақтау мерзімі кем дегенде 10 жыл құрауы қажет, ал Қытай сияқты аймақтарда бұл мерзім 30 жыл құрауы мүмкін. Сондай-ақ контентті сатып алу және жүктеп алу туралы жазбалар аккаунтыңыз жойылмайынша сақталып тұра береді. Бұл сізге осы контентті қолданыстағы шарттарға сәйкес қайта жүктеп алуға мүмкіндік береді. Интернеттегі белсенділік және іздеу әрекеттері сияқты басқа ақпаратты анағұрлым қысқа мерзім ішінде, көбінесе екі жыл сақтаймыз. Сақтау мерзімі деректерді сақтау бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына, сондай-ақ нақты коммерциялық қолданыс жағдайларына сүйене отырып таңдалады. Алайда карта туралы сақталған мәліметтерден басқа кейбір ақпарат (мысалы, сатып алулар туралы ақпарат) аккаунтты жойғаннан кейін де немесе Apple Books қолданбасын немесе басқа да Apple интернет дүкендерін пайдаланбай кетсеңіз де бухгалтерлік жазбаларда сақталуы мүмкін.

Төлем картасын пайдаланғанда, Apple компаниясы картаңыздың нөмірін және төлеуші туралы ақпаратты болашақтағы сатып алулар, қайталама транзакциялар немесе рұқсат етілген басқа да әрекеттер үшін сақтап, автоматты түрде жаңартуы мүмкін. Apple компаниясы бұл ақпаратты қаржы мекемесінен немесе төлем жүйесінен алып, оны алаяқтықтың алдын алу және деректерді тексеру мақсатында пайдалануы мүмкін.

Алаяқтықтың және басқа зиянды әрекеттердің алдын алу

Сондай-ақ біз Apple Books қолданбасында, басқа Apple интернет дүкендерінде және басқа Apple қолданбалары мен сервистерінде алаяқтықтың және басқа зиянды әрекеттердің алдын алу үшін жеке деректерді жинаймыз. Бұл ақпаратқа құрылғы туралы ақпарат, оның ішінде құрылғы түрі және бағдарламалық жасақтама нұсқасы, геолокация туралы ақпарат (бар болса), жүктеп алу және сатып алу тарихы, сондай-ақ дүкендердегі басқа да әрекеттер кіреді. Қолданба сатып алғанда, Apple компаниясы өзімен әрекеттестік тарихын сұрауды өңдеу және өнімді не сервисті төлем жасау бойынша серіктестің рұқсатын күтпей ұсыну мүмкіндігінің бар-жоғын анықтау үшін пайдалануы мүмкін.

Сондай-ақ сатып алу кезінде, құрылғыны қалай пайдаланатыныңыз туралы ақпаратты, оның ішінде кіріс және шығыс телефон қоңырауларының немесе эл. хаттардың болжалды санын пайдалана отырып, құрылғыңыздағы құрылғының сенімділік индексін есептейміз. Индексті жіберген кезде, Apple компаниясына осы индексті есептеуге негіз болған нақты мәндер берілмейді. Сенімділік индексі серверлерімізде белгілі бір уақыт ішінде сақталады.

Apple компаниясы жинаған ақпарат әрқашан Apple компаниясының құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді

2024 жылғы 21 мамыры