Белсенділік деректерін бөлісу және құпиялылық

Жаттығу түрлері мен атаулары, белсенді калория немесе килоджоуль, жаттығу минуты, дененің құрысын жазу немесе қозғалыс кезіндегі сағаттар мен уақыт белдеуі сияқты белсенділік деректері таңдаған адамдарыңызға қауіпсіз түрде жіберіледі.
 

«Белсенділік» қолданбасы жеке ақпаратыңызды қорғайтындай және бөлісу қажет объектілерді таңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

Privacy Icon

  • Достарыңызбен бөлісетін жаттығу мен белсенділік туралы деректер мыналарды қамтуы мүмкін: белсенді калория немесе килоджоуль, жаттығу минуты, дененің құрысын жазу немесе қозғалыс кезіндегі сағаттар мен уақыт белдеуі туралы, сондай-ақ жаттығу атауы, түрі мен ұзақтығы туралы ақпарат.
  • iCloud аккаунтыңызбен байланысты эл. пошта мекенжайы сіз шақырған немесе сізді шақырған барлық адамға көрінеді.
  • Бұл функцияны пайдаланған кезде, жаттығулар мен белсенділік туралы деректеріңіз сіз таңдаған пайдаланушылармен қауіпсіз түрде бөлісу үшін Apple компаниясына жіберіледі. Apple компаниясы жаттығу мен белсенділік туралы деректеріңізді қысқа уақыт ішінде сақтайды және оларды тек сіз таңдаған адамдарға жіберу үшін пайдаланады.

Достарыңызбен бөлісетін жаттығу мен белсенділік туралы деректер мыналарды қамтуы мүмкін: белсенді калория немесе килоджоуль, жаттығу минуты, дененің құрысын жазу немесе қозғалыс кезіндегі сағаттар мен уақыт белдеуі (достарыңыз күніңіздің қашан басталатынын білу үшін), жаттығу атауы, түрі мен ұзақтығы туралы ақпарат, сондай-ақ ақпарат алынған үшінші тарап қолданбасының атауы. Жаттығу атауы немесе жаттықтырушының аты сияқты жаттығу туралы мәліметтерде жаттығуыңыз жөніндегі құпия ақпарат (мысалы, аяғы ауырларға арналған жаттығу) болуы мүмкін. Сондай-ақ достарыңыз белсенділікпен және жаттығулармен байланысты жетістіктеріңіз туралы хабарландырулар алуы мүмкін. Бұл ақпарат достарыңызға қысқа уақыт ішінде қолжетімді болады. «Бөлісу» бөліміндегі «Досты жою» функциясы арқылы досты кез келген уақытта жоюға болады. «Белсенділігімді жасыру» параметрі арқылы досыңыздан белсенділігіңізді кез келген уақытта жасыруға болады.

iCloud аккаунтыңызбен байланысты эл. пошта мекенжайы сіз шақырған немесе сізді шақырған барлық адамға көрінеді.

Бұл функцияны пайдаланған кезде, жаттығулар мен белсенділік туралы деректеріңіз сіз таңдаған пайдаланушылармен қауіпсіз түрде бөлісу үшін Apple компаниясына жіберіледі. Apple компаниясы жаттығу мен белсенділік туралы деректеріңізді қысқа уақыт ішінде сақтайды және оларды тек сіз таңдаған адамдарға жіберу үшін пайдаланады. Белсенділік туралы деректеріңізді бөлісетін достар тізімі iCloud аккаунтыңызбен байланыстырылған және оларды кез келген басқа iOS құрылғысында iCloud аккаунтыңызбен кіріп, қалпына келтіруге болады.

Apple жеке деректерді жинау мақсаттарын орындау үшін қажет болғанша, соның ішінде осы хабарламада сипатталғандай және Apple құпиялылық саясатына сәйкес немесе заң талап еткендей ғана сақтайды. Сақтау мерзімдерін бағалау кезінде алдымен жиналған жеке деректерді сақтау қажет пе, жоқ па, соны мұқият тексереміз және сақтау қажет болса, жеке деректерді заңмен рұқсат етілген ең қысқа мерзім ішінде сақтау үшін жұмыс істейміз.

Apple жинаған ақпарат әрқашан Apple құпиялылық саясатына (www.apple.com/privacy) сәйкес өңделеді

2022 жылғы 12 желтоқсан