App Store және құпиялылық

Іздеу әрекеттері, интернеттегі белсенділік, сатып алулар мен құрылғының сенімділік индексі дербестендіру, хабарландыруларды жіберу (оның ішінде Apple жарнамасы), дүкенді жақсарту, сондай-ақ алаяқтықтың алдын алу мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
 

App Store дүкені жеке ақпаратыңызды қорғау және бөлісу қажет объектілерді таңдауға жол ашу мақсатында жасалған.

Privacy Icon

  • Сізді App Store дүкені және басқа Apple интернет дүкендері, мысалы, iTunes Store және Apple Books дүкендері арқылы сатып алатын, жүктеп алатын немесе жаңарту қажет контентпен қамтамасыз ету үшін жеке деректеріңізді жинаймыз.
  • Сондай-ақ аккаунтыңыз, дүкендерде сатып алынған және жүктеп алынған заттар туралы ақпаратты App Store, Apple News және «Акциялар» қолданбасында (бар болса) сізге сәйкес келетін жарнамалар ұсыну мақсатында пайдаланамыз. Төменде сипатталғандай, бұл жарнаманың реттеулерін басқаруға болады.
  • Дүкендерде өнімдерді сатып алу, жүктеп алу және басқа да әрекеттер туралы ақпаратты функциялар мен ұсыныстарды дербестендіру және Apple жарнамасы үшін хабарландырулар жіберу мақсатында пайдаланамыз. Бұл деректерді осындай мақсатпен пайдаланудан төменде сипатталғандай бас тартуға болады.
  • Қандай да бір өнімді сатып алған кезде, алаяқтықты анықтау және алдын алу мақсатында құрылғыны қалай пайдаланатыныңыз туралы ақпарат, соның ішінде кіріс және шығыс телефон қоңыраулары мен эл. хабарлардың болжалды саны құрылғының сенімділік индексін есептеу үшін пайдаланылады. Индексті жіберген кезде, Apple компаниясына осы индексті есептеуге негіз болған нақты мәндер берілмейді. Сенімділік индекстері серверлерімізде белгілі бір уақыт ішінде сақталады.
  • Дүкендерді жақсартудың жаңа жолдарын табу мақсатында біз интернеттегі белсенділік, сатып алулар, іздеу әрекеттері және жүктеп алулар туралы ақпаратты пайдаланамыз. App Store дүкеніне немесе Apple басқа интернет дүкендеріне кіргенде, бұл жазбалар IP мекенжайымен, кездейсоқ бірегей идентификатормен (қажет болғанда) және Apple ID аккаунтымен бірге сақталуы мүмкін.

Дүкендер жұмысын қамтамасыз ету

App Store дүкеніндегі және басқа да Apple интернет дүкендеріндегі сервистер мен функцияларды қамтамасыз ету үшін жеке деректеріңізді пайдаланамыз. Бұл ақпарат, мысалы, «Реттеулер» мәзірінде қол жеткізуге және өзгертуге болатын аккаунт пен төлем туралы ақпаратты және сатып алулар тарихын қамтиды.

Сондай-ақ жеке деректеріңізді төлемді қайтару сияқты сұрауларыңыз бойынша белгілі бір қызметтер көрсету мақсатында пайдалануымыз мүмкін. Бұл төлемді қайтару жөніндегі Apple компаниясына тікелей немесе қолданба әзірлеушілері арқылы жіберілетін сұрауларды қамтуы мүмкін. Төлемді қайтару жөніндегі осы сұраулардың өңделуін жылдамдату мақсатында әзірлеушілер сіздің келісіміңізбен белгілі бір жеке деректі, мысалы, сатып алынған затты пайдаланғаныңыз не пайдаланбағаныңыз туралы ақпаратты Apple компаниясына беруі мүмкін.

Қолданбаны App Store дүкенінен жүктеп алғанда немесе Apple Watch сағатына орнатқанда, Apple компаниясы құрылғыңыздың аппараттық идентификаторы және IP мекенжайы сияқты идентификаторларды Apple ID аккаунтыңызбен бірге журналға енгізеді.

Дүкендерді жақсарту

App Store дүкенін және басқа да Apple интернет дүкендерін жақсарту үшін біз дүкендердің қолданысы туралы ақпаратты, оның ішінде App Store дүкенін қашан ашатыныңыз не жабатыныңыз, қандай контентті іздейтініңіз, қандай контентті көріп, жүктеп алатыныңыз және App Store дүкенінің push хабарландырулары мен жапсырмалары бойынша орындалған әрекеттеріңіз, сонымен қатар қолданбаларда App Store дүкенінен келетін хабарлар туралы ақпаратты жинаймыз. Сондай-ақ құрылғыңыз туралы құрылғы түрі, операциялық жүйе нұсқасы және бос орын көлемі сияқты ақпаратты жинаймыз. Бұл ақпаратты сұралған контентті жүктеп алу мүмкіндігінің бар-жоғын бағалау, құрылғының сақтау орнын пайдаланудағы жалпы трендтерді түсіну және құрылғыңыздың Wi-Fi желісіне немесе ұялы байланыс желісіне қосылған-қосылмағанын білу мақсатында пайдалануымыз мүмкін. Мысалы, бұл ақпаратты келесі жолдармен пайдалануымыз мүмкін:

  • Іздеу әрекеттеріңіз туралы деректер ең танымал іздеу нәтижелерін ұсынуға мүмкіндік береді.
  • Қандай контентті қарайтыныңызды немесе жүктеп алатыныңызды білетін болсақ, сізге дербестендірілген функцияларды (мысалы, сізге ұнауы мүмкін ойындар) ұсына аламыз.

Дүкендерді дербестендіру

App Store дүкенінде орындаған әрекеттеріңіз туралы деректерді сізге ең жақсы сәйкес келетін контентті табуға көмектесу мақсатында пайдаланамыз. Мысалы, бұрын App Store дүкенінде ізделген, қаралған, жүктеп алынған, жаңартылған қолданбалар немесе жазылған пікір негізінде сізге ұнауы мүмкін контентті ұсынамыз. Сондай-ақ сатып алулар тарихын, оның ішінде қолданбадағы сатып алулар, жазылымдар мен төлем әдістерін және Apple ID аккаунтыңыздан алынған аккаунт туралы ақпаратты (мысалы, сіз пайдаланған құрылғылар мен сіз белсендірген жаңа құрылғылар) пайдаланамыз. Ұсыныстардың сапасын арттыру үшін аналитикалық деректерін Apple компаниясымен бөлісуге және компанияның қолданбаларға қойылатын бағалар туралы жиынтық ақпаратты жинауына келіскен пайдаланушылардан алынған қолданбаларды ашу, орнату және жою туралы жиынтық ақпаратты да пайдаланамыз. App Store дүкені ақпаратты құрылғыда жергілікті түрде өңдеп, ұсыныстарымыздың сапасын арттырады. Сіз жиі ашатын қолданбалар, белгілі бір қолданбаларда өткізетін уақыт және орнататын және жоятын қолданбалар сияқты құрылғыда сақталатын қолданба қолданысы туралы деректер негізінде App Store дүкені сізге жақсырақ сәйкес келетін қолданбалар мен қолданбадағы оқиғаларды ұсына алады. Дүкендердегі әрекеттеріңіз туралы Apple компаниясы алатын ақпаратқа сіз көретін дербестендірілген контент туралы ақпарат кіреді.

App Store, iTunes Store, Apple TV, Apple Books және «Подкасттар» сервисінде және Apple жазылымдары үшін дербестендіру мүмкіндіктерін өшіруге болады. Ол үшін Apple ID аккаунтыңыздың «Дербестендірілген ұсыныстар» опциясын өшіріңіз. iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғыңызда «Реттеулер» > [атыңыз] > «Медиа және сатып алулар» > «Аккаунтты көру» тармағы арқылы өтіп, «Дербестендірілген ұсыныстар» опциясын түртіп өшіріңіз. Дербестендіру мақсатында құрылғыңызға енгізілген қолданба қолданысы туралы деректерді өшіруге болады. Ол үшін iOS және iPadOS құрылғыларында «Реттеулер» > «App Store» > «Дербестендірілген ұсыныстар» тармағы арқылы өтіп, «Қолданба қолданысы туралы деректерді өшіру» опциясын түртіңіз. Бұл әрекет нәтижесінде құрылғыңызға енгізілген деректер жойылмайды, бірақ қолданба қолданысы туралы деректерді өшірген мезетте енгізілген деректер бұдан былай дербестендіру мақсатында пайдаланылмайды. App Store дүкеніндегі дербестендіру функциялары қолданба қолданысы туралы деректер тарихын өшіргеннен кейін енгізілген жаңа деректерді пайдаланады.

Кері байланыс

Apple компаниясы сізге ұнауы мүмкін App Store дүкені және басқа да Apple өнімдері, сервистері мен ұсыныстары жөнінде ақпарат жіберу үшін Apple компаниясы сіз сатып алған Apple өнімдері және жазылған Apple сервистері сияқты аккаунтыңыз туралы ақпаратты пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ Apple компаниясы App Store дүкеніндегі әрекеттеріңіз туралы ақпаратты сізге App Store дүкенінде қолжетімді жаңа функциялар, контент және ұсыныстар туралы ақпарат жіберу үшін пайдалануы мүмкін.

Эл. пошта арқылы хабарлар тарату
Эл. пошта арқылы хабарлар алуға келіссеңіз, бұл ақпаратты эл. пошта арқылы алуыңыз мүмкін. Эл. пошта параметрлерін өзгертуге және осы эл. хаттарды алудан бас тартуға болады. Ол үшін appleid.apple.com сайтына өту немесе iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғыңызда «Реттеулер» > [атыңыз] > «Жеке ақпарат» > «Байланыс параметрлері» тармағына өту керек.

Push хабарландырулары
Сондай-ақ бұл ақпаратты push хабарландыруы түрінде алуыңыз мүмкін. iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғыңызда хабарландыру параметрлерін жаңарту немесе хабарландырулардан бас тарту үшін «Реттеулер» > «Хабарландырулар» > «App Store» тармағына өтіңіз.

Жарнама

Apple компаниясы жіберетін жарнамалар пайдаланушыларға App Store, Apple News және «Акциялар» сервисіндегі қолданбалар, өнімдер мен сервистер туралы білуге көмектеседі. Біз құрылғыңыз, аккаунтыңыз, сатып алған өнімдер, жазылымдар және бұрын жүктеп алынған қолданбалар туралы ақпаратты жарнамалардың сәйкес болуын қамтамасыз ету мақсатында пайдаланамыз. App Store дүкенінде сізге тиісті жарнамаларды ұсыну үшін контекстік ақпарат, оның ішінде іздеу сұрауларыңыз және сіз қарап отырған веб-бет немесе жүктеліп жатқан қолданба туралы ақпарат пайдаланылуы мүмкін. Сипаттамалары ұқсас адамдарды сегменттер деп аталатын топтарға біріктіріп, бұл топтарды таргеттелген жарнамалар көрсету үшін пайдаланамыз. Сіз туралы ақпарат қай сегментке жататыныңызды және сол арқылы қандай жарнамаларды алатыныңызды анықтау үшін пайдаланылады. Құпиялылықты қамтамасыз ету үшін таргеттелген жарнамалар мақсатты критерийлерге сәйкес келетін адамдар саны 5 000-нан асса ғана көрсетіледі. Сізге сәйкес келетін жарнамаларды анықтау үшін пайдаланылатын ақпарат Apple ID аккаунтыңызбен емес, кездейсоқ идентификатормен байланысты.

App Store дүкенінде сізге жарамды бірнеше жарнаманың ішінен көрсетілетін жарнаманы таңдаған кезде, сізге көбірек сәйкес келетін жарнаманы анықтау үшін жоғарыда аталған ақпаратты, сондай-ақ App Store дүкеніндегі іздеу әрекеттері мен интернеттегі белсенділік деректерін пайдалануымыз мүмкін. App Store дүкеніндегі шолу әрекетіңізге App Store дүкенін шолу кезінде түртіп, көретін контент пен қолданбалар кіреді. Бұл ақпарат басқа пайдаланушылардың деректерімен біріктірілетіндіктен, ол арқылы жеке басыңызды анықтау мүмкін емес. Сондай-ақ біз жиі ашылатын қолданбалар сияқты құрылғыда сақталған ақпаратты пайдалана отырып, көрсетілетін жарнаманы таңдау үшін жергілікті, құрылғыдағы өңделген ақпаратты пайдалануымыз мүмкін. Apple жарнама платформалары қандай жарнамаларды көру үшін түртетініңіз туралы ақпарат алады. Бұл ақпарат Apple ID аккаунтыңызбен емес кездейсоқ идентификатормен байланысты.

App Store дүкенінің геолокацияңызға қол жеткізуіне рұқсат берсеңіз, болжалды геолокацияңыз App Store дүкенінде географиялық тұрғыдан таргеттелген жарнамалар ұсыну үшін пайдаланылуы мүмкін. iOS, iPadOS немесе visionOS құрылғыңызда геолокацияға негізделген функциялардан бас тартуға болады. Ол үшін «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Геолокация сервистері» > «App Store» тармағы арқылы өтіп, «Ешқашан» опциясын түртіңіз.

«Дербес жарнамалар» реттеуі қосулы болса, Apple компаниясының жарнама платформасы сіз туралы ақпаратты сізге сәйкес келетін жарнамалар көрсету үшін пайдалануы мүмкін. Apple жарнама платформасынан қызығушылықтарыңызға негізделген жарнамалар алғыңыз келмесе, «Дербес жарнамалар» параметрін өшіруге болады. «Дербес жарнамалар» параметрін өшірсеңіз, Apple компаниясы ақпаратыңызды таргеттелген жарнама үшін пайдалана алмайды. Бұдан көрсетілетін жарнамалар санын азаймайды, бірақ сізге қатыссыз жарнамалар көрсетілуі мүмкін.

Apple жарнамасы мен құпиялылығы туралы толығырақ ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: www.apple.com/legal/privacy/data/kz/apple-advertising.

App Store, Apple News және «Акциялар» қолданбасындағы дербес жарнамалардан бас тарту әдісі туралы мына сілтемеден біліңіз: support.apple.com/kb/HT202074.

Үшінші тараптармен бөлісу

Өнімдеріміз бен сервистерімізді әзірлеу үшін Apple компаниясымен бірге жұмыс істейтін, сондай-ақ маркетингтік қызметті жүргізуге және Apple атынан App Store дүкенінде, Apple News қолданбасында және «Акциялар» қолданбасында көрсетілетін жарнамаларды сатуға көмектесетін стратегиялық серіктестерімізге жеке басыңызға қатысы жоқ кейбір деректі беруге міндеттіміз. Мысалы, контентті сатып алу туралы жеке басыңызға қатысы жоқ деректерді қолданба әзірлеушілерімен бөлісуіміз мүмкін. Бұл ақпарат негізінде олар шығармашылық жұмыстарының өнімділігін бағалау, қаламақы төлеу және бухгалтерлік есеп бойынша талаптарды орындау, сондай-ақ өнімдері мен қызметтерін жақсарту мүмкіндігіне ие болады.

Әзірлеушілерге ақпаратты өз қолданбаларын басқаруға және жақсартуға көмектесу мақсатында беруіміз мүмкін. Әзірлеушілер ақпаратты бөлісуге көліскен пайдаланушылар беретін ақпаратқа қол жеткізе алады. Деректер пайдаланушылар саны бестен аз болмайтын топтарға қатысты болса, бұл әзірлеушілерге сипаттамалары немесе мінез-құлқы ұқсас пайдаланушылар тобынан жиынтық деректер алуға мүмкіндік береді. Әзірлеушілер App Store дүкеніндегі өнімдер мен қызметтерді сатып алу және оларға жұмсалған қаражатты қайтару кезінде берілген чектегі ақпаратқа қол жеткізе алады. Чектерде жеке деректер болмайды; алайда әзірлеушілер чектердегі деректерді олардың қолданбаларын пайдалану және жүктеп алу нәтижесінде алынған жеке деректермен (мұндай ақпарат берілген болса) байланыстыруға тырысуы мүмкін.

Сонымен қатар қолданба әзірлеушілері ұсынған қолданбадағы контент автоматты түрде жүктеп алынғанда, құрылғыңыздың IP мекенжайы қолданба алғаш рет ашылғанға дейін қолданба әзірлеушісіне көрінетін болады. Қолданба әзірлеушісі алған IP мекенжайының қолданысы сол әзірлеушінің құпиялылық саясатымен реттеледі. Қолданбаны алғаш рет ашпай тұрып, қолданба әзірлеушілері ұсынған контентті автоматты түрде жүктеп алу функциясын өшіру үшін «Реттеулер» > «App Store» тармағына өтіп, «Қолданбадағы контент» функциясын түртіңіз.

Үшінші тарап қолданбасында жазылымды сатып алсаңыз, сіз және әзірлеуші немесе жариялаушы үшін бірегей болатын жазылушы идентификаторын жасаймыз. Жазылушы идентификаторы әзірлеушіге сіз сатып алған жазылым және сіз тұратын ел немесе аймақ туралы ақпаратты қамтитын есептерді ұсыну үшін пайдаланылады. Бұл ақпарат әзірлеушілерге жазылымдарының өнімділігін түсінуі үшін беріледі. Белгілі бір әзірлеушінің барлық жазылымынан бас тартсаңыз және қайта жазылмасаңыз, жазылушы идентификаторын 180 күннен кейін бастапқы күйіне қайтаруға болады.

Жеке деректерді өңдеу үшін қолданылатын құқықтық негіз

Біз App Store дүкеніндегі жеке деректеріңізді әдетте Apple компаниясымен келісімшартты орындау, қызмет көрсету үшін қажет болған жағдайда және заңды міндеттемелерімізді орындау үшін өңдейміз. Келісім тиісті заңды негізге сүйенсе, біз оны қолданыстағы жергілікті заңға сәйкес іздейміз.

Қолданыстағы жергілікті заңда қарастырылған жағдайда, біз заңды мүдделеріміз немесе үшінші тараптың мүдделері үшін қажетті жеке деректерді келесі мақсатпен өңдейміз:

  • Тиісті контентті көрсету, құрылғыңызда сұралған контентті жүктеп алуға бос орынның жеткілікті болған-болмағанын бағалау және жаңартылған контенттің автоматты түрде жүктеп алынуын жеңілдету
  • Сізге және басқаларға арналған App Store дүкенін жақсартуға және оңтайландыруға көмектесу
  • Эл. пошта және push хабарландырулары арқылы сізді қызықтыруы мүмкін ұсыныстарды жіберу, сондай-ақ App Store, Apple News және «Акциялар» қолданбаларында жарнамаларды көрсету үшін сегменттер жасау
  • Төлемді қайтару сұрауларын өңдеу
  • Әзірлеушілерге қолданбаларындағы сатып алулар туралы есеп беру
  • Алаяқтықтың және басқа зиянды әрекеттердің алдын алу

Пайдаланылған деректер мыналарды қамтиды:

  • App Store қолданбасын пайдалану тәсіліңіз, мысалы, сіз іздеген, көрген, жүктеп алған және сатып алған контентпен өзара әрекеттесу, сондай-ақ App Store хабарландырулары және қолданбадағы хабарландырулар мен хабарлар
  • Құрылғыңыз бен аккаунтыңыз туралы мәліметтер
  • IP мекенжайыңыз
  • Құрылғының сенім көрсеткіші

Деректерді сақтау

App Store дүкенінде және Apple интернет дүкендерінде сатып алынған және жүктеп алынған қолданбалармен байланысты жеке деректерді аймаққа байланысты әртүрлі болатын қаржылық есептілікке қатысты қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзім ішінде сақтаймыз. Тұтынушылардың көбісі үшін деректерді сақтау мерзімі кем дегенде 10 жыл құрауы қажет, ал Қытай сияқты аймақтарда бұл мерзім 30 жыл құрауы мүмкін. Сондай-ақ контентті сатып алу және жүктеп алу туралы жазбалар аккаунтыңыз жойылмайынша сақталып тұра береді. Бұл сізге осы контентті қолданыстағы шарттарға сәйкес қайта жүктеп алуға мүмкіндік береді. Интернеттегі белсенділік және іздеу әрекеттері сияқты басқа ақпаратты анағұрлым қысқа мерзім ішінде сақтаймыз. Сақтау мерзімі деректерді сақтау бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына, сондай-ақ нақты коммерциялық қолданыс жағдайларына сүйене отырып таңдалады. Алайда (карта туралы сақталған мәліметтерден басқа) сатып алулар туралы ақпарат сияқты кейбір ақпарат аккаунтты жойғаннан кейін немесе App Store дүкенін пайдаланбай кетсеңіз де бухгалтерлік жазбаларда сақталуы мүмкін.

Төлем картасын пайдаланғанда, Apple компаниясы картаңыздың нөмірін және төлеуші туралы ақпаратты болашақтағы сатып алулар, қайталама транзакциялар немесе рұқсат етілген басқа да әрекеттер үшін сақтап, автоматты түрде жаңартуы мүмкін. Apple компаниясы бұл ақпаратты қаржы мекемесінен немесе төлем жүйесінен алып, оны алаяқтықтың алдын алу және деректерді тексеру мақсатында пайдалануы мүмкін.

Алаяқтықтың және басқа зиянды әрекеттердің алдын алу

Сондай-ақ біз App Store дүкенінде, басқа Apple интернет дүкендерінде және басқа Apple қолданбалары мен сервистерінде алаяқтықтың және басқа зиянды әрекеттердің алдын алу үшін жеке деректерді жинаймыз. Бұл ақпаратқа құрылғы туралы ақпарат, оның ішінде құрылғы түрі және бағдарламалық жасақтама нұсқасы, геолокация туралы ақпарат (бар болса), жүктеп алу және сатып алу тарихы, іздеу әрекеттері, сондай-ақ дүкендердегі басқа да әрекеттер кіреді. Қолданба сатып алғанда, Apple компаниясы өзімен әрекеттестік тарихын сұрауды өңдеу және өнімді не сервисті төлем жасау бойынша серіктестің рұқсатын күтпей ұсыну мүмкіндігінің бар-жоғын анықтау үшін пайдалануы мүмкін.

Сондай-ақ сатып алу кезінде, құрылғыны қалай пайдаланатыныңыз туралы ақпаратты, оның ішінде кіріс және шығыс телефон қоңырауларының немесе эл. хаттардың болжалды санын пайдалана отырып, құрылғыңыздағы құрылғының сенімділік индексін есептейміз. Индексті жіберген кезде, Apple компаниясына осы индексті есептеуге негіз болған мәндер берілмейді. Сенімділік индексі серверлерімізде белгілі бір уақыт ішінде сақталады.

Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy) сәйкес өңделеді

2024 жылғы 5 наурызы