Қолданба аналитикасы және құпиялылық

«Аналитика» функциясы жеке ақпаратыңызды қорғау және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беру мақсатында жасалған.

Қолданба аналитикасы

Apple серіктестері мен басқа әзірлеушілерге Apple өнімдерімен бірге пайдалану үшін жасалған қолданбаларын және басқа ұқсас қолданбаларын жақсартуға көмектесу, сондай-ақ аналитикалық және статистикалық деректер негізінде жеке басыңызды анықтау мүмкін болмаған жағдайда серіктес немесе әзірлеуші қолданбасын қалай пайдаланатыныңыз туралы статистика жасау үшін Apple компаниясы мұндай серіктестерге немесе әзірлеушілерге олардың қолданбасына, өніміне немесе сервисіне қатысты аналитикалық деректер жинағын бере алады.

Үшінші тарап әзірлеушілерімен ақау туралы деректерді және қолданбаларды пайдалану статистикасын бөліспеуге болады. Бұл үшін «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Аналитика және жақсартулар» тармағын ашып, «Қолданба әзірлеушілермен бөлісу» параметрін өшіріңіз. «iPhone және Apple Watch аналитикасын бөлісу» өшірулі болса, үшінші тарап әзірлеушілерімен ақаулар туралы деректер мен статистиканы бөлісу автоматты түрде өшіріледі.

Бұл функцияларды қолдана отырып, жоғарыда аталған барлық ақпаратты Apple және оның еншілес кәсіпорындары мен агенттеріне беруге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және пайдалануға келісім бересіз.

Apple компаниясы жинаған ақпарат Apple компаниясының құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді

2023 жылғы 18 қыркүйек