Кеңейтілген дерек қорғанысының аналитикасы және құпиялылық

Кеңейтілген дерек қорғанысын қосқан кезде, Apple компаниясы функцияны пайдалануға және аккаунты қалпына келтіру туралы ақпаратқа қатысты шектеулі ақпаратты жинайды. Бұл ақпарат Apple ID аккаунтыңызбен байланыстырылады және функцияны жақсарту және аккаунт пен деректерді қалпына келтіру процестерінің сенімділігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
 

Кеңейтілген дерек қорғанысы Apple компаниясының бұлттық деректер қауіпсіздігінің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін өтпелі шифрлауды пайдаланады және жеке ақпаратыңызды қорғауға арналған.

Privacy Icon

  • Кеңейтілген дерек қорғанысы iCloud деректеріңіздің басым бөлігінің шифрын тек сенімді құрылғылардан шешуге болатынын қамтамасыз ету үшін өтпелі шифрлауды пайдаланады.
  • Кеңейтілген дерек қорғанысын қосу үшін қалпына келтіру кілтін және/немесе бір немесе бірнеше қалпына келтіру контактісін орнату керек. Apple компаниясының деректеріңізді қалпына келтіруге қажетті кілттері болмағандықтан, деректеріңізге қол жеткізу мүмкіндігін жоғалтсаңыз, оларды қайтаруға тек аккаунтты қалпына келтіру әдістері көмектесе алады.
  • Деректерді қалпына келтірудің маңыздылығы сонша, «Кеңейтілген дерек қорғанысы» функциясын қоссаңыз, Apple компаниясы осы функцияны пайдалануыңыз және аккаунтты қалпына келтіру әдістерімен әрекеттесуіңіз туралы ақпаратты, сондай‑ақ аккаунт және деректерді қалпына келтіру процестерінің сенімділігін жақсарту және қамтамасыз ету мақсатында шифрлау кілттерін өңдеу туралы шектеулі ақпаратты жинайды.

Біз ұсынатын сервистерді жақсарту үшін тек қажетті деректерді жинауға бар күшімізді саламыз. Саналы шешім қабылдауыңыз үшін, деректерді жинаған кезде оларды жинау туралы, сондай-ақ жинау себебі туралы хабардар етеміз. Кеңейтілген дерек қорғанысы басқа да Apple өнімдері мен сервистері сияқты осы қағидаларға негізделіп жасалған.

iCloud үшін кеңейтілген дерек қорғанысы — бұл iCloud деректеріңіздің басым бөлігі үшін өтпелі шифрлауды ұсына отырып, Apple компаниясының бұлттық деректер қауіпсіздігінің ең жоғары деңгейін ұсынатын қосымша реттеу. Құпиясөздерді, iCloud кілттер жинағын және «Денсаулық» қолданбасының деректерін қоса алғанда, iCloud сервисінде деректердің маңызды санаттары әрқашан өтпелі шифрлау арқылы қорғалған. Ал «Кеңейтілген дерек қорғанысы» функциясы iCloud сақтық көшірмелерін, ескертпелерді, фотоларды және т.б. қоса, өтпелі шифрлау арқылы деректердің қосымша санаттарын қорғайды.

Кеңейтілген дерек қорғанысы қосылған кезде, Apple компаниясында өтпелі шифрлаумен қорғалған деректеріңізді қалпына келтіруге көмектесетін шифрлау кілттері болмайды. Аккаунтыңызға кіре алмай қалсаңыз, iCloud деректеріңізді қалпына келтіру үшін аккаунтты қалпына келтіру әдістерінің бірін (құрылғыңыздың құпиякоды немесе құпиясөзі, қалпына келтіру контактісі немесе қалпына келтіру кілті) пайдалану қажет болады. Apple бұл деректерге қол жеткізе алмайды. iCloud деректеріңіздің басым бөлігі өтпелі шифрлау арқылы қорғалатындықтан, кеңейтілген дерек қорғанысын қоспас бұрын сізге кемінде бір қалпына келтіру контактісін немесе қалпына келтіру кілтін орнату нұсқаулығы беріледі.

Аккаунт және деректерді қалпына келтіру процестерінің сенімділігін жақсарту және қамтамасыз ету үшін кеңейтілген дерек қорғанысын қосқан кезде Apple сіздің Apple ID аккаунтыңызбен байланысты белгілі бір шектеулі ақпаратты жинайды, оның ішінде:

  • Кеңейтілген дерек қорғанысын қосу немесе өшіру бойынша сәтті немесе сәтсіз әрекеттер жиілігі.
  • Apple ID аккаунтына кіргенде, сізге жақын басқа құрылғыңызды пайдаланып жаңа құрылғыны орнатқанда, Apple ID реттеулерін жаңартқанда және деректеріңізге қол жеткізу үшін аккаунт аутентификациясын орындаған кезде кездесетін сәтті немесе сәтсіз әрекеттердің барысы мен саны.
  • Қалпына келтіру контактілерін жасау және пайдалану тиімділігі мен сенімділігін көрсететін оқиғалар, соның ішінде қалпына келтіру контактісін тағайындаған кезде және оны деректеріңізге кіру рұқсатын қалпына келтіру үшін пайдаланған кезде, қалпына келтіру контактілерін жасау кезіндегі сіздің әрекеттеріңіз. Apple компаниясы қалпына келтіру контактілеріңізді білмейді немесе оларға қол жеткізу рұқсаты жоқ.
  • Қалпына келтіру кілттерін жасаудың және пайдаланудың тиімділігі мен сенімділігін көрсететін оқиғалар, оның ішінде қалпына келтіру кілтін жасау процесі кезіндегі сіздің әрекеттеріңіз, сондай‑ақ деректеріңізге кіру рұқсатын қалпына келтіру үшін қалпына келтіру кілтін пайдалану процесіне байланысты оқиғалар. Apple компаниясы қалпына келтіру кілтіңізді білмейді немесе оған қол жеткізу рұқсаты жоқ.
  • Деректеріңізге қол жеткізуді қалпына келтіру үшін құрылғы құпиякодын немесе құпиясөзін пайдаланудың тиімділігі мен сенімділігін көрсететін оқиғалар, соның ішінде сіз білетін құпиякодтарды пайдаланып деректерді қалпына келтірудің сәтті немесе сәтсіз әрекеттерінің жиілігі, сондай‑ақ құпиякодты пайдаланған кездегі деректерді қалпына келтіру процедурасының орындалу барысы мен қалпына келтіру кезіндегі сіздің әрекеттеріңіз. Apple компаниясы құрылғыңыздың құпиякодын немесе құпиясөзін білмейді немесе оған қол жеткізу рұқсаты жоқ.
  • Кеңейтілген дерек қорғанысын қосқанда немесе өшіргенде құрылғыңызда шифрлау кілттері қалай өңделетіні туралы деректер, соның ішінде шифрлау кілттерін пайдалану жиілігі және аккаунт пен деректерді қалпына келтіру бойынша сәтсіз әрекеттердің нәтижелерін анықтау үшін барлық iCloud дерегіңізді бастапқы күйге қайтару және жою процесіне қатысты оқиғалар.

Жеке деректерді өңдеу үшін қолданылатын құқықтық негіз

Біз жеке деректеріңізді әдетте Apple компаниясымен келісімшартты орындау, қызмет көрсету үшін қажет болған жағдайда және заңды міндеттемелерімізді орындау үшін өңдейміз. Келісім тиісті заңды негізге сүйенсе, біз оны қолданыстағы заңға сәйкес іздейміз.

Деректерді сақтау

Apple жеке деректерді тек жинау мақсаттарын орындау үшін қажет болғанша, соның ішінде осы хабарламада сипатталғандай және Apple құпиялылық саясатына сәйкес немесе заң талап еткендей сақтайды. Сақтау мерзімдерін бағалау кезінде алдымен жиналған жеке деректерді сақтау қажет пе, жоқ па, соны мұқият тексереміз және сақтау қажет болса, жеке деректерді заңмен рұқсат етілген ең қысқа заңды мерзім ішінде сақтау үшін жұмыс істейміз.

Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy сайтында берілген) сәйкес өңделеді

2023 жылғы 18 қыркүйек